Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 8533 |
|
|
|
Көкөністер, жеміс-жидектік және бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіру
Сабақтың тақырыбы: Көкөністер, жеміс-жидектік және бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіру
Мақсаты: Көкөністік дақылдардың түрлері, адам үшін маңызы, Қазақстанда кездесетін түрлері, жеміс-жидектік дақылдар, оларды өсіріп көбейту және бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: көкөністер, жеміс-жидек дақылдарының топтары,бөлме өсімдіктерінің маңызын ұғындыру, алған білімдерін кеңейту, практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: іскерлігін, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін дамыту. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу іскерлігін дамыту. Әр түрлі сұрақтарға жауап ізденту арқылы ойланту
Тәрбиелік: оқушыларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына, өзара көмекке, еңбек етуге тәрбиелеу. Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын модульдер: диалогтық оқыту, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, өзін-өзі бағалау, дарынды оқушымен жұмыс.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: топтық жұмыс, әңгіме, сұрақ-жауап, рефлексия, кластер
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, слайд, үлестірмелі дидактикалық материалдар, ватман, маркер.
Барысы: І. Ұйымдастыру
а) Сыныппен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аударту
б) сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық тренинг өткізу.
«Шаттық шеңбері». Оқушылар дөңгеленіп тұрып, қолдарына жіп алып, бір –бірлеріне жақсы тілектер айтады.Нәтижесінде өрмекшінің торы шығады. Ол деген топпен жұмыс барысында ұйымшыл болуды білдіреді.
Әртүрлі қағаздан жасалған фигураларды таңдау арқылы сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Топ лидерлерін сайлау, оларға бағалау парақтары беріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Реферат «Бидай – бағалы астық тұқымдасы» Кәрім Қазыбек
«Күнбағыс – май алынатын негізгі өсімдік » Асқар Нүрия
Өткен сабақ бойынша 2 топқа шолу сұрақтарын беру.
1.Қазақстанда бидайдың қандай іріктемелері өсіріледі? Дәнді дақылдарға қандай өсімдіктер жатқызылады?
2. Жаздық және күздік бидайдың тіршілік әрекетінде қандай ерекшеліктері бар?
3. Күнбағыс егуге неге ерекше назар аударылады?
4. Қыша қандай өсімдік? Ол Қазақстанда қайда және не үшін егіледі?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
І. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау стратегиясы»
Топтағы оқушыларға сұрақ: «Көкөніс дақылдары, оның түрлері, жеміс-жидектер туралы не білеміз?» Өз ойларын жазу. Жазып болған соң топ мүшелері жұмыстарын қорғайды.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқулық мәтінімен жұмыс.
І топ «Көкөніс дақылдары олардың маңызы, түрлері» шағын хабарлама дайындау.
ІІ топ. «Жеміс- жидектік дақылдар, олардың топтары, түрлері» шағын хабарлама дайындау.
Екі топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды.
Көкөніс дақылдары: орамжапырақ, сәбіз, қант қызылшасы, картоп, рапс, зәйтүн, қыша т.б. Орамжапырақ түрлері: ақ қауданды, қызыл қауданды, кольраби, брюссель, гүлді, савой, пекинді, жапырақты. Құрамында ақуыз, көмірсу, С, Р, К, Д, РР витаминдері болады.
Гүлді орамжапырақ 1 жылдық көкөністік дақыл. Биіктігі 70 см. Жемісі бұршаққын. Жылу талғамайды. Төмен температурада өседі. Көлеңкеде болса, ұзарып өседі. Жарық сүйгіш. Ерте көктемде ексе, жаздың басында түсімалуға болады.
Жеміс-жидек дақылдары 6 топқа бөлінеді.
1.Шекілдеуік жемістілер: алма, алмұрт, айва, долана. Еуропа, Азия, Солтүстік Америкада өсіріледі.
2. Сүйек жемістілер: шие, өрік, алхоры, шабдалы. Топырағы құнарлы жерде жақсы өседі.
3. Жаңғақ жемістілер: жержаңғақ, грек жаңғағы. Қосжарнақты. Ағаш, бұта түрінде өседі
4. Жидек дақылдары: бүлдірген, жүзім, таңқурай, қарақат, құлпынай. Бүлдіргеннің 25 іріктемесі бар. («Аэлита», «Героиня», «Мәншүк», «Крымская», «Кульвер»)
5. Цитрус дақылдары: мандарин, апельсин, лимон, грейпфрукт. Көптеген түрлері Үндістан, Қытай, Үндіқытайда таралған. Бұтақтары тікенді, жапырақтары күрең жасыл болады. Жапырағынан эфир майы алынады. Ол иіс су, әтір жасауда қолданылады.
6. Субтропиктік жеміс: құрма, ананас, банан, інжір. Тропиктік қоңыржай белдеулерде өседі.
«Сергіту сәті» Ынтымақтық атмосферасын қалыптастыру. «Бинго» ойыны.
Дәптермен жұмыс.
Ойланып барып, орнын тап!
Кестенің бірінші бағанасында берілген өсімдіктерге тиісті жемістің тұсындағы санды қойып, кестені толтыр!
Өсімдік аттары Рет/саны Жеміс түрлері Рет/саны
Асбұршақ 2 Алма жеміс 1
Қайың 10 Бұршаққын 2
Көкнәр 5 Жидек тәрізді 3
Бидай 9 Жаңғақ жеміс 4
Бақбақ 8 Қауашақ 5
Құлпынай 11 Бұршаққап 6
Орамжапырақ 2 Жалған сүйек тәрізді 7
Жоңышқа 6 Тұқымша 8
Күріш 9 Дәнек 9
Мандарин 16 Қанатша 10
Емен жаңғағы 4 Құрғақ жаңғақша 11
Қауын 13 Сүйекті шырынды 12
Қарақат 17 Асқабақ жеміс 13
Ананас 15 Көпсүйекті құрғақ 14
Грек жаңғағы 4 Біріккен жеміс 15
Өрік 12 Жидек тәрізді гесперидий 16
Картоп 17 Жидек 17
Меңдуана 5 Бұршаққынша 18
Соя 6
Итмұрын 14
2 тапсырма.
Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Астық дақылдарына ____________________________________________________________________________________________________________________________________
жатады.
Бұршақ дақылдарына ____________________________________________________________________________________________________________________________________
жатады.
Көкөніс дақылдарына____________________________________________________________________________________________________________________________________
жатады.
3 тапсырма.
Кестеде келтірілген жемістер құрылысының ерекшеліктері мына төменде келтірілген өсімдіктердің қайсысына тән?
Өсімдіктер:
1. Шие
2. Қарбыз
3. Қарақат
4. Жүгері
5. Үйеңкі
6. Күнбағыс
7. Фундук
8. Көкнәр
9. Орамжапырақ
10. Бұршақ
Жемістер құрылысының ерекшеліктері №
Арқа және құрсақ сызаттары арқылы ашылатын бірұялы жеміс 10
Екі жақтаулы, тұқым жеміс перделерінің жиегінде орналасқан 9
Жемістері тесіктер, қақпақшалары, тісшелері арқылы ашылады 8
Жемісқабы қатты және ағаш тәрізді 7
Жемісқабы бір ғана тұқымға жанасады, бірігіп кетпейді 6
Жемісқабының қанат тәрізді өсіндісі болады 5
Жемісқабы тұқымның қауызына бірігіп кетеді 4
Жемісқап құрамында шырынды жұмсағы болады 3
Тұқымы-шырынды, жеміс жұмсағында , ал сыртқы қабығы ағаш тәрізді 2
Бір тұқымды сүйекшелі жеміс 1
«Жемістер әлеміндегі ғажайыптар» оқушылар өз ойларын айтады.
Шығармашылық жұмыс топ оқушыларына.
І топ оқушылары: «Басқа елдерден әкелінген жемістер», ІІ топ оқушылары: «Дәрілік өсімдік - алоэ» туралы мәліметтерді айтады.
Қорытынды «Сызықтық диктант» Мен мына қағазды үлестіріп беремін. Онда сызық пен сандар берілген.Сендер сәйкесінше сандардың тұсына дұрыс болса «^», «-» қоясыңдар.
Сұрақтар:
1.Астық тұқымдастардың жемісі - дәнек
2.Көкөніс дақылдары бағалы дақылдар.
3.Қарақат бір тұқымды, сүйекшелі жеміс
4. Мәдени өсімдіктердің орталығын Н.И.Вавилов ашты
5.Құрма, ананас, банан цитрус дақылдары
6.Картоптың отаны – Оңтүстік Америка
7.Алма, алмұрт сүйек жемістілер
8.Мандариннің жемісі: жидек тәрізді гесперидий
___^__^___-__^__^___^__^__^__
0 1 2 3 4 5 6 7 8
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма: §36 оқып келу. Кез- келген бір бөлме өсімдігі туралы хабарлама дайындап келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |