Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 2898 |
|
|
|
Биология сабағында аналогия әдісін қолдану
Биология сабағында аналогия әдісін қолдану
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытыда ғылыми таным әдістерін пайдаланудың маңызы зор.Ғылыми танымның жалпы әдістеріне индукция,редукция,анализ,синтез,аналогия,классификацялау,жалпылау,салыстыру,т.б.жататыны белгілі.Биология сабақтарында аналогия әдісінің алатын орны ерекше.Табиғаты жағынан,систематикасы жағынан ұқсас ағзалардың ортақ белгілерін ажырату,олардың сәйкес элементтерін табу аналогиялық ой қорытудағы басты тәсіл болып табылады.
«Аналогиялық»-грек тілінен аударғанда ұқсас,сәйкес деген мағынада.Биология пәнін оқытуға аналогияны пайдалану тиімді әдістердің бірі болып саналады.Оқушының өздігінен ізденіп тиісті тапсырмадағы ағзаның,құбылыстың,қасиеттердің ұқсастығы мен айырмашылығын табуда,ұлттық бірыңғай тестке дайындалуда да осы аналогия әдісі жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Ол оқушылардың есте сақтауын да жақсартады.Оқушылардың тақырыптық,шығармашылық жұмыс жасауына қызығушылықтарын арттырады.
Осы әдісті қолданудың бірнеше мысалдарын қарастырайық.
6-сынып «Бүршіктің құрылысы»
Өсу бүршігі Ортақ Гүл бүршігі
Бастама
Жапырақ
Тек ұзарған өренде Сыртқы қабыршақ
Алғашқы сабақ Гүл шанақ
Қысқарған өренде
Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы
Тамырсабақ Тамыр
1.Тамырсабақтың ұшында бүршік болады
2.Буын және буынаралығынан тұрады
3.Жапырақтары қабыршақты,қоңыр түсті
4.Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады
5.Бүршіктен дамиды
6.Тек көп жылдқ өсімдіктерде болады
1.Тамыр ұшында оймақша бар
2.Буын және буынаралық болмайды
3.Жапырақ болмайды
4.Бүршіктері жоқ
5.Ұрық тамыршасынан дамиды
6.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады
Тұқымның құрылысы бойынша
Қос жарнақты ұқсастығы дара жарнақты
1.Екі тұқым жарнақты
2.Қабығы суға жібігенде тез суланады
3.Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады 1.Тұқым жарнағы бар
2.Қабығы тығыз
3.Ұрық
-сабақша
-тұқымша
-бүршікще 1.Бір тұқым жарнақты
2.Қабығы суға жібігенде сулануы қиын
3.Қоректік зат эндоспермде жинақталады
Тұқымдастар
көкнәр,алабота,асқабақ,орамжапырақ,
құлқайыргүлділер,раушангүлділер,
бұршақ,алқа,кіріккен күлтілілер,
еріндігүлділер,күрделігүлділер Тұқымдастыру
лалагүл,құртқашаш,пияз,інжугүл,
астық
Омыртқалы жануарлардың ішкі құрылысы
Жануарлар Зәр шығару мүшесі Тыныс алу мүшесі Жүрегінің құрылысы Мекен ету ортасы
Балықтар Бүйрек,қуық Желбезек Екі қуысты,тұйық қан айналым шеңбері Су
Қосмекенділер Бүйрек, клоака,қуық Өкпе,тері,желбезек Дернәсілі
2 бөлікті,біршеңберлі,ересегі
3 бөлікті,екі шеңберлі Су,құрлық
Жорғалаушылар Бүйрек,қуық өкпе 3бөлікті жүрек қарыншасында жартылай перде бар,тек қолтырауындікі
4 бөлікті Су,құрлық
Құстар Бүйрек,клоака Өкпе,қосарлы тыныс алу 4 бөлікті,2 жүрекше,2қарынша,
2 қанайналым шеңберлі Су,құрлық-ауа
Сүтқоректілер Бүйрек,қуық өкпе 4 бөлікті,2 жүрек-ше,2қарынша,
2 қанайналым шеңберлі Су,құрлық-ауа
топырақ
Жәндіктердің тыныс алу және зәр шығару мүшелері
Жәндіктер Зәр шығару мүшесі Тыныс алуы
Гидра Бүкіл денесі Суда еріген оттегімен,бүкіл денесі арқылы
Шұбалшаң Әр буылтығында екі-екіден орналасқан имек түтікшелер Тері жабыны
Қос жақтаулы былқылдақ денелілер Шапанша қуысына ашылатын бүйрек Тыныс саңылауынан және шапанша қуысы,шапанша қалтасы,қантамыры,суда тіршілік ететіндері желбезек тақташаларымен сифондар
Өрмекші Аяғындағы сатанбез және мальпигий тамыршасы Қос өкпе-ауа қапшығы
Қоңыз мальпигий тамыршасы Хитинді демтүтік
Шаян Екі жасыл без Екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өзекшелер-желбезектер
Аналогия әдісі-индукция әдісімен тығыз байланысты,яғни қарапайымнан күрделіге,жекеден жалпыға қарай бағытталады.Мысалы: қан жасушаларынан дәнекер ұлпасына,одан ағзалық жұмысының реттелуіне (гуморалдық реттелу),оны жүзеге асыратын ішкі секреция бездеріне,бездердің қызыметі арқылы ағзаның тұрақты дамуы мен реттелуіне т.с.с.
8-сыныптағы «Ағзаның ішкі ортасы»тақырыбын толық түсіну үшін аналогия әдісі негізінде ішкі ортаның құрылысы мен қызметіне,қан жасушаларының құрылысын,қасиетін,қызметін пайдаланамыз.
Жасуша аттары Эритроциттер Лейкоциттер Тромбоциттер
Сурет
1 мм³ қандағы мөлшері 5 млн дейін 4-9 мың 180-320 мың
Пішіні 2 бүктелген Домалақ Дұрыс емес
Құрылысы Мембранамен жабылған,ядросы жоқ,гемоглобин Ядросы бар түссіз жасуша Ядросыз,сүйек майындағы ірі жасуша бөлімі
Түзілетін орны Қызыл сүйек майы,көкбауыр,қызыл пульпа Көкбауыр(ақ пульпа)лимфа түйіндері,сүйек майы Қызыл сүйек майы
Тіршілік ұзақтығы 120 күн 1 күннен бірнеше күнге дейін 5-8 күн
Қызметі О2 мен СО2 тасымалдайды Қорғаныштық
(фагоцитоз),иммунитет Қан ұйыту,тамырларды қалпына келтіру
Мұнда бірнеше сабақтың материалы қамтылғандығын байқаймыз,одан жүрексінетін ештеңе жоқ.Біздің ұтатынымыз,оқушылыр аналогия әдісі негізінде ағзаның ішкі ортасы тақырыбындағы түйінді ұғымдарды шығармшылықпегн тұжырымдайды.
Қазіргі педагогикалық оқыту әдістерінің бірінде аналогия әдісінің элементі ретінде Венн диаграммасы қолданылуда.
Педагогикамыз зерттеулерде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше мән беріледі,осыған орай пән мұғалімі теориялық білімді өздері меңгерумен бірге оны оқушыларға жеткізе білуде ғылыми таным әдістерін сабаққа орынды қолдану оқушылардың қабілетін дамытуда оң нәтижелер беретіні сөзсіз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |