Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Түркия



Сабақтың тақырыбы Түркия

Сабақтың мақсаты:
 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары  сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін,  негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал  саяси  басшылығында  ұлттық  буржуазия  топтары  тұрғанын  ашып  көрсету;
 Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
 Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған,  ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызбалар, бейнематериал.
Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
 «Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін  түсінуге бастайтын кілт сол»  деп  тарихшы Е.Бекмаханов  айтқандай  сіздер тарих сабағына келдіңіздер! Ассалаумағалейкүм!
Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді?
 Тарихтың қай кезеңіндеміз?
 Қазіргі дүниежүзі тарихы нешеге бөлінеді?
 2001 жылы АҚШ-та теракті болды. Бұл терактіні АҚШ кімнен көрді?
 Ал Ауғанстан мен Иран туралы не білеміз? 
    Өткен сабақта өтілген Ауғанстан мен Иранның  1918-1939 жылдар аралығындағы тарихын білу мақсатында   Пресс конференция  ұйымдастырғалы отырмын.
Баспасөз конф-циясының қонақтары төмендегі ғалымдар мен тарихшылар.
 Олар: ...........................................................................................................
     Бүгін біздің конференцияда «Жас тарихшы», «Шұғыла», «Ақ жол», «Ар-Ай», «Білім шуағы», «Алтын шырақ» т.б. ауданның, облыстың газет-журналдарының тілшілері, журналистері қонақта. Ғалымдардан Ауғанстан мен Иранның 1918-1939 жылдардағы    тарихын біле аласыздар.
Мысалы: 
 Иранның астанасын атаңыз?
 Ауғанстанның астанасын атаңыз?
 1917 жылы  Иранды кімдер басып алды?
 Көшек хан кім?
 Көшек хан мен  Орыс әскерлері қалай жолықты?
 Иранда Гилян Республикасы қашан құрылды?
 Ол қашан Кеңестік республика болып аталды?
 Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси-экономикалық дамуы туралы айтсаңыздар. Атап айтсақ,  Каджар әулеті қай жылы не үшін биліктен кетті.
 «Шахривар оқиғасының» дамуына не себеп болды?
 Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады, және не себепті жақтады.
 Ауғанстанның астанасы қай қала?
 Аманулла хан үкімет басына қай жылы келді? 
 Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?
 Нәдіршах әулетінің  Ауғанстанда билік еткен мерзімін анықтаңдар
 Жаңа сабаққа көшу: /Бейнематериал көрсетіледі/
 Балалар, бейнематериал не туралы айтпақшы?
 «Түрік» сөзі естілгенде ең бірінші ойымызға не оралады?
 Сендер өздеріңді түріктер қатарына жатқызасыңдар ма?
 Түркияны қай қырынан танисыңдар?
 Сендер үшін  Түркия қандай ел? Жағымды ма, жағымсыз ба?
 Астанасы қай қала?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы.
 Түркия өз халқының қамын ойламай Германия блогын жақтап, әділетсіз соғысқа килікті.
 Германия империялистерінің саяси және экономикалық  үстемдігін жақтырмаған  халық бұқарасы 1916-1917 жылдары майдан шебін тастап, елге қашты.
 Соғыстан жеңілгеннен кейін Түркия жеріне Антанта тобының әскерлері енгізіліп, маңызды аймақтарды  басып алды. Жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті.
 Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор мен дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймағын басып алды.
 Соғыс соңында Ресей тұтқыныда болған 80 мыңнан астам түрік солдаттары еліне қайтарылды. Және елге оралысымен  халықты тәуелсіздік үшін күреске  жұмылдырды.
2. Құқық қорғау ұйымдарын құру
 1918-1923 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында     « Құқық қорғау ұйымдары» атты буржуазиялық патриоттық ұйымдар болды.
 1919 жылы осындай бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын Анадолыдан келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды.
 1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиналысы (парламент)шақырылып,Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығын жариялады.
3. 1921-1922 жылдардағы Ресей-Түркия келісімдері.
• 1920 жылы Мәскеуге елші жіберіп, 1921 жылы 16 наурызда Кеңес-Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды
• Кеңестік Ресей үкіметі революцияшыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару-жарақ, оқ-дәрі    жеткізетін болды.
4. Сакария шайқасы
 1921 жылы   наурызда Түркия армиясы гректердің басқыншы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды.
 1921 жылы 23 тамыз-13 қыркүйек  күндері Сакария өзенінің бойынша шешуші жайқас болып, Мұстафа әскерлері жеңіске жетіп, 1922 жылы Анадолы аймағын гректерден тазартты.
 Италия мен Франция әскерлері де елден шығарылды.
 1922 жылы  Түркияның ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жойып, империяның ақырғы сұлтаны Ү мехмед елден қуылды.
 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна қаласындағы халықаралық конференция
5. Ұлт-азаттық күрестің маңызы
6. Кемал үкіметінің реформалары. /оқушыларға/
7. 1930 жылғы Түркия республикасының беделінің тұрақтануы.
8. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы  Түркия.
Терминдермен жұмыс.
Негізгі оқиғалары:
• 1918-1923 жылдар-Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
• 1881-1938 жылдар-М.Кемал патша
• 1921 жылғы 16 наурыздағы Түркия-Ресей келісімі
• 1922 жылғы қарашада сұлтан билігін жою туралы заңның қабылдануы.
• 1924 жылғы 20 сәуірде жаңа Конституция қабылданды.
• 1932 жылы Түркия республикасы Ұлтар Лигасына  қабылданды.
Сабақты бекіту:  
1. «Оқушыларды үш топқа бөліп, төмендегі тапсырмаларды беремін.
І топқа . Мына жылдарға түсінік беріңдер
1)1818-1923 жылдар
2)1881-1938 жылдар
3)1911-1913 жылдар
ІІ топқа. Мына жылдары Түркия республикасында қандай заңдар қабылданды
1)1924 жылғы
2)1925 жылғы
3)1926 жылғы
ІІ топқа. Мына даталардың маңыздылығы неде?
1)1923 жылғы 29 қазан-
2) 1923 жылғы 13 қазан-
3)1924 жылғы 3 наурыз-
1924 жылғы 20 сәуір-
1934 жылғы 24 қараша-
1936 жылғы-
Үш топқа қойылатын сұрақ. Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге болады ма?
Бағалау: Үйге тапсырма: §16 –тың соңындағы 1,4,5-сұрақтарға дайындалу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үндістан және Азия елдері
Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері
Жапония
Қытай, Моңғолия
Үндістан
Иран, Ауғанстан
Азиядағы араб елдері
Иран. Ауғанстан
Түркия
Қазақстандағы азамат соғысы (1918-1920 жж)
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9278 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык