Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 15882 |
|
|
|
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы
Мақсаты:
Білімділік.Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері жөнінде оқушыларға толық түсінік беру,ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: Түркі этнонимінің пайда болуы жөнінде тоқтала отырып, түркі тектес халықтардың қоныстанған аумағы және түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде оқушыларға тиянақты білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқын құрметтеп, пір тұтып сыйлауға тәрбиелеу.
II Көрнекілігі: кесте, карта, интерактивті тақта.
III Түрі: Ашық сабақ.
IV Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,пікір -алмасу, тапсырмаларды орындату.
V Қолданған әдебиет: Қазақстан тарихы 2-том, әдістеме, оқулық.
VI Пәнаралық байланыс: әдебиет,құқық.
VII Сабақ мазмұны.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын сұрау.
3. Жаңа сабақ мазмұны.
Жоспар.
1* Қазақ халқының қалыптасуы.
2* «Қазақ» сөзінің шығуы.
3 * Жүздер.
4 * Алаш туралы түсінік қалыптастыру.
5 * Дүние жүзіндегі қазақтар.
1. Қазақ халқының қалыптасуы.
* Қазақ халқының қалыптасу үрдісі б.з.б II-I мыңжылдықтан басталады.
XIII-XIV ғасырларда Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы,Ноғай ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.
• XV ғасырда қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуын тездетті.
• Қазақ халқының қалыптасуы XIV-XV ғ.ғ аяқталды.
• Тілі-түркі тілі.
• Нәсілі-монғолоидтықтың оңтүстік сібір тобы.
2. Негізгі бөлім.
Сыныпты 3- топқа бөліп топтастырып үш жүзге тақырыпты бөліп беру.
1. Ұлы жүз- «Қазақ» атауының шығу тарихы.
2. Орта жүз- «Алаш» атауының мағынасы туралы түсінік беру.
3. Кіші жүз- Жүздердің пайда болуы.
Сұрақ-жауап кезеңі.
«Қазақ» сөзінің шығу тегі .
Ғалымдар. Еңбектері мен пікірлері
Көптеген ғалымдар «Қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д 7-6 ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен «сақ», «қаз», «қас-пи», «хаз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.
Академик Н.Я Мар чех ғалымы Б.Грозный, академик Ә.Х Марғұлан, тарихшы Ш. Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б қолдайды. «Қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» сөздері дейді.
А.Н. Бернштам «Қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.
Академик В.В Радлов. «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, еркті адамдар деп жазады.
А.А. Самойлович, Ш.Құдайбердіұлы «Қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел, болып, еркін жүрген халық деп жазды.
М.Х.Дулати Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған деді.
2. Құрбанғали Халидтің ел ішінде сақталған мына бір шумақта:
Алаш,Алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Қазақ, халмақ, ноғайлар,
Бәрі сонда бір болған,-
нені нұсқап тұр соған талдау жасап көрейік.
3.Қазақ халқын жүзге бөліп басқарған оны сіздер білесіздер жүздердің шығу тарихына сипаттама беріңіздер?
«Жүз» сөзі. Арабтардың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді.
«Жүз» сөзі. Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.
«Жүз» сөзі. Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады
«Жүз» сөзі. С.А. Аманжолов: «Жүздер X-XII» ғасырларда пайда болды»,-дейді
«Жүз» сөзі. Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда»,-дейді.
Жүздер.
4. Жүздердің орналасқан жерін, құрамына кірген ру-тайпаларын атап көрсетіңіздер?
Ұлы жүз- Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
Рулары-үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңлы,сіргелі, ысты, ошақты.
Орта жүз-Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан.
Рулары-қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ,т.б.
Кіші жүз- Батыс қазақстан.
Рулары-үш негізгі одақтан тұрды: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы.
5.Қазіргі дүние жүзінде қанша қазақ халқы бар, оларды қалай топтастыруға болады?
Диаспара мәліметі бойынша дүние жүзіндегі қазақтар.
6.Қазіргі дүние жүзіндегі қазақтар.
Егер Қазақстаннан тыс жерде 4 млн 500 мың адам өмір сүріп жатса, оның 800 мыңы диаспара болып саналады. Ал 3 млн 700 мыңы қазақ ирреданталары болып есептеледі.
XIX ғ соңында 100 мыңға жуық қазақтар шетелдердің құрамында қалған.
7. Қосымша дерек.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Тарыдай шашылған қазағым.
* 1911 ж Қытайға жер аударылып барған қазақтар саны 224900 адамға жеткен.
* 1916 ж шілдеде Семей облысынан 10 болыстың қазақтары қытай жеріне ауа кетеді.Яғни 150 мыңы асып кетеді.
* Орыстың жазалау отрядынан қашқан 300 мыңнан астам қазақтар құлжа мен қашқар жеріне барып паналайды.
* 1930-1933 ж 1 млн 300 адам сыртқа ауып кетеді. Оның 414 мыңы қайта оралады.616 мыңы шет елдерде мүлде қалып қояды.700 мың қазақ Монғолияға,Ауғаныстан, Иран, Қытай, жерлерінде қалады. Қазір Стамбулда 200-ге жуық қазақ өмір сүріп жатыр.Иранда 400 отбасы тұрады.АҚШ- та 15 отбасы, Францияда 100 ге жуық отбасы тұрады.
8 . Қорытынды . Сәйкестендіру тест.
Ш.Ш.Уәлиханов Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.
Алаш Үйсін, Болат, Алшын.
Қазақ Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс.
М.Х.Дулати «Ол қазақтар өздері көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын сақтау үшін үш жүзден одақтар құрған»,-дейді.
Ой толғау.
Қазақ халқы қандай халық деп ойлайсыздар?
Үйге тапсырма. Қайталау. Оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |