Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 4240 |
|
|
|
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Мақсаты: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы мәлімет беру.
Міндеті: 1) білімділік: Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы, экономиканың соғыс жағдайына бейімделіп құрылуы, Мәскеу мен Ленинград үшін шайқас, оны қорғаған қазақстандық батырлар туралы мағлұмат беру.
2) тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа және қазақстандық батырлар ерліктерін құрметтеу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3) дамытушылық: Оқушыларға Отан соғысына қатысты сюжетті тарихи фактілер арқылы ой өрісін дамыту. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І тапсырма
1. Қазақ ұлттық театры қай жылы құрылды? – 1926 жыл қаңтар
2. Қазақ ұлттық театры қайда құрылды? – Қызылорда
3. Қазақ ұлттық театрын кім басқарды? – Жұмат Шанин 4.Алғашқы прьемералар қандай спектакль? - М.Әуезов «Еңлік - Кебек»
5. КСРО халық артисі кімдер? –Ш.Айманов, С.Майқанова
6. Қай жерде қандай театр ашылды? – 1933 жылы қыркүйекте Республикалық орыс драма театры ашылды. 1933 жылы Алматыда ұйғыр музыкалық драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры, Шымкентте өзбек, Петропавлда татар театры ашылды. ІІ тапсырма Драматургия өнері туралы кестені толтыр:
Р/с Жазушылар Пьсалар
1 М.Әуезов «Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан»
2 Б.Майлин «Жалбыр»
3 Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»
4 С.Мұқанов «Күрес күндерінде»
5 Ж.Аймауытов «Мансапқорлар»
6 С.Сейфуллин «Қызыл сұңқарлар»
ІІІ тапсырма
Музыка
1) А.Затаевич кім?
2) Ә.Қашаубаев кім? реферат 3) А.Жұбанов кім?
IV тапсырма
Құпия санды табу.
Кино өнері
1) Қазақ артистері қатысқан, қазақ тақырыбына қойылған алғашқы фильмдерді ата?
1. Дала әуендері (1930) 2. Жут (1931) 3. Қаратау құпиялары (1932) 4. Жау соқпақтары (1935)
2)Ұлттық кино өнерінің алғашқы туындысы?
1. «Аманкелді» көркем фильмі
3. Қай жылы қандай кино студияда шығарылды
1. (Ленфильм киностудиясы 1938)
Бейнелеу өнері
Р/с Суретшілер Туындылары
1 Әбілхан Қастеев «Ескі және жаңа тұрмыс»
2 П.Г.Хлудов «Байдың қоныс аударуы»
Құпия сан: 1941-1945 жылдар
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары
1) Қазақстанның соғысқа қатысуы 2) Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына бейімделіп құрылуы 3) Мәскеу мен Ленинград үшін шайқас
2) 1940 жылы 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Мақсаты : КСРО-ға қарсы соғыс ашу. - Қауырт соғыс идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау; – Фашистер жоспары бойынша КСРО сансыз көп ұлттық жасанды және тұрақсыз бірлестігі; – Ішкі бірліктен жұрдай этностық құрылды – Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және азық - түлік базасын жасау ; – Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа түсіру. 1941 жылы 22 маусым - Ұлы Отан соғысы басталды. Армия қатарына 1 млн 196164 қазақстандық қосылып әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып, ҚҚ КСР- нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден 27 әскери оқу орны көшіріліп әкелінді. 16 мың офицер даярлап шығарылды. 1941-1945 жылы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақтар жіберілді. 2) Экономикалық соғысқа бейімдеп қайта құру соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы соғыс жағдайына көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жуық қаржы мейлінше қысқартылды. 3) Мәскеу түбінде генерал майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін шайқасты И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық пен қаөармандық көрсетті. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б.Момышұлы былай деп жазды. «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады, біздің үрейімізді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол Отанға деген сүйіспеншілік». Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасына қатысқан Кеңес Одағының Батыры партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов оққа өз кеудесін тосып қаза тапты.
3) Тапсырмалар
Бекіту сұрақтары
V. Үйге тапсырма «Ешкімде ешқашан да ұмытылмайды»тақырыпта эссе жазу
VI. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |