Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 7924 |
|
|
|
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының басқару жүйесі, ханның сайлану дәстүрі мен қазақ халқының әлеуметтік құрамын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін дамыту, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: танымдық
Сабақтың әдістері: Ауызша баяндау сұрақ-жауап, сызбамен жұмыс
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың сабаққа әзірлігі, өткізу барысымен таныстыру.
ІІ. 1. Үй тапсырмасымен жұмыс.
1. Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466)
2. Қазақ хандығының ең алғаш ту тіккен жері? (Қозыбасы)
3. Қазақ хандығын құрған сұлтандар? (Керей мен Жәнібек)
4. Қасым ханның билік еткен жылдары? (1511-1518)
5. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады? (Қасым ханның қасқа жолы)
6. Хақназар ханның билік еткен жылдары? (1538-1580)
7. Тәуекел ханның Абдаллах ханмен жасасқан шартты бұзып, шабуылға шығуына не себеп болды?
8. Қасым ханның кезінде қазақ халқының саны қаншаға жетті? (1 млн)
9. «Қасым ханның қасқа жолы» неше тараудан тұрады? (15 тараудан)
10. Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» қай жылы бұзды? (1583)
11. Есім хан кезінде қазақ хандығының астанасы қай қала болды? (Түркістан)
12. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған бұқар әскерін жеңіп шықты (1611)
13. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталды? (Жеті жарғы)
14. Үш жүздің билері (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би)
2. Үй тапсырмасын бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қазақ хандығының басқару жүйесі
2. Хан сайлау.
3. Хан міндеттері
4. Әлеуметтік құрамы
XV-XVI ғасырда Қазақ хандығының құрылысы жеті сатыдан тұрады.
Ауыл, басшысы – ауылбасшы, бірнеше отбасыдан тұрады.
Ата аймақ, басшысы – ақсақал, жеті атадан, бірнеше ауылдан тұрады.
Ру, басшысы – рубасы, 15 аймақтан құралады.
Арыс, басшысы – би, бірнеше рудан құралған
Ұлыс, басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құралады.
Жүз, басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құралады
Хандықтық, басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құралған
Сәйкестендіру тесті.
Ауыл Би
Ата аймақ Рубасы
Ру Ауылбасы
Арыс қаған
Ұлыс Ақсақал
Жүз Сұлтан
Хандық Хан
2-тапсырма. Тарихи сынақ хат
1.Қазақ хандығының басқару жүйесі жеті тармақтан тұрды.
2.Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуге ханға өмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған жүздің билерін орда би деп атаған
3.Қазақтың ханын сайлауға барлық рудың атақты, сыйлы шонжарлары қатысты
4.Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын немесе туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған.
5.Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жататын
Кластер.
Дискуссиялық өрнек
№ Сөйлем Келісемін Келіспеймін
1 Әр ұлттың өзіне тән тілі, мінез ерекшелігі, салт-дәчтүрі, ата-мекені болады
2 XVІІ ғ соңында Қазақ хандығының шекарасы шығыста Тынық мұхитына жетті
3 Құрылтай 5 жылда 1 рет шақырылады
4 Арыс бірнеше ұлыстан құралады
5 Қарапайым халық “қараша” деп аталады
6 Феодалдар, ақсүйектер салық төледі
Қорытындылау
Венн диаграммасы
Уйге тапсырма: « Мен хан болсам .....» ой толғау
Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |