Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 6291 |
|
|
|
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Сабақтың тақырыбы Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Сабақтың мақсаты:
Оқу материалын оқушыларға 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгерту, оқу техникасының көлемін,сапасын және шапшаңдығын арттыру,ойлау шапшаңдығын, жады мен зейінді дамыту.
Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.
ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
өз бетінше білім алуға үйрету,ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету,өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету
Көрнекілігі ,дидактикалық материалдар:тірек-конспект,интерактивті тақта,
ООМ,
Сабақтың барысы:
Сабақтың
құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1кезең.
Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылардың зейінін жинақтау: ООМ
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі
2кезең.
Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру.
Жетекші білім метод амалдарын өзектендіру кезеңі
Үй тапсырмасы бойынша ТСҚ жазу.
Жаңа тақырып тірек-конспект арқылы түсіндірілді
Тірек сөздер
1.Қарын және ішек аурулары.
2.Дизентерия.
3.Іш сүзегі.
4.Тырысқақ,тырысқақ вибрионы
5.Ішекте болатын аурулар.
6.Таспақұрттар.
7.Ішексорғы.
8.Қылқұрттар.
9.Эхинококк.
10.Гигиена.
11.Тағамнан улану.
12.Диетология.
13.Дұрыс тамақтану.
14.Тамақтану ережесі.
Кіріспе жасауға-7-10мин
3кезең.
Стандарттық
және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру
Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс.
Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады:
Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталынып, тақтаға жазылады.
Тақтадағы тірек сөздерді оқушылар есте сақтайды,уақыт біткен соң сөздер жабылып, есте қалғандарын дәптерге жазады.
Сөздер ашылып, салыстырылады,ұмытып кеткен сөздермен толықтырады
Мәтінді оқу жылдамдығы 1бетке 3мин.ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «- » таңбамен белгіленеді.
Тірек сөздерді дәптерге жазу.14 сөзге2мин уақыт беріледі.ООМ-да
Неше сөз жазғандығы тексеріліп. бормен сөз саны жазылады
4кезең.Білімді өз бетінше қолдану
Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады
1.Қарын және ішек аурулары не арқылы таралады(ауру қоздырғыш микробтар)
2. Қарын және ішектің қауіпті ауруларына қандай аурулар жатады(дизентерия,іш сүзегі,тырысқақ,,т.б.
3.Ауру белгілерін атап айтыңыз.(дене қызуы көтеріледі,құсады,ішек қызметі бұзылып,іш өтеді)
4.Тіршілікке ерекше бейім микоробтарды атаңыз(тырысқақ ауруының қоздырғышы-тырысқақ вибрионы)
5. Тырысқақ ауруына тез әсер ететін зат(хлорлы әк)
6.Тырысқақ індеті таралған жерде не істеу керек(алдымен қолды сабынмен жуады,одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып,артынан таза сумен жуады).
7.Ішек қарын ауруларын не таратады(шыбындар,тарақандар)
8. Тағамдарды қалай сақтау керек(тоңазытқышта,арнайы ыдыстарда,қораптарда)
9. Ішек құрттарымен зақымданған жағдайдағы ауру белгілері. (тез шаршайды,басы ауырады,лоқсиды,құсады.)
10.Адам ағзасы көбіне неден зақымданады(таспақұрттар,ішексорғы,қылқұрттар,эхинококкпен,)
11.Ішек құрттарынан сақтану үшін нені сақтауымыз керек(гигиенаны)
12.Тамақпен уланғанда қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі(ішекті қарынды жуып тазалау,олүшін 1 стакан жылы суға 1 шай қасық ас содасын қосып, немесе марганцовка ерітіндісін ішкізеді,ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек.Ішті тазалағаннан кейін ауру адамға қою шай беріп,төсекке жатқызады.
13. Диетология қандай ғылым.(Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым)
14.Тамақтану ережесі бойынша адам қүнделікті қалай тамақтануы дұрыс( бір мезгілде)
15.Күніне неше рет тамақтануға дағдылану керек(4 рет)
16. Бір күн ішінде пайдаланатын тамақ калориясының мезгілге байланысты қандай үлесте болғаны тиімді(таңертеңгілік және кешкі асқа 20% ,ал сәскелік және түскі астың әрқайсысына 30% үлестен келу керек)
17.Кешкі асты ұйықтаудан неше сағат бұрын іщу керек(2сағ) Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5баллдық шкаламен түрлі түсті бормен баға қойылады
5кезең.
Бақылау және өзін-өзі бағалау
Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырады Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап,сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс –бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді. 5+30
Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін 30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады.Осы тақырып бойынша 1нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады 2нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады.
Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұхсат етілмейді
6кезең.Түзету және рефлексия
Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру.Жіберілген қателерді талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ жазу.
Жіберілген қателерді талдау.
7кезең.Қорытындылау
Тез және сапалы жұмыс жасаған ,толық жауап берген оқушыларды мадақтау.Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау,барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 баллдық шкаламен бағаланады
8. кезең.Үй тапсырмасы ең.Үй тапсырмасы 4белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады 49параграфты оқу,деңгейлік тапсырмаларды орындау 4белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады 49параграфты оқу,деңгейлік тапсырмаларды орында
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |