Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті


IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың тақырыбы IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты: 
Білмдлік: Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым- білімнің дамуын қорытындылау.
Дамытушылық: Логикалық ойлауды, дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, роль орындау арқылы белгілі мақсатқа жеткізу, ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Интерактивті қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі: Жобалау.  Баяндау, сұрақ- жауап, рольдік ойындар, талдау, жартылай іздену.
Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.
Сабақтың көрнекілігі:  Тақырыптық слайдтар, қанатты сөздер жазылады, портреттер, карта, тірек кестелер, буклет «Ахмет Иасауй кесенесі», альбом «Отырар», сергіту сәтіне «Түркістан» әні, кітаптар т.б.
Дерек көзі: 
1. Оқулық «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы»
2. «Қазақстан даласының жұлдыздары»
3. Ахмет Иасауй хикметтері
4. «Қазақстан тарихы» журналы
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.
2. Топқа бөлу, ат беру.
I топ «Түркістан»
II топ «Отырар»
IIIтоп «Баласағұн»
II. Тапсырмаларды орындау.
• Сұрақ бойынша тірек кесте сызу және оны талдау (әр топқа 5 мин)
              1 сұрақ: Орта ғасыр қалалары санының өсуі, қала құрылысындағы өзгерістер.
     2 сұрақ: Қолөнердің дамуы және оның салалары.
     3 сұрақ: Дін және мәдениет.
•  Жеке оқушыларға дидактикалық материал тарату (перфокарталар, тестілер)
III. Сергіту сәті. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» әніне 2 мин сергіту жаттығуын жасау.
IV. Үйге берілген топтық- шығармашылық тапсырмалар, «Ғұламалар және олардың еңбектері» немесе олар жайлы презентация, рольдік ойын, өлен оқу.
I топ «Түркістан»:
1. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өклі, дуалы ақын- данышпан, кемеңгер ақын Ахмет Иасауйдың өміріне тоқталып, «хикметтерінің» жазылуын, мазмұның қысқаша талдап үзінді оқиды.
2. Ахмет Иасауй мен Арыстан баб арасындағы кездесуден үзінді рольдік ойын.
II топ «Отырар»:
1. Әбу Насыр әл- Фарабидің  ғылым салаларына  қосқан жаңалықтары мен үлесіне тоқталып, еңбектерін атау.
2. Халық аузында қалған «Өнерлі жігіт»  аңыз- әнгімесінен үзінді.
III топ. «Баласағұн»: Жүсіп Баласағұнидың өміріне тоқталып, «Құтадғу білк» дастанын талдап, дастанның «Тіл», «Елші», «Әмірші» жайлы айтылатын тарауларынан үзінді келтіріп, тәрбиелік мәнін ашу.
V. Сабақты бекіту: оқушылар Блумның «мен жүйесімен» қорытындылайды.
Блумның «мен жүйесімен»
VI. Қорытындылау (әр топ өздері бағалайды)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым мен білімнің дамуы
Сәулет өнері және құрылыс
Қазақстанның көне қалалары
Ғылым мен білімнің дамуы
Орта ғасырлардағы қазақ жерінен шыққан даналар
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3561 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык