Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері


Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері

Сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты
Білімділік : XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көпатылғанхалықжербетіндекемде-кем. Оныңащыақиқатекендігініздеубарысындакөзжеткізу.Алғанбілімдітерендету, дамыту, мұғалімніңкөмегінсізоқыпүйрену.Еліміздіңталайқырылып, талайқиыншылықтыбасынанөткеріпжеткенінтүсіндіру. 
Дамытушылық:Дайындереккөздерін,  сызбалардыпайдаланаотырып, сабақтыңмазмұнынашабілудағдыларын  қалыптастыру. Сын тұрғысынанойлап, әртүрлітапсырмалардыорындайбілулерінебағыт беру.
Тәрбиелік:   ОқушылардыңОтанға, елге,туғанжергедегенмақтанышсезімдерін туғызу. 
11сынып. Қазақстан тарихы пәнінің “ Саяси  қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері” тақырыбы бойынша  оқушылардың оқудағы жетістігін бағалау критерийлері 
Критерий  А
Терминдермен  жұмыс  жасап, анықтамасын бере алады
Жылдарды ажыратып, нақты болған оқиға уақытын біледі
Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдерін  көрсете алады
Критерий   В
Ұлы адамдардың  өмірбаянынан  мағлұмат келтіру , оларға баға бере алады
Саяси қуғын –сүргіннің  сипатын, барысын, нәтижесін   түсіндіре алады
Жазалау лагерлері туралы  мағлұматтамен  жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді
Критерий С
Фактілермен  жұмыс жасай алады
Тақырыпқа қатысты сандық мәліметтерді саралай біледі
Ұлы адамдарға  жеке қасиеттеріне  толық сипаттама жасап, тұжырым 
жасай біледі
Сабақ барысындағы толық тапсырмаларды орындап, алған білімі негізінде 
өзіндік қорытынды  жасай біледі
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар 
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы , саяси қуғын -сүргіннің құрбаны болған қоғам қайраткерлерінің  фотосуреттері, буклет, видеопроектор, компьютер,  слайд, А 3 қағаз, фламастер 
Сабақтың   жоспары 
      1. Сталин және тоталитарлық режім . 
2. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы.
3. Қазақстанның  “лагерлік  өлкеге ” айналуы.
4. Саяси қуғын -сүргіннің құрбан болған  қоғам қайраткерлері 
5. Саяси  қуғын – сүргіннің  нәтижесі  
Терминдерменжұмыс
Тоталитарлықрежім
Саяси репрессия 
Геноцид 
Тоталитарлық  режім  - Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында  шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі. 
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары 
Геноцид– бір халықты  және ұлтты   жойып жіберу саясаты.
Сталин шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович , 1879 жылы 12 желтоқсанда  Тифлис маңындағы ауылда етікшіВиссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағыныңбатыры, генералиссимусы, маршалы, Лениннің үміт  артқан  үзеңгілестерінің бірі . Сталин 3 рет Ленин орденімен , 2 рет “жеңіс орденімен”, Социалистік Еңбек  Ері және Кеңес Одағының  Батыры тағымен марапатталған.Астыртын  қызмет барысында  бірнеше рет тұтқынға алынып, , Шығыс Сібірге  жер аударылды. Айдаудан 1917ж Ақпан революциясынан кейін  оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына  Және “Правда” редакциясына енді.
Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі – Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан. ІІ Николай патшаның отбасын жазалағанда оның қатыгездігінен тіпті өз қаруластары  қатты шошынған. 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Голощекин ұлтымыздың тең жартысын аштан қырды. Осы қылмысы үшін жазаланудың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңесінің бас мемлекеттік төрешісі болып таға¬йындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесіл¬ген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.
Саяси қуғын  – сүргіннің  себебі, сипаты, барысы 
“Корзина идей” стратегиясы 
І- топ  себебі, сипаты 
ІІ- топ  барысы 
Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:
Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады. 
Мақсаты: 
- отаршылдық салдарын жою
- саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру
- тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру 
- Статистикалық мәлімет 
- Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам  сталиндік  репрессия құрбаны болған.  Олардың 500 мыңы  атылса , қалғандары
- 25 жылға дейін бас бостандықтарынан  айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз  қуғындалған адам ақталды. Олардыңішінде қазақстанға жер аударылғандар бар. 
Саяси қуғын-сүргін сипаттары:
- 1921 – 23 жылдарда  малды тартып алу 
- малдан айырылудың кесірінен болған аштық
- шаруалар  көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан
- бай –кулактарды  жою, олардың мүліктерін  
тәркілеу және жер аудару 
- 1923-33 жж  арлығындағы дін өкілдерін жазалау 
- халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес
Сұрақтар: 1937-1938жж репрессияға ұшыраған алаштың біртуар азаматтарын ата?
1937-1938жж репрессияға ұшырағандарға тағылған айып түрлері ? 
Айып түрлері :
- халық жауы
- Отанына опасыздық жасағандар
- шпиондар
- сатқын
- буржуазияшыл -ұлтшыл
Сұрақтар: Жазаның түрлерін ата ? 
Жаза түрлері  
1. Жаппай өлім жазасына кесу
2. Түрмеге қамау
3. Тұтас жер аудару
4.  Қылмыстық істерді  қолдану
5. Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау
Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық ҚазақстандағыҚарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды .
СТЕПЛАГ — «халықжауларына» арналғанерекше лагерь. 1940 жылыКеңгірөзенініңжағасындабұрынғы пионер лагерініңорнынан КСРО ішкіістерхалықкомиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазғанлагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылыҮлкенЖезқазғанныңіскеқосылғанжәнесалыныпжатқанбөлімдерініңбәрі НКВД-ныңқарауынаберіліп, ол «НКВД Жезқазғанеңбекпентүзеу лагерь-комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ депаталды. СТЕПЛАГ-тыңбастыміндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арадасалыпбітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуіріненбастапжұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарындалагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардыңішінде 1830-ы төңкеріскеқарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм жәнекісіөлтіргені, 108-і шекаранырұқсатсызөткені, армияданқашқанжәнеәскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандарнегізіненкінәсізжұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлержәне НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарғаеңбеккүшікерекболғандықтанқамалғанадамдарболды. Соғыстанкейінлагерьге 12 мыңКеңестұтқындарына 8 мыңғажуықсоғыстақолғатүскеннемістер мен жапондықтаркеліп қосылды. Лагерь үшнегізгібөлімшедентұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.
Жұмысыныңауырлығы, лагерь ішіндегіқатаңтәртіпжағынанСтеплагбасқалагерьлерден де асыпкетті. Бірақадамтөзгісізауыркаторгалық еңбек, аштық, жалаңаштық, ауру, мыңдаған адамдардың өлімітұтқындардыңеңсесінбасып, рухынжасытаалмады. КСРО-ныңбарлықлагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіпотырды. Лагерьлержүйесіндееңкөлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындаркөтерілісі осы СТЕПЛАГ-та болды.
Алжир . Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған  «Отаның  сатқандардың әйелдері  азап  шекті. Сотталған аналар орналасқан лагерьді  көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. .
Салыстыру
Бекіту кезеңі:
Кеңес билігінің тұсында құғын – сүргіннің  қайталанып отыруының себебі неде деп ойлайсыңдар? 
Қазақстанның  құқығы жоқ мемлекет болғандығын неден дәлелдеуге болады?
Кері байланыс 
1. Бүгінгі сабақта мен үшін жаңа болған идеялар
2. Маған ұнаған идеялар
3. Менің көңілімнен шықпаған тұстары
Үй тапсырмасы : Эссе жазу 
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін  зардаптары, "Алаш " партиясының 
 қоғам қайраткерлері туралы мағлұмат жинау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты. Халықтар депортациясы
Сыр қойнауынан шыққан тарихи тұлға – Жүсіпов Қожамжар
Саяси қуғын сүргін және халықтар депортациясы
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезіндегі Қазақстан
Кеңес одағы
1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
1930 жылдардағы аштық, шаруалар көтерілістері
1930 жылдардағы саяси өмір
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 22802 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык