Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік


Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

Тақырыбы : Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

Мақсаты :  
Білімділік : Қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа 
                         толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын   
                         жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар 
                         туралы толық түсіндіру 
Дамытушылық : Оқушыларға қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын ұғындыру 
Тәрбиелілік : Салауаттылыққа  тәрбиелеп, өз әрекеттерін баға бере білуге баулу.
Көрнекілік : Интерактивті тақта, ҚР Қылмыстық Кодексі, плакаттар, видеоролик
Сабақ түрі : Сайыс - сабақ
Сабақ әдісі : сұрақ—жауап , талдау, іздендіру, түсіндіру 
Сабақ барысы : 1)Ұйымдастыру кезеңі
                             Сынып 2 топқа бөлінеді : «Әділет », «Ақиқат»
Жаңа сабақ : Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
Сабақтың ұраны : «Жас    шамасына   қарай жүргізілген   саясатта    біз жастар   мен    жеткіншек ұрпаққа   көңіл   бөлуді күшейтуге   тиіспіз» Н.Ә.Назарбаев
 
Жоспар : 1)Қылмыс - қоғамқа қауіпті әрекет.
                2)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
                3)Қылмыс үшін жазалау
                4)Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар
 Қылмыс дегеніміз – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік  
Қылмыстың қоғамда жасалу себептері :
• Кедейшілік
• Жұмыссыздық 
• Мәдениеттің төмендігі
• Адамгершіліктен азғындау
• Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі 
• Маскүнемдіктің етек алуы
• Нашақорлық
• Құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы     т.б. факторларды  атауға   
             болады ды.
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған , бірақ  
          18ге толмаған адамдар танылады (78 бап)
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79 бап
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
 
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады
                   Азамат 14 жастан бастап қылмыстың - кісі өлтіру (96 – бап)
• Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап
• Әйел зорлау – 120 бап
• Тонау – 175 бап
• Ұрлық – 178 бап
• Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап
• Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап
• Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап
• Адам ұрлау – 125 бап
• Терроризм – 233 бап
• Аманаттыққа тұтқындау – 234 бап
• Уландырғыш заттарды ұрлау – 260 бап  т.б.   түрлері үшін жауапқа тартылады
Қажетті қорғану дегеніміз – қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның өзіне зардап 
                                                                       шектіре отырып қорғануды айтамыз 
Жаза түрлері  : 
• Айып салу
• Құқықтан айыру 
• Қоғамдық жұмысқа тарту
• Еңбекпен түзету жұмысы 
• Бас бостандығын шектеу 
• Тұтқындау 
• Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
• Бас бостандығынан айыру 
• Сотталушының мүлкін тәркілеу 
• Өлім жазасы
 
ҚР Қылмыстық Кодексінің - 49 бабы :
1. Өлім  жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін ,сондайақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында  мемлекеттік сатқындық ,бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны  үшін ғана ең  ауыр  жаза ретінде  қолданылуы  мүмкін.
2. Өлім жазасы  әйелдерге , 18 – толмай  қылмыс жасаған   адамдарға және сот  үкім  шығарған  сәтте 65 – жасқа толған  ер  адамдарға тағайындалмайды
3. Кешірім  жасау  тәртібімен  өлім  жазасы жазаны  ерекше  режімдегі түзеу  колониясында өтеу  арқылы өмір  бойы   бас  бостандығынан  айыру  мен  немесе  25 – жылға  бас   бостандығынан  айырумен ауыстырылуы  мүмкін. Өлім  жазасына үкім  шығарылған адамның   ҚР Президентіне   өтініш  жасап   кешірім   сұрауға  құқығы  бар.ҚР  Президенті   азаматтарға   кешірім    жасауға   құқылы.Кешірім   жасау  тәртібімен   өлім  жазасы  жазаны  ерекше  режимдегі  түзеу  колониясында  өтеу  арқылы  өмір  бойы  бас  бостандығынан  айырумен   немесе 25-жылға  бас бостандығынан  айырумен  ауыстырылуы  мүмкін 
 
 
ҚР Қылмыстық Кодексінде қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар :
• Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса 
• Адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса 
• Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен – қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса 
• Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса
 
ҚР Қылмыстық Кодексінде қажетіне қарай қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайларда қарастырылған :
• Қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса 
• Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса 
• Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса
• Қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса 
• Қылмыс ерекше қатігездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса 
• Қылмыс кәсіби АНТын бұза отырып жасалса
• Қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасаса
 
Тапсырма №1 
Мәзір ойыны : Төмендегі жағдайларда қандай қылмыс, қылық, кикілжің яғни өзге әлеуметтік нормалардың бұзылғанын анықтауларың керек
1 «Әділет» тобы 
• Марат пен Санат үзіліс кезінде төбелесіп қалды. Екеуіде бір – бірінің бет ауыздарына оңдырмай таңба салды. Санат Мараттың көйлегін жыртып тастады (кикілжің)
• 20 жастағы ағайынды Саша мен Никита 9 сынып оқушысы Аняны есірткіге үйретті (қылмыс )
• Әуесқан сыныптас жолдасының 900  теңгесін ұрлап алды (қылмыс)
• Индира өзіне жаңа Джинсы әпермегені үшін әке – шешесіне ренжіп ешкімге айтпастан құрбысының үйіне кетіп қалды(қылық)
• Рокерлер алаңға түнгі сағат 12 де жиналадыда топ болып көше кезеді (қылық)
• Жабаев Иманбай 2 ай бойы сабаққа бармай жүр, Ол биологиядан беретін мұғалімді жақтырмайды, бірақ ата-анасы оны басқа ауыстырудан бас тартты (кикілжің)
• Жекпе – жек үстінде боксшінің біреуі қарсыласының жағын сындырды (қылмыс)
• 9 сынып оқушысы Марат Ізімов өз сыныбындағы және төменгі сыныптардағы балаларды қорқытып ақша жинаған (қылмыс)
 
2 «Ақиқат» тобы
• Аңға шыққан кезінде Омаров Қадіржан байқаусызда досының қолын атып алды (қылмыс)
• 6 Б сыныбында 3 баланың ата – анасы мектеп жиналысына келмеудіәдетке айналдырған. Себебі үшеуініңде баласының үлгерімі нашар.Олар өз балалары жөнінде жағымсыз хабар естігіс келмейді (кикілжің)
• Иманжанов Бауыржан ылғи әскери комиссариаттан шақыру қағаз алады , бірақ оған барып жатқан  ол жоқ,шақыру қағаздарын жыртып тастайды Ол әскерге барудан қатты үрейленеді (қылық)
• Аида ағасы автобуста жымқырып кеткен 100 долларды үйдің бір жеріне тығып тастады. Бұл жөнінде ата- анасына тіс жарған жоқ (қылмыс)
• Абай отбасының жоғалып кеткен итін белгісіз бір жігіт тауып алды. Ит иелері газетке хабарландыру берді.Ит қартайған ауру болсада Абайдың үй іші оған әбден бауыр басып қалған , Ал әлгі жігіт телефон арқылы сыйақы ретінде 30 мың теңге сұрайды. Бұндай ақша Абайда жоқ. (қылмыс)
• Мұрат «Альянс» дүкенінен бейне камера сатып алды.Камера түрлі – түсті етіп түсірмейді. Кепіл берілетін мерзімі өтпесе де дүкен қызметкерлері камераны айырбастаудан бас тартты . Олардың пайымдауынша камераны қалағандай етіп жөндеуге болады, Ал Мұратттың ата- анасы болса қалайда айырбастауды талап етіп отыр (кикілжің)
• Дене шынықтыру сабағында мұғалім балалардың белтемірге тартылуын талап етеді, егер бала 7 рет тартыла алмаса мұғалімнің айтатыны «шикі өкпе, жалқау» (қылмыс)
• Техника қауіпсіздігі жөніндегі инжинер жұмысқа 3 рет мас болып келді (қылық)
• Асанбаев 14 ай бойы қызына алимент төлемей келеді. Ол кездейсоқ , уақытша жұмыстарда жүр (қылмыс)
Тапсырма №2  схема арқылы 
Қылмыс объектісі және объективтік жағы «Әділет » тобы
Қылмыс субъектісі және субъективтік жағы «Ақиқат» тобы
Тапсырма № 3  
бейне таспа арқылы өз ойларын ортаға салу 
Тапсырма №4
Топтастыру 
1) « Әділет » тобы    Қатыгездік – деген не, неден пайда болады, болдырмау жолы ? 
2)«Ақиқат» тобы. Қылмыс дегеніміз не ?
Тапсырма №5 пікір талас « Әділет » тобы :
 Айгөлек   лагерінде   демалып  жатқан  3  құрбы  «Азия Даусы » конкурсына ешкімге айтпастан келіп, концертке билет алмай кіріп кетті.Лагерге таңғы 5 те оралды, келсе ботадай боздап әке – шеше отыр.Лагер директоры Тәрбиеші қыздарда осында түнімен 3 қызды іздеп бүкіл лагер ұйықтамаған.
                                           «Ақиқат »  тобы :
1 курста оқитын Ержан жүргізуші куәлігін алып екі айдай әкесінің машинасын жүргізді.Көктайғақта ол бір қарт әжені қағып кетіп, қарт әже аяғын сындырып алды. Жас жігіт қатты қорқып ұялы телефоны арқылы әкесін шақыртып екеулеп әжейді ауруханаға алып барды.Сөйтсе әжейдің жақын тусықандары жоқ екен. Ержан ауруханаға күнде келіп тұрды. Азық- түлік, дәрі-дәрмек жағын өз мойнына алды.Ауруханадан шыққаннан кейін әжейді үйіне парып салды. Тіпті екеуі дос болып кетті. 
Бекіту : 
1. Қылмыс дегеніміз не ? 
- 1.Қылмыс дегеніміз – Заң 
қылмыс деп танитын 
әрекет немесе әрекетсіздік
2.Әрекетсіздік дегенді қалай түсінесің ?
     - 2. Азаматтың қылмыстың Дайындалып не жасалып 
Жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында
 әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық 
міндетін орындамауы
                 3.Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза 
                   түрлері қандай ?
                     -3.ҚР Қылмыстық Кодексі   (79 бап)
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
4. ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды ?
-4. 1997 жыл 16 шілдеде қабылданып  1998 жылдың 
1 қаңтарынан бастап күшіне енді
5.  Қажетті   қорғану  дегеніміз  не?
-5. Қажетті қорғану деп  қылмыскердің қауіпті әрекетінен  оның өзіне 
Зардап шектіре  отырып Қорғануды айтамыз
6.Қылмыстың болу себептері
- 6. 
• Кедейшілік
• Жұмыссыздық 
• Мәдениеттің төмендігі
• Адамгершіліктен азғындау
• Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі 
• Маскүнемдіктің етек алуы
• Нашарқорлық
• Құқық қорғау органдары қызметінің 
қанағатсыздығы т.б. факторларды  
                             атауға  болады .
                     Бағалау:
                 Үйге тапсырма : §59
Тақырыпты оқып келу
«Қоғамдағы   қылмыстың  алдын  алу  жолдары» атты тақырыпта 
өз ойларын жазып келу (Ой- толғаныс)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
"Қылмысқа қатысу және оның түрлері. Қылмыс жасау сатылары"
«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері. Қылмыстық жауапкершілік және қылмыстың құрамы.
"Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері"
Дүние жүзі тарихы
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Екітаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 17815 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык