Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің Елбасы


Біздің Елбасы

Сабақ тақырыбы Біздің Елбасы

Сабақ  мақсаты :
Білімдік : Оқушыларға Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә . Назарбаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру , елбасының қоғамға  және мемлекетке  сіңірген еңбегі , экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып , тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып , талдауға үйрету , білім алуға құштарлығын арттыру . Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту .
Тәрбиелік :.Елбасының халқына сіңірген еңбегін , ерлігін , жүргізген саясатын үлгі ету , оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды
сіңіріп ,толерантылыққа бейімдеу. Туған жерге , отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
А) ұлттық тәрбие беру 
Ә) саяси тәрбие беру 
Б ) патриотизмге тәрбиелеу 
Сабақ түрі :.Конференция сабақ
Сабақ әдісі : Дөңгелек – үстел түрінде .Ауызша баяндау , сұрақ – жауап
әдісі , топпен жұмыс , диаграмалармен, кестелермен , тірек -сызбалармен жұмыс , топтастыру стратегиясы 
Сабақ көрнекіліктері :  Елбасының суреті , карта , тірек – сызбалар , кесте .
Пәнаралық байланыс :.Жалпы тарих , Қазақ әдебиеті . География . Адам және қоғам .
Қосымша материалдар  мен  пайдаланылған әдебиеттер :
1.Жалпы тарих және Қазақстан тарихы - әдістемелік журналдары
2. «Қазақстан » энциклопедиясы
3 . «Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасы
4. Н. Ә .Назарбаев «Тарих толқынында»
5 . Н. Ә . Назарбаев «Әділеттің ақ жолы »
6 . Махмұт Қасымбеков , «Елін сүйген , елі сүйген елбасы»
7. Ольга Видова «Нурсултан Назарбаев – портрет человека и политика»
8. Егеменді Қазақстан – газетінің материалдары .
9 . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 
 
Сабақ барысы :
І-Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу , конференцияға дайындығын тексеру . Оқушыларды дөңгелек үстелге төрт топқа бөліп отырғызу .
                 1. Тарихшылар тобы
                 2. Экономистер тобы
                 3. Саясатшылар тобы
                 4. Мәдениеттанушылар тобы .
 
  ІІ –  Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сұрақтар қою .
  ІІІ – Конференция сабақты өткізу . 
  ІҮ – Бекіту сұрақтары . 
  Ү – Сабақты қорыту.
  ҮІ – Үйге тапсырма .
 
ІІ – Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру .
1 . Қазақстан қай құрлықта орналасқан .
2 . Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орнында .
3 . Орта ғасырда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды .
4. Қазақтар қай тілдес халық ?
5. Қазақстанда неше облыс бар ?
6. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев қай жерде туды .
7 . Қазақстанның мемлекеттік тілі ?
8 . Ұлттық валюта қай жылы енгізілді ?
9 . Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді ?
10. Астана қаласы қай жылы Қазақстанның астанасы болды ?
11 . Қазақ елімен көршілес елдерді ата ? 
12 . Түркияның алғашқы президенті ?
13. Қазақстан қай жылы БҰҰ – ның мүшесі болды ?
14 . Конституциямыз қай жылы , қай айда қабылданды ?
15 . Қазақстандағы саны жағынан  ең үлкен партия ? 
 
ІІІ – Конфенция сабақты өткізу
 
             1 .Ой шақыру стратегиясы .
Мұғалім : Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес , әлем таныған саяси тұлға . Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр . Бүгінгі конференциямызда елбасы туралы жан – жақты танысатын боламыз .
 
              2 . Ой қозғау стратегиясы .
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі , саясаттағы , экономикадағы , мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз береміз .
 
 Тарихшылар :
                              Мемлекетіміздің  басшысы   Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
1940 жылы Жетісу жерінде , яғни Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында  туған . Елбасының атасы Назарбай өз аймағында билік жжүргізген , қолында мөрі болған , ел басқарған адам екен . Шамалған , Қаскелең , Үшқоңыр жайлауы деген жерлерді қоныс қылып мекендеген . Назарбай ақсақал – елді отырықшылыққа икемдеп , жерге тұрақтандыруға көп көңіл аударған адам екен.Елбасының әкесі Әбіш – Назарбай ақсақалдың кенжесі болған .Назарбайұлы Әбіш , қазақ халқының атақты батыры Қарасайдың жетінші ұрпағы .Болашақ мемлекет басшысының атын Нұрсұлтан деп , әжесі Тәтебала , қасиетті Құраннан алып қойыпты . Қасиетті Құран – Кәрімде Нұр деген сөз Құдайдың 99 атының бірі екен , ал сұлтан дегеніміз  Шығыстың ел басқарған адамдары.
Орта мектеп бітіргеннен кейін, 1958жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды  металлургия комбинатында жұмыс істеді . Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін 1970 жылы Теміртау қаласының партия комитетінде басшылық қызмет атқарды . Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қарапайым жұмыскер болып , одан кейін, Қарағанды облысының комсомол және партия салаларының басшылығында жұмыс атқарған кезде , болашақ елбасы арқашанда адал , қажырлы , еңбекқұмар , жан-жақты білімді азамат болған . Өндірістік , экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі , халықпен тіл табыса алуы өз көзқарасын қорғай білуі , Н.Ә Назарбаевтың қызметінің өсуін тездетті
                Н. Ә. Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясының хатшысы , ал 1984 жылдан еліміздің Министрлер кеңесінің төрағасы болды . Қазақстан Республикасының үкіметін басқарған кезде , көптеген өнеркәсіп орындарының іске қосылуын және ауылды дамыту үшін көптеген іс – шаралар жүргізді .1989 жылы Қазақстан Компартиясының 
1- хатшылығына сайланып , елді басқара бастады . 1990 жылы Қазақ КСР – інің президенті болып сайланды . Сол кезеңде елімізде өте қиын жағдай қалыптаса бастады . Қазақ елі бағынып тұрған КСРО мемлекеті құлдырап,
күйрей бастады .   1991 жылы 1- желтоқсанда Н. Ә . Назарбаев бүкіл халықтың дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды . Еліміздің өтпелі де , ауыр кезеңінде Елбасы көптеген әлеуметтік , экономикалық және саяси реформалар жүргізіп қоғамызды тығырықтан алып шыға білді . 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет басшысы тынымсыз еңбек етіп , қаншама жұмыс істеді . Тұтас мемлекетті қалыптастырды , басқару жүйесін реттеді , шекарамызды нығайтты , халықтың жағдайын түзеді . 
                   1997 жыл «Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасын  
      қабылдап , қоғам мен мемлекеттің ұзақ жылдық  дамуын айқындап берді .  
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы және 
     2005 жылғы президент сайлауына түсіп , көп дауыспен жеңіске жетіп 
     отырды .  Халқымыз елбасыны айрықша жақсы көріп құрмет тұттады .
 
 
 
 
 
 
Тарихшылар тобына сұрақтар :
 
1. Елбасының  «Қазақстан - 2030» стратегиясы неше басымдықтан тұрады
2. КСРО мемлекеті қай жылы құлап , ТМД ұйымы қай жылы құрылды ?
3. Семей ядролық полигоны жабылған жыл ? .
4. Қазақтың алғашқы хандары ?
5. Астанадағы президент резиденциясы қалай аталады ? 
     6 . КСРО елін басқарған партия 
     7 . Парламент неше палатадан тұрады ?
     8 . Қазақстанда қандай үлкен өзендер бар ?
     Тарихшылар тобы жасаған хроногиялық кесте 
1940 жылы Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә . Назарбаев дүниеге келді 
1958 жылы Н. Ә. Назарбаев  орта мектепті бітіріп , Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатында жұмысқа тұрды 
1958 жылы Украйнада Днепродзержинск қаласында техникалық училищеге оқуға түсті 
1962-1965 жылдары Қарағанды политехникалық институтын оқыды .
1971-1984 жылдары Қарағанда облысында партия және комсомол ұйымдарының хатшысы болып істеді .
1984-1989 жылдары Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР – нің үкіметінің төрағасы болды 
1989-1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының 1- хатшысы болды 
1990 жылы Қазақ КСР – нің Жоғары Кеңесінің сайлауымен 
Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР – нің президенті болды .
1991 жылы Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды 
1997 жылы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасын қабылдайды 
1999 жылы Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев тағы да 
мемлекет басшылығына сайланды
2005 жылы Бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Елбасына халық тағы сенім көрсетіп , Н.Ә : Назарбаев Президент болып сайланды
 
Экономистер :
 
              Мемлекетіміздің соңғы жылдардағы экономикасының шапшаң дамуына елбасының еңбегі айрықша зор . Себебі , өткен ғасырдың 90 жылдары Кеңес Одағы құлап , еліміз орасан зор экономикалық қиындыққа ұшыраған кезде мемлекет басшысы ,  ештеңеден қорықпай тәуекелге бел байлап  экономикалық реформалар жүргізе білді . Қазақстан сол кездері КСРО – ның қол астындағы шикізат беруші артта қалған ел болған еді . Барлығы мемлекет қолында болған әміршіл - әкімшіл жүйеге сүйенген жабық қоғам болды . Елбасының тікелей инциативасымен , әкімшіл - әміршілдік экономикадан - нарықтық экономикаға , жабық елден ашық қоғам құруға кірісті. 1995 жылдың қаңтардан 1995 жылғы қарашаға дейін тікелей президенттің қатысуымен 147 нарықтық заңдар шығарылды . Сол заңдардың арқасында ел экономикасы жекшелендірілді , елге шетел инвестициясы кеңінен тартылды . Өтпелі 90 жылдары төмендегідей заңдар қабылданды «Жекешелендіру туралы » , «Салық кодексі» , «Орташа кәсіпорындар» , «Жер туралы» , «Шетел инвестициясы туралы» ,
«Меншік туралы» т.б экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылданды .
                 Елбасы Қазақстанның экономикасымен , бірге халықтың әлеуметтік жағдайынада көп көңіл бөліп отырды . Зейнетақы , жалақы және жәрдемақы уақытында беріліп отырды және жылдан – жылға өсуде . Қазақ елінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы «Қазақстан - 2030» бағдарламасында кең орын алған . Президентіміз өз бағдарламасында экономикаға үшінші басымдық бере отырып , экономиканы дамытуға және реттеп отыруға мемлекеттің белсенді рөл атқаруын қолдай отырып , бірақ мемлекет органдарының , ел экономикасына жөнсіз араласқанын қолдамайтынын атап көрсетті . «Қазақстан - 2030» - стратегиялық бағдарламасында – нарықтық экономиканы тұрақтандырып дамыта беру , кәсіпкерлерге несие беру , теңгені тұрақты ұстап тұру ,озық технологияны тарту ,  инфляциямен күрес , шетел капиталын тарту мәселелері жан- жақты атап көрсетілді .Мысал ретінде  Президентіміздің экономикалық және әлеуметтік реформаларының нәтижесінде , қазіргі кезде Қазақстан Республикасы жақсы дамыған нарықтық экономикасы бар елге айналып келеді . Өте қуатты кәсіпкерлер мен фермерлер табы қалыптасты . Шетелден елімізге , әлемге танымал корпорациялар  мен фирмалар келіп жұмыс істеуде . Қазақстан кәсіпкерлеріде басқа елдерге инвестиция салып жұмыс істеуде .
                  Соңғы жылдары әлемді экономикалық дағдарыс жайлады . 
       Бірақта Қазақстан үкіметі дағдарыстың алдын алу үшін ,   елбасы
 Н. Ә . Назарбаевтың басшылығымен тынымсыз жұмыс жүргізді . Осының арқасында ел экономикасына әлемдік дағдарыс онша қауіп төндірмей отыр .
 
Экономистер тобына сұрақтар беру :
 
1 . Қазақстан КСРО тұсында экономикасы қандай түрде болды ?
2 . Елімізде экономикалық реформалар қай жылы басталды ?
3 . Қазақстанда шетелдің қандай компаниялары жұмыс істеуде :
4 . Импорт – экспорт дегеніміз не ?
5 . Ата заңымыз бойынша елімізде меншіктің қандай түрлері рұқсат етілген ?
6 . Инвестиция , капитал дегеніміз не ?
7 . Қазақстанда экономиканың қай саласы күшті дамыған ?
8 . Еліміздің қандай банкілерін білесіңдер ?
 
 
                         Экономистер тобы жасаған  диаграмма .
 
Саясатшылар :
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы және ішкі саясатта данышпан да , алғыр саясатшы ретінде әлемге кеңінен танымал адам . Президентіміздің жүргізіп отырған сараптал саясатының арқасында еліміз тыныш жағдайда өмір сүріп жатыр . Ұлттық қауіпсіздік , ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық – мемлекетіміздің  және елбасының ең басты саясаты болып отыр . «Қазақстан – 2030 » - стратегиялық бағдарламысында , мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев – ұлттық қауіпсіздік мәселесіне бірінші басымдық беріп отыр . Себебі адамзат баласында мемлекет алға басу үшін ең бірінші соғыс болмау керек , елде тыныштық болуы шарт . Елде тыныштық болу үшін Нұрсұлтан Әбішұлы сыртқы және ішкі саясаты өте дұрыс жүргізіп отыр .
Қазақстан сыртқы саясатта барлық елдермен тату – тәтті саясаты жүргізіп отыр . Қазақстан тәуелсіздікті бейбіт жолмен алғаннан кейін , әлем елдерімен көпвекторлы саясат ұстанды . 1993 жылы Қазақстан елі , Лиссабон хаттамасына қол қойып ядролық қарудан бас тартып , әлемге үлгі көрсетті . Барлық әлем елдеріне президентіміз өзара достық қарым – қатынас жасауға , бейбітшілік саясат жүргізуге шақыруда . Қазақстан сыртқы саясатта бірнеше елдермен көпвекторлы татулық саясат ұстанып отыр . Бұл елдер :
1. Ресей бастаған ТМД елдері
2. Түркия , Иран , араб елдері
3. АҚШ , Еуропадағы Батыс елдері
4. Қытай , Жапония , Корея бастаған Шығыс Азия елдері
Мемлекет басшысы ішкі саясатқада көп көңіл бөлуде . Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан , елбасы ұлттар арасындағы татулықты қолдап отыр . Қазақстандағы барлық ұлттар Ата заңымыз бойынша тең құқықты , өз тілдерінде сөйлеуге, өз діндерін ұстауға , өз мәдениеттерін дамытуға барлық рұқсат берілген . Елімізде Қазақстан халықтар ассамблеясы жұмыс істеуде , көптеген ұлттық - мәдени орталықтар еркін жұмыс істеп тұр . Қазақстан мемлекетінің негізін құраушы халық ретінде қазақ халқының тілі ,діні , мәдениетінің дамуына елбасы зор көңіл бөлуде.
    Н.Ә. Назарбаевтың тікелей ықпалымен отаршылдық саясаттың кесірінен
    жойылып кете жаздаған  қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп , 
   қазақ тілінде көптеген мектептер ашылды . Қазақ тілі қоғамы жұмыс істеп ,   
   басқа ұлттың өкілдері қазақ тілін үйренуде . Мемлекет басшысы дінаралық
   татулыққада барынша қолдауда . Елімізде мешіттер , шіркеулер ашылып
   жұмыс істеуде . Қазақ халқы мұсылман дінін ұстанғандықтан , ислам 
   дінінің қазақ елінде жан – жақты дамуына , халқымыздың имандылыққа 
   беттеуіне көп көңіл бөлінуде .Елбасы мемлекетімізді және қоғамызды 
   біртіндеп демократияландырып келе жатыр . Бұған дәлел Парламенттің 
   билігі мен саяси маңызы күшеюде , елімізде көптеген саяси және қоғамдық 
   ұйымдар еркін жұмыс істеп жатыр . 
 
Саясатшылар тобына сұрақтар :
 
1 . Қазақстанда қандай халықтар тұрады және олар қандай діндерді ұстайды ?
2 . Орташа тап деген не ?
3 . Қоғамызда жиі айтылатын толеранттық , көпвекторлы саясат , демократия деген сөздердің мағынасын түсіндіру . 
4 . Қазақстан әлемдік қандай ұйымдарға толыққанды мүше болып отыр ?
5 . Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші қай ел таныды ?
6 . Әлемде қандай діндер бар ?
7 . Түркі тілдес елдерді атаңдар ?
8  . ХХ ғасырдағы  Қазақ елінің астаналары ?
 
 
Саясатшылар жасаған кесте 
 
 
Елбасының сыртқы және ішкі саясаты .
1 . Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау
2 . Ұлттар арасындағы келісім
3 . Мәдениетті , тілді өркендету
4. Дінаралық келісімді орнату
5. Қоғамды демократияландыру
6 . Нарықтық экономиканы одан әрі дамыту . 
7 . Басқару аппаратын жетілдіру
8 . Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту .
9 . Білім , денсаулық , экологияны жақсарту
10 . Құқықты және зайырлы мемлекет орнықтыру 
1 . Бейбіт қатар өмір сүру 
2 . Көпвекторлы саясат
3 . Шетел капиталын тарту
4 . Ядролық қарудан бас тарту
5. Көрші елдермен достық қатынас 
6 . Гуманитарлық байланыс
7 . Түркі тілдес елдермен мәдени және саяси байланысты күшейту 
8 . ТМД елдерімен кедендік және әскери одақ құру 
9 . Әлемдік ұйымдарға мүше болу 
 
Мәдениеттанушылар :
 
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ елінде мәдениет саласында үлкен өзгерістерді басынан кешті . Халқымыз өз тілін , дінін , төл мәдениетін дамытуға кірісті . Мәдени мұраларымыз , салт – дәстүріміз қайта зереленіп , тарихи тұлғаларымыз халқымен қайта қауышты . Еліміздің ғалымдары қазақ елінің өткенін зерттеп , көптеген ақтаңдақтарды ашты . Елбасының тікелей қолдауымен көптеген тарихи даталармен қатар , ұлы тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталып өтілді . Қаныш Сәтпаевтың , Жамбыл Жабаевтың , Абайдың , Алаш оқығандарының  , қазақ батырларының т.б . тойлары аталып өтілді , олардың рухани мұралары зерделенді . Қазақ хандығының орта ғасырдағы астанасы болған қасиетті Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы аталып өтіліп , осы мерейтойда «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йассауи » тақырыбында ғылыми – практикалық конференция ұйымдастырылды .Тәуелсіздік нәтижесінде  тарихи атаулар қайтарылды , көптеген қала атаулары , көше аттары қазақыланды . Елбасының қолдауымен Тәуелсіздік монументі және Астанада Кенесары , Абылайхан ,Төле би , Қазыбек би , Әйтеке би , Алматыда Жамбыл Жабаевтың т.б тарихи тұлғалардың ескерткіштері ашылды . 
               2003-2005 жылдары қазақ – американ кинематографистері «Көшпелілер» кинофильмін түсірді . Бұл кино қазақ мәдениетінде үлкен орын алды . «Көшпелілер» фильмін түсіруге тікелей Елбасының өзі қатысып отырды . Бұл кино Абылайхан бабамызға арналған еді . 
                Елбасымыз мәдениет , әдебиет қайраткерлерімен жиі кездесіп , олармен пікірлесіп отырады . Халқымыздың қаламгерлері Ақселеу Сейдімбеков , Төлен Әбдіков , Әзілхан Нұршайықов  т.б әдебиет қайраткелерімен Елбасы шығармашылық байланыста қатынасып отырады .
                 Жаңа заманға қадам басқан сайын қоғамызда білім мен ғылым саласыда өзгерістерге ұшырауда . Елбасының тапсырмасымен жаңадан ғылым және білім туралы заңдар қабылданды . Білім саласы жаңа заманға бейімделіп үлкен өзгерістерге ұшырауда . 
                Мәдени ескеркіштердің көбеюіне Астана қаласыда үлкен өзгрістер жасауда . Астанада тамаша мәдени ескерткіштер – Ақорда , Бәйтерек , Конгресс – Холл т.б еліміздің мақтанышына айналды . Мәдени ғимараттарды көруге Астанамызға мыңдаған адамдар жан – жақтан ағылып келіп жатады . Қазақстанның елордасы Астананы салу , президенттің тікелей еңбегі деп білеміз . Соңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып , осының арқасында қаншама тарихи – мәдени байлығымызды зерделеп жинап алдық .
 
Мәдениеттанушылар тобына сұрақтар :      
 
1 . Елбасының өзі шығарған қай әндерді білесіңдер ?
2 . Астана қаласында қандай мәдени орындар бар ?
3 . ХХ ғ . өмір сүрген атақты қазақ жазушылар .
4 . Мәдени мұра бағдарламасы деген не ?
5 . Қазақтың ұлттық салт дәстүрлерінен не білесіңдер ? 
6 . Ежелгі қазақ қалаларын атаңдар ?
7 . Тұңғыш қазақ киносы ?      
 
ІҮ . Бекіту сұрақтары .
1 . Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды ?
2 . Н . Ә. Назарбаев қай жылы қай жерде дүниеге келді ?
3 . 1991 ж . 1- желтоқсанда не болды ?
4 . Елбасының қандай әндерін білесіңдер ?
5 . Елбасы жас кезінде қай жерде жұмыс істеді ?
6 . «Қазақстан -2030» неше басымдықтан тұрады ?
7 . Елбасының биылғы жолдауы қалай аталады ?
 
Топтастыру стратегиясы(Үлгермеуші оқушымен жұмыс)
Ү . Сабақты қорыту .
Оқушыларды бағалау , конференция жұмысын қортындылау .
ҮІ . Үйге тапсырма .
 Үйге тапсырма ретінде Елбасыға арнап өлең шығарып келу және «Елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта әңгіме құрастыру . 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
Елбасы тартуы.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
Қазақстан-Егемен мемлекет
Қазақстан-Егемен мемлекет
Ұлт мақтанышы - Президент
Елбасы - ел мақтанышы
« Елі сүйген ер »
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9352 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык