Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті


Балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті

Сабақтың тақырыбы Балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті

Сабақтың мақсаты: 
a) Балықтардың сыртқы және ішкі ортасымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен-бірін   топтық жүйесіне сүйене отырып балықтарды ажырата білу білімдерін тексеру;
ә)   Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін ой – өрісін дамыту.
б)  Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
д) оқушылардың алған білімдерін жинақтау және қолдана білуі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: хабарлау,сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік, әңгімелеу т.б.
 Сабақтың көрнекілігі: презентациясы, микроскоп, микропрепарат, сазан балығы, сазанның сыртқы және ішкі құрылысы. 
Сабақтың барысы: 
 
Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп тараған түрі – балықтар. Балықтар әлемі өте бай да сан алуан.Олар мұхит,теңіз, бұлақ, су қоймалары, тіпті үңгірлерде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында да тіршілік етеді. Балықтар түрінің шамамен төрттен үші теңіз суларын мекендейді.
Балықтар тек қана жүзе біліп, жүре алмайды екен деуге болмайды. Мәселен,жыланбалық сусыз бірнеше тәулікке шыдап, кейде жағаға жорғалап шығады және егіндіктен сұлы мен бұршақты да теріп жейді. Олардың құрғақшылық арқылы бір судан екінші суға көшетін кездері де жиі ұшырайды. Ал,Африка суларында мекендейтін протоптера балығы құрғақ салындағы оралып 3-4 жылға дейін жаиып қалады. 
Балықтар суда тіршілік еткенімен,олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта балықтардың небір таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді домалақ болса, енді бірі оқтауға ұқсас жұмыр, тағы бірі белбеу тәріздес жіңішке де ұзын, кейбірі жапыраққа ұқсаса, тағы бірі жалбыр-жалбыр жыртық-жамаулы шүберек сияқты, тіпті жайма нан тәріздес қабыса біткен, сыртқы пішіні,бояуы бір-біріне ұқсамайтын балықтар бар.
1-тапсырма  Балықтардың сыртқы пішінінің алуан түрлілігі  (2-слайд)  3-слайдтағы кестені толтырыңыздар. (тапсырманын жауабы 4- слайдта  бағалаудын өзін-өзі тексеру түрінде өткеріледі)
2-тапсырма. (5слайд)  Слайдтағы сурет бойынша оқушылар балық қанқасы бойынша білімдерін түйіндейді және 6-слайд бойынша өз жұмыстарын тексереді
3-тапсырма. (7-8 слайдтар) Балықтардың ас қорыту жүйесі  бойынша оқушылар топпен   кластер құрастырып және оны жақтайды.
4-тапсырма. (9-слайд)  Балықтардың  қан айналым  жүйесі  бойынша оқушылар топпен   кластер құрастырып және оны жақтайды.
5-тапсырма. (10слайд) Балықтардың  тыныс алу  жүйесі  бойынша оқушылар жеке өздеріне               (11-слайд)та берілген парақтағы кестені толтырады   және оны  нәтижесін өздері келесі (12 слайд)бойынша тексереді немесе бір-бірінің жұмыс тексеруді сұраймын.
 6-тапсырма. (13слайд) Балықтардың  жүйеке  жүйесі  бойынша оқушылар топпен   кластер құрастырып және оны жақтайды
7-тапсырма.(14-15 слайдтар) (Балықтардың  жүйелік топтары  бойынша оқушылар топпен   кластер құрастырып және оны жақтайды.
 
 
Балықтар әлемі   (оқушылардың дайындаған мәліметтері)
(16-17-18-слайдтар)
1-оқушы :  Балалар сіздер электр балықтар туралы не  білесіздер ?  (16-слайд)Электрлі балықтардың тіршілік ететіндігі жайлы көне заманда да белгілі болған. Электрлі мүшелері бар балықтардың негізгі топтары:скаттар,жыланбалықтар және жайындар.Электр разряды бар бұл балықтар өздерінің бұл қабілетін қорғаныш ретінде,жемін жансыздандыру үшін, жемі орналасқан жерді бағдарлау үшін пайдаланады. Электрлі жыланбалық тарататын токтың кернеуі орта есепппен 350 вольттан көп болмайды. Тіпті ежелгі римдіктер электрлі скаттың электр разрядын жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.
2-оқушы: (17-слайд) Аквариумға акула сыймайды.... мен сіздермен келісемін, бірақ Қара теңізде кездесетін шаншарлы акула болғаны 2 метр. Шеміршекті балықтардың силур дәуірінде тіршілік еткендігін білеміз.Акулалардың дене тұрқы да әр түрлі мөлшерде.Ұзындығы 15-40 см-ден аспайтын жасыл акуламен қатар 15 метрге дейін жететін алып акулалар болады.Акуланың алты қатар тістері бар.Ол тістер кезек-кезек,тозған сайын алмасып отырады. 10 жылда 24 000 өткір тісін ауыстырады екен. Акула бір тістегенде 5кг, кейде 7 кг, бұлшық етті бірден алқымға алады екен. Акуланың торсылдақтың болмауынан  өз денесін қимылсыз бір деңгейде ұзақ ұстап тұра алмайды батып кетеді.Акулалар шабағының салмағы 45 кг, туа салысымен жетіліп кететіндіктен тамақты бірден өздігінен аулауға бейім болады.
3-оқушы:  (18-слайд)Аквариумде пішіні шахмат атына ұқсайтын залалсыз кішкене балық тірі ағзадан гөрі ойыншыққа көбірек ұқсайды.Тіссіз кішкене аузын басының созындысы, ұзынша түтік тәріздес тұмсықша ұшынан көруге болады. Тұлғасын сүйекті жұқа сақиналар жапқан,құйрық қанаттары жоқ,құйрығы ілгекке ұқсайды. Осы құйрықтың көмегімен балдырларға жабысып алып, өзінің қорегін аңдиды. Қозғалғанда денесін тік ұстап жүзеді. Дене бітімі залалсыз балықтың жауынан қорғану кепілі іспеттес. Бұларды теңіз атбас балығы деп атайды. Теңіз атбас балығының негізгі мекені – Авсралия жағалаулары.Бізде Каспий,қара теңіз және Жапон теңіздерінде кездеседі
6-тапсырма   Шеміршекті және сүйекті балықтардың салыстырмалы кестесі толтырыңыздар 19слайд , 20-слайд бойынша тапсырма орындалып және  тексеріледі.
Үй тапсырмасы:  Балықтар тақырыбына сөз жұмбақ құрастыру

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балықтарға жалпы сипаттама.
Балықтар
Сүйекті балықтар класы
Балықтардың көбеюі және дамуы
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары
Балықтар әлемі
Балықтар класына жалпы сипаттама
Балықтар
: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан, жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7150 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык