Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда


Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда

Сабақтың тақырыбы Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, Ленинград және Мәскеу үшін шайқастардағы қазақстандық батырлардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру. 
Дамытушылық: Күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, іскерлігі мен ізденгіштік қабілеттерін арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, батырлардың ерлігін үлгі тұтуға үйрету, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, Қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, «Түртіп алу» стратегиясы, «Фишбан» әдісі, Венн диаграммасы, «Куббизм» стратегиясы, модельдеу, топтастыру стратегиясы
 
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, ерлік туралы жазылған плакаттар, сурет көрмесі, портреттер, карта
 
Сабақтың барысы
 
1.Ұйымдастыру кезеңі
                                              а) оқушылармен амандасу,түгелдеу
                                              ә) зейіндерін сабаққа аудару
 
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тақырып мазмұнын сұрау, «Куббизм» стратегиясын арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру. 
 
3. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі
Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Фижбон» әдісін қолданып, қорытындылау
 
4. Жаңа білімге дайындық кезеңі.
Оқушылар Ұлы Отан сағысында шайқастардың негізгі ошақтары қай қалада болды?
 
5. Жаңа білімді игеру кезеңі
 
Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес әскері кейін шегініп, Украина, Беларуссия, ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағы түгел дерлік жау қолында қалды.
Соғыстың алғашқы кездерінде сәтсіздіктерге ұшырады. Оның басты себебінің бірін қазіргі тарихшылар 1937-1938 жылдардағы Сталиннің бұйрығымен болған репрессиямен байланыстырады. Сол кезде ең таңдаулы, білімді офицерлер атылған болатын. Соның салдарынан мықты әскери командирлер аз болды.
 
 
Мәскеу үшін  шайқас
Мәскеу алаңындағы күрес 1941 жылы қарашада басталды. Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Оны генерал-майор И. В. Панфилов басқарды. Панфилов қаза тапқаннан кейін оның жауынгерлерін «панфиловшылар» деп атады. Осы шайқаста 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қаншама әскерден тек 28 батыр аман қалып, жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты. Осы ротаның жетекшісі В.Г. Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жлқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейін бүкіл елге рух берді. осы 28 панфиловшылардың барлығын Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
Бұл Мәскеу үшін шайқаста біздің еліміздің батыры, аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальион жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Олар жауды 1942 жылы қаңтарда астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ленинград үшін шайқас.
Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті.
1941 жылы 8 қыркүйек айынан 1943 жылы 18 қаңтарға дейін фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда Кеңес әскері бұл әрекетке тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады. Фашистер аштықтан, суықтан қалтыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық-түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек бір ғана жол арқылы байланыс жасады, мұны жау күтпеген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналары азық-түлік, оқ-дәрі тасыды. Қайтар жолда қарттарды, ауру балаларды алып қайтатын. Жол күндіз-түні күзетіліп, жауға берілмеді.
1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін шайқаста аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде алтын әріптермен мәңгі қалды.
Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып, Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағанбетов пен 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен Бақтыораз Бейсекбаев ерлігі ұмытылмақ емес.  
Сабақтың мазмұнын топтастыру стратегиясы арқылы ашуға арналған тірек сызбалары:
 
6. Білімді тұрақтандыру кезеңі
1. Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында «ВЕНН» диаграммасы арқылы Мәскеу және Ленинград шайқастарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтып, диаграмманы толтыру.
2. Сабақта кездесетін «түртіп алу» стратегиясы бойынша терминдерді жазып отыру. 
 
7.Жаңа материалды бекіту және оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Бекіту сұрақтары:
1. Мәскеу түбінде 28 батырдың көрсеткен ерлігін әңгімелеп бер.
2. «Өмір жолы» туралы әңгімелеп бер.
3. Ұлы Отан соғысыда асқан ерлік көрсеткен қазақ батырлары туралы не білесің?
 
Сабақты қорытып, «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнін орындау.
 
8.Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеңі.
Тақырыпты оқып, мазмұнын айту. Ерлік, батырлық, отансүйгіштік деген сөздерге түсінік беру.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Балама хат» Ж.Жабаев.
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 32195 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык