|
|
Жоңғар хандығы
Сабақтың тақырыбы Жоңғар хандығы
Сабақтың мақсаты:
1. ХҮІІ ғасырда Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстырып, хандықтың саяси-әлеуметтік жағдайына сипаттама беру. Жоңғарлардың жүргізген соғыстарының басқыншылық сипатына оқушылардың назарын аударып
2. Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясатының мазмұнын ашып көрсету.
3. Қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербеастігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлтжанды жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Мағынаны тану арқылы оқушыларды зерттеу.
Көрнекілігі: карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қытайды маньчжурлардың басып алуына қандай жағдайлар себеп болды?
Цин империясының мемлекеттік құрылысы қандай болды?
Қандай себептерге байланысты қытайды басып алған маньчжур билеушілері соғыстар жүргізді?
Қай уақытта және қандай оқиғалардан соң қазақ-қытай байланыстары дами бастады?
Қытай экономикасының қандай салалары жақсы дамыды?
ХҮІІІ ғасырда Қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?
Ірі сауда орталықтары болған қалаларды атаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Жоңғар хандығының құрылуы.
2. Жоңғар хандығының саяси-әлеуметтік дамуы.
3. Жоңғарлардың басқыншылық соғыстары.
4. Жоңғар хандығының Қытаймен, Ресеймен, Қазақ хандығымен жүргізген саясаты.
5. Жоңғар хандығының күйреуі.
Маңызды оқиғалар:
1635ж.- Жоңғар мемлекетінің негізі қаланды.
ХҮІІ ғ. 40-ж.- Жоңғарлардың қазақ хандығына шабуылы.
1678 ж. –Шығыс Түркістанды бағындырды.
1681-1684 жж.-Жоңғарлар қазақ жеріне екі үлкен жорық жасады.
1755-1757 жж. – Жоңғар хандығының талқандалуы
ІҮ. Сабақты бекіту: «Иә-жоқ» ойыны
1. ХҮІІ ғасырда Монғол жерінде қандай хандықтар өмір сүрді?
2. Жоңғар қандығы қай кезде, неліктен күшейді?
3. Қазақ-жоңғар соғыстарының салдары неге соқтырды?
4. Жоңғар хандығының жойылып кетуіне қандай оқиға себеп болды?
5. Цин империясы Жоңғар хандығының өмір сүруіннеліктен қаламады?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |