Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны


Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны

Сабақтың тақырыбы Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін

айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Тәрбиелік: Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: «Бунақденелілердің ішкі құрылысы» суреті, тапсырма жазылған үлестірмелі

қағаздар, видеофрагмент, плакат, суреттер, маскалар,

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, балдық жүйе арқылы бағалау.

  Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі, тарих, орыс тілі

Сабақтың барысы

I Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық  кезең

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жер бетінде бунақденелілердің  түрлері өте көп. Олардың 700000 дай түрі бар. Шыбын,шіркей, қоңыз, маса, бит, бүрге т. б. барлық жәндіктер осы бунақденелілер класына жатады. Олар соншалықты көп және орасан зор қарқынмен көбейеді. Мысалы: Өсімдік бітесі өте өсімтал жәндік . Көктемде әрбір аналық 30-35 жұмыртқа салады. 7-10 күннен кейін олар өсіп жетіліп, тағы сондай жұмыртқа салады. Осылайша әрбір ұрпақ жаз бойы 10-15 рет жұмыртқа салады. Сонда жаз бойы олар қаншама ұрпақ таратады.Немесе көкқасқа шегірткенің қалай көбейгенін  былтырғы жазда көзімізбен көрдік.

Енді сіздерге мынадай сұрақ:

1.Не себепті осындай қарқындылықпен көбейгенде бунақденелілер жер бетін тұтас жауып кетпейді?

2. Табиғатта инеліктердің де түрі көп.Соның ішінде жалпақ және төртдақты инеліктер кейде аспанды қаптап, топтасып ұшады екен.Бір қызығы инеліктер осылай төбесінен  ұшып өткенде тауықтар жұмыртқаламай қойған. Бұл құбылыстың сыры неде деп ойлайсыздар?     7 ұпай

          II.Сараланған бөлім.

Операциялық-орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінмен танысып, тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма

Суретте бунақденелілер мен өрмекшілер  бейнеленген.Олардың жалпы саны-18. Ал аяқтарының саны-110. Суретте қанша шыбын,қанша   өрмекші    бейнеленген. 25 ұпай

2-тапсырма

Күн суытқан соң шыбын, маса, балара шегіртке 4-і орман ішіндегі үйлеріне келіп жайғасты. Бірақ ,кім қайда орналасқаны белгісіз . Оқушылар сіздер таба аласыздар ма? Есігі күндіз-түні ашық тұрған үйдегі жәндік шала түрленіп дамиды. Жасыл бояумен боялмаған үйдегі жәндіктің ауыз мүшесі кеміріп-жалағыш, от жанып тұрған үйдегі жәндік адамдарға  зиянды. Ал пердесі жоқ үйдегі жәндік  толық түрленіп дамиды. 5 ұпай

3-тапсырма

4. Бұл жәндіктер буынаяқтылар типіне жатады.Олардың

 жалпы саны-10. Аталған жәндіктердің 5-нің зәр шығару

мүшесі жасыл түсті жұп без, 5-нің зәр шығару мүшесі

 мальпигий түтікшелері. 7-нің денесі 2 бөліктен, 3-нің денесі

 3 бөліктен тұрады.

Сұрақ: Бұл жәндіктер қандай кластарға жатады. 4 ұпай

 Әр кластың қанша өкілі бар?

4-тапсырма

Қонды ара,

Ұшты шыбын.

Жүзді суда,

Суқандала.

Түрленеді қоңыз шала,

Гүлге қонды,

Көбелек ала

Шаншып-сорғыш

                сары маса

Шағып алып,

Болды таса.

Етті еңбек топ құмырсқа.

Кіріседі көп жұмысқа,

Типыл қылды бар егісті.

Азиялық ол  көкқасқа.       3 ұпай

5-тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аудару. Әрбір дұрыс жауапқа  2 ұпайдан беріледі. Сөздер қатесіз жазылса қосымша 5 ұпай беріледі.

1.      Дернәсіл-личинка

2.      Қуыршақ-куколка

3.      Жәндік-насеком

4.      Инелік-стрекоза

5.      Аналық-самка

6.      Көбелек-бабочка

7.      Жыртқыш-паразит

8.      Көбею-размножение

9.      Даму-развитие

10.    Қоңыз-жук

6-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Шала түрленіп даму. Толық түрленіп даму. Суда тіршілік ететін бунақденелілер.Энтомология. Дене құрылысы. Ауыз мүшесі. Жаушоғыл.

7-тапсырма

Сұрақтарға дұрыс жауап бергенде бас әріптерден  орта тас ғасырының атауы шығады.(мезолит)

1.      Ауыз мүшесі шаншып -сорғыш жәндік.(маса)

2.      «Имаго» қазақша қалай аталады.(ересек бунақдене)

3.      Суда тіршілік ететін жәндік.(зұламат)

4.      Бунақденелілер класында неше отряд бар (отыз бес)

5.      Дернәсіл орысша қалай аталады (личинка)

6.      Шала түрленіп дамитын ұшаққа ұқсас жәндік(инелік)

7.      Ауыз мүшесі кеміргіш жәндік (таракан)

          II.Кіріктірілген бөлім.

Рефлексиялық-бағалау кезең

«Иә» немесе «жоқ» сұрақтарға жауап беру

1 Бунақденелілердің бәрі зиянды ма? (жоқ)

2. Бунақденелілер демтүтік арқылы тыныс ала ма? (иә)

3. Шыбын шала түрленіп дамиды ма? (жоқ)

4. Бунақденелілердің зәр шығару мүшелері мальпигий түтікшелері ма? (Иә)

5. Масаның ауыз мүшесі шаншып-сорушы ма? (иә)

6. Балараның ауыз мүшесі сүзіп-жалаушы ма? (жоқ)

7. Бунақденелілердің денесі 3 бөліктен тұра ма? (иә)

8. «Имаго» сөзі ересек жәндік деген мағына бере ме? (иә)

9. Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілер толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атала ма? (жоқ)

10. «Энтомология» бунақденелілерді зерттейтін ғылым ба?(иә)

11. Балара ауыл шаруашылық зиянкес па?  (жоқ)

12. Бунақденелілерде 4 жұп аяқ бар ма?(жоқ).

Өзін-өзі бағалау парағы

№      Пән аты              тапсырмалар       Мұғалім берген ұпай саны   Оқушы берген ұпай саны

1       Математика        1-тапсырма         25    

2       Қазақ тілі   2-тапсырма         25    

3       Қазақстан тарихы        3-тапсырма         25    

4       Орыс тілі   4-тапсырма         25


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бунақденелілердің көбеюі және дамуы
Бунақденелілер .
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілер класы Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Шала түрленіп және толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Бунақденелілердің дамуы
Бунақденелілер
Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны
Бунақденелілердің дамуы
Тікен терілер
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6972 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык