Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 3981 |
|
|
|
Тың игерудің нәтижелерімен салдары
Сабақтың тақырыбы Тың игерудің нәтижелерімен салдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1950-60 ж ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай, тың жерлерді жаппай игеру, тыңның алғашқы табыстары мен нәтижелері, салдарлары, демографиялық ахуалдың шиленісуі, қазақ тілі мен ұлттық мәдениеттің ауыр жағдайы, мал шаруашылығының жайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, өзіндік жұмыс арқылы есте сақтау, бәсекелестік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, әркімнің өз ойының, пікірінің құндылығын ескере отырып топпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ
Дебат моделі Карл Поппердің форматы бойынша өтеді. К.Поппердің форматы бойынша ойынға екі топ қатысады, әр топта үш спикер,тайм-кипер, арбитр және дауыс құқығы бар қатысушылар.Жақтаушы және даттаушы топтар.
Жақтаушы топ « Талап»
Даттаушы топ «Болашақ»
Сабақта қолданылатың әдіс-тәсілдері:
Ойталқы, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының саяси картасы, интерактивті тақта, слайдтар.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Тарих Қазақстан мектебінде. №5 2009ж
2.Қазақстан тарихы христоматиясы
3. «Память о целине» Алматы . Қайнар.2003
4. Көркемсуретті Қазақстан тарихы 4 –том Алматы, 2007жыл
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Жаңа сабақтың барысы: Өтілетін сабақтың мақсатымен таныстыру. Дебатқа қатысатын екі топты жариялау, дебат ойынының ерекшелігін түсіндіру.
Жақтаушы топтың кейсі:
Резолюция: «Тың игеру саясаты өте дұрыс саясат»
Дефиници: «Экономиканың дамуы»
« Тыңды игеру»
Критерий: «Тың –даланың бақытты болашығы»
Аргументтер:
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру
(дәлелді фактілер келтіру)
2.Тың жерді көтеру мейлінше тиімді экономикалық шара болды
(дәлелдеу)
3.Тың игерудің экономикалық- әлеуметтік, мәдени нәтижелері.
Қорытынды: Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2- орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интерноционалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрлыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
Даттаушы топтың кейсі:
Резолюция: «Тың игерудің көлеңкелі жақтары»
Дефиниций: «Ауыл шаруашылығы»
« Экологиялық жағдай»
Критерий: Тыңды игеру КСРО –ның солақай саясаты
Аргументтер:
1.Тың игерудің нәтижелері (дәлелдеуші фактлер)
2.Демографиялық ахуалдың күрт өзгеруінің келеңсіз әсерлері.
( дәлелдеу)
3.Мал шаруашылығының жағдайы
(фактілерді дәлелдеу, көз жеткізу)
Қорытынды: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру патия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптелді.Ал оның көлеңкелі жақтары туралы ештеңе айтылмады және айтылуыда мүмкін болады.Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылыгы азайады.Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет,сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Қайшылықты сұрақтар:
1) Ж-І ----- Д-ІІІ Тың игеру республика экономикасына сіздің ойыңызша қалай әсер етті?
2) Д- І ----- Ж- ІІІ Сол кезде елге нан ауадай қажет болғанын,халықты нанмен қамтамасыз ету керек болғанын қалай жоққа шығарасың?
3) Ж- ІІ ----- Д – І «Нан болса - ән болады» деп тегін айтылмаса керек, осы Л.И. Брежневтің сөзіне қосыласыз ба?
4) Д – ІІ ----- Ж- І сол кезде қазақ тілді мектептер жабылып, демографиялық ахуал орыс тілді тұрғындардың пайдасына шешіліп қазақ халқының ұлттық намысын аяққа таптады осыған қандай дәлел айтасыз?
Қатысушылар өз ойларын білдіре отырып, дауыс береді.
Миға шабул
Мақсаты: берілген жағдайаттардың шешім тез арада табу
Оқушыларға тапсырма: * Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі ҚХР мен Ресей аумағында тұратын қазақ жұртшылығының өкілдерінің Қазақстан тыңына келтіруге неліктен енжар қарады деп ойлайсыздар?
1.Туындаған ойларды тізімдейік;
2.Мейлінше ойларды көбірек жинайық;
Сабақты қорытындылау:
Сабақты бас төреші (Арбитр) қорытындылайды
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |