Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 8667 |
|
|
|
Бунақденелілер класының отрядтары
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класының отрядтары
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сыни тұрғысынан ойлау.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға бунақ денелілердің адам және ауылшаруашылық жануарларына ауру таратқыш ретінде түсінік қалыптастыру;
2.Оқушыларды жыртқыш бунақденелілер түрлері және оларға қарсы күрес жүргізу әдістерімен таныстыру;
3.Оқушылардың оқулықпен, қосымша материалдармен жұмыс жасап, кластер, синквейн құруға дағдыландыру;
4.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы нұсқаулық картамен жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізуге ,қорытындылай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: бунақденелілер жинақтамасы, бунақденелілер суреттері, кластер құруға арналған сөздер,нусқаулық карта, тесттік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында « Мен саған тілеймін....» тренингін өткізу.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек, лебіздерін білдіріп, «Көңіл-күй экранына» смайликтер арқылы өздерінің әсерлерін білдіреді.
2.Шақыру кезеңі.
Мұғалім: Балалар, біз қандай жәндіктер типімен танысып жатырмыз?
Оқушылардың жауабы: Буынаяқтылар типі.
Мұғалім: буынаяқтылар типінің қандай кластарымен таныс болдық?
Оқушылар жауабы: шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер.
Класс мұғаліммен бірге танысқан организмдердің систематикалық орындарын еске түсіреді.
Мұғалім: Біздер буынаяқтылар типіне жататын тірі организмдер тобымен танысуымызды жалғастырамыз.. Құрсақ бөлігі пышақпен мөлшерлеп кескендей бунақтардан құралғандықтан...
Оқушылар жауабы: Бунақденелілер деп аталады.
Мұғалім оқушылардың жауабына қарай тақтадағы систематикалық кестені аша бастайды.
Мұғалім: Бунақденелілерді зерттейтін ғылымды қалай атайды? /энтомология/
Мұғалім: Балалар, өздеріңді энтомолог деп , ал мына класымызды зерттеулер жүргізілетін зертхана деп есептеңдер.Зерттеулер жүргізу үшін топқа бөлінейік.
Класс жәндіктер атауы бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топ 1 нұсқаулық карточка таңдап алады.Жұмысқа 10 минут уақыт беріледі. Әр топтың жауабына 3 минут уақыт беріледі.
2. Ой толғау кезеңі.
Топпен жұмыс. Әр топ таңдаған нұсқаулық картаның тақырыбын атап,тақтадағы жұмыс жасауға арналған тақырып жазылған кластердің жартысын ашады.
Нұсқаулық карта №1
Тақырыбы: Адамға ауру тудыратын ауру таратқыш –бунақденелілер.
Тапсырма: Интернеттен алынған қосымша материалды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру.1.Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау.
2.Бөлме шыбыны қандай ауру тудыруы мүмкін?
3.Осы бунақденелілермен қандай қарсы күрес жүргізу
әдістерін білесің?
4.Қандай жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін білуіміз қажет?
Нұсқаулық карта №2
Тақырыбы: Ауылшаруашылық жануарларының паразит бунақденелілері.
Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру: 1.Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау;
2.Ауылшаруашылық жануарларына қандай
ауру тудыруы мүмкін?
3.Паразит бунақденелілермен күресу амалдары.
Нұсқаулық карта№3
Тақырыбы: Жыртқыш бунақденелілер.
Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру: 1.Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау;
2.Жыртқыш бунақденелілердің қандай пайдасы бар?
Нұсқаулық карта №4
Тақырыбы: Көбелектер мен баларалар.
Тапсырма: Қосымша материалдарды оқып, дәптерге кластер құру.
Ауызша сұрақтарға жауап беру:1.Қай отряд және осы топқа жататын
бунақденелілер өкілдерін анықтау.
2.Осы бунақденелілердің пайда-зиянын анықтау.
Оқушылар топ болып жауап береді.
Мұғалім: Балалар, сіздер жақсы жұмыс атқардыңдар. Ал енді қаншалықты тақырыпты меңгергендеріңді анықтау үшін тесттік тапсырманы орыдаңыздар.
Сәйкестік тест
1. «Қосқанаттылар» отрядына жатады.........
2. Қаңқыз - .........жауы.
3. Аскарида жұмыртқасын таратады......
4. Безгек ауруын таратады.......
5. Балықтарды ......... дернәсілдерін жою үшін өсіреді.
6. Оларды қолдан өсіреді..........
Жауабы: А: Маса
Б: Шіркей
В: Трихограмма, теленомус.
Г: Бөлме шыбыны.
Д: Безгек масасы.
1 2 3 4 5 6
Уақыт өткен соң, интерактивті тақтадан тестің дұрыс жауабы мен өзін-өзі тесеру үшін бағалау шкаласы көрсетіледі.
Жауабы: 1/ а, г, д. 2/ б 3/г 4/д 5/ д 6/ в
Бағалау шкаласы: 0 қате- «5» ; 1-2 қате – «4»; 3 қате – «3».
Рефлексия кезеңі.
Мұғалім: Біздердің бунақденелілерді зерттеудегі ғылымы жұмысымыз соңын синквейн құрумен аяқтайық. Қандай кілтті сөзді пайдаланамыз.
Оқушылар жауабы: Бунақденелілер.
Оған оқушылар табады: 2 етістік, 3 сын есім, сөйлем, қорытынды,резюме,өзінің қарым-қатынасы.
Синквейн: 1.Бунақдене.
2.шағады, таратады
3.жыртқыш, пайдалы, паразитті.
4.зиянды қоңыздар
Қорытынды: Пайдалы бунақденелілерді және олардың мекен ету ортасын қорғаңдар.
«Б-Б-Б» әдісі арқылы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Бағалау критериясы бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Аралар мен құмырсқалардың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |