Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жорғалаушылар класы


Жорғалаушылар класы
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы
Сабақтың мақсаты. Жорғалаушылардың дене құрылысы мен тіршілік әрекеті жайында мағлұмат беру;
Сабақта күтілетін нәтиже: Оқушылар жорғалаушылардың дене құрылысы, отряды, тіршілік әрекеті жайында түсінік алу;
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ түрі.
Сабақтың пән аралық байланысы.
Сабақтың мазмұны: І. Кіріспе
А) Ұйымдастыру бөлімі
Ә) Үй тапсырмасын сұрау
Б) Сыныпты топқа бөлу
ІІ. Тұсаукесер
ІІІ. Негізгі бөлім.
А) Жаңа сабақ түсіндіру
Ә) «Джигсо» әдісі бойынша постер қорғау
ІV. Қорытынды
А) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Ә) БТЗО кестесін толтыру
Б) Рефлексия ( Блум терегі) әдісі бойынша
В) Бағалау
Г) Үйге тапсырма беру.
І. Кіріспе: Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлеметсіздерме балалар, көңіл-күйлеріңіз қалай. Сыныпта кезекші кім, сабақта кім жоқ.
Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада берілген сұрақтарға жауап беру және сәйкестендіру тестісі арқылы жүзеге асырылады.
1.1 Қосмекенділер деп неге аталады?
2. Қосмекенділердің қазіргі кездегі түр саны және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелгені қанша?
3. Қосмекенділердің тері жабыны
4. Ең алғаш қосмекенділердің асқорыту жүйесінде не пайда болған?Ю
5. Дернәсілдері қалай аталады және олар қалай тыныс алады, ересектернінен айырмашылығы?
6. Жүрегі неше бөлікті неше қайналым шеңбері бар?
7. қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекндіні ата№
8. Есту мүшесі неден тұрады?
1.2 сәйкестендіру тестісі: тақтада берілген қосмекнділерді отрядтарына байланысты бөліп оларға қысқаша мәлімет беріп кетеді.
ІІ. Тұсаукесер: Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады.
1.Қандай бауырмен жорғалайтын жануарларды білесіңіздер? Аттарын атаңыздар?
2. Табиғатта немесе өздерің мекен ететін жерлерден қайсысын кездестірдіңіздер?
3. Олардың басқа жануарлардан айырмашылығы неде деп ойлайсыңыздар?
Сонымен біз бүгінгі жаңа сабақта қандай тақырыпты өтміз деп ойлайсыңыздар
Осы жерде сабақтың тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтижесімен таныстырып өтемін.
Тақырып бойынша терминдермен жұмыстанып, дәптерге толтыру
Герпетология- жорғалаушыларды зерттейтін ғылым
Метанефрос- бүйректің жамбас қуысында орналасуы
Жыланның уы- түрін өзгерткен сілекей безі
Аллигатор- қолтырауын түрі
Гавиал- азғы
Тәлімбақ, жыланхана- жылан өсіретін орын
Парейазавр- жақ сүйекті кесіртке, алғашқы жорғалаушылардың бірі
Гюрза- жұмыртқа
Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру: жаңа сабақты түсіндіру барысында алдымен жорғалаушылар туралы 5 мин видеодан көрініс көрсетіледі. Кейін слайд арқылы тірек сызалы түрде жаңа сабақ түсіндіріледі.
Жорғалаушылар нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Олардың 8 000- ға жуық түрі бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғы, крокодилдер жатады. Кластың жорғалаушылар деп аталу себебі—жерді бауырлай жүретіндіктен. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Бұл класты зерттейтін ғылым- герпетология деп аталады.
Жорғалаушылар
Т і р ш і л і к о р т а с ы

Құрлық- су- топырақ астында- ағаш басында

Түр саны
Жер бетінде 8 000- Қазақстанда 51 түрі
Дене бөлімі:
Бас-мойын-тұлға-құйрық- бессаусақты аяқтарынан
Терісі:
Құрғақ- бездері өте аз- мүйізді қабыршақты- қалқанша- сауытпен
Қаңқасы бес бөлімді:

Бассүйек- омыртқа жотасы Иық белдеуі жамбас белдеуі алғаш
Алдыңғы аяқ артқы аяқ кеуде қуысы
Бұлшықеті:

Жақсүйектері- мойнында- кеуде құрсақ қуысында- аяғында жақсы дамыған
Ас қорыту жүйесі:
Ауыз қуысы-жұтқыншақ-өңеш- қарын-ішек-клоака
Бауырдан өт өзегі Ұйқы безінен сөл
Тыныс алу жүйесі:

Танау тесігі- жұтқыншақ- көмекей- кеңірдек-ауа тамыр- өкпе
Қанайналым жүйесі:
Қан айналым шеңбері 2 үлкен және кіші өкпелік
Жүрегі 3 бөліктен- оң жақ құлақша, сол жақ құлақша, қарынша
Зәр шығару жүйесі:
Жамбасқа жақын орналасқан 2 бүйрек-екі несепағар түтігі- қуық- клоака
Сезім мүшелері:
Көз-құлақ-танау тесігі-тіл
Көбеюі:
Дара жынысты- іштей ұрықтанады- жұмыртқа салады- тірілей туады.
Отрядтары:
Тұмсықбастылар- қабыршақтылар-тасбақалар- крокодилдер
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң оқушылардың өздіктерінен отрядтарды біліп, жұмыстануы үшін 4 топқа бөлген күйде әр отряд бойынша: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер постер дайындап, қорғау тапсырылады. Дайындық 10 мин, қорғау әр топқа 3 мин. Топтар кейін 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бір-біріне бағалау жүргізеді. Топтар өз постерлерін қорғау кезінде алдарына карточка түрінде деңгейлік тапсырмалар беремін. Постерлерін қорғап болған соңжаңа сабақ бойынша деңгейлік тапсырмаларға жауап береді.
Сабақты қорытындылау:
А деңгейі: Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады? Жорғалаушылардың жүрегінің құрылысы қандай? Қазақстанда тасбақалардың қандай түрлері кездеседі?
В деңгейі: 1. Жорғалаушылардың тері жабынының ерекшеліктерін атаңдар? Жорғалаушылар қандай отрядтарға бөлінеді? Қазақстанда улы жыландардың қандай түрлері кездеседі?
С деңгейі: Жорғалаушылардың қаңқа құрылысындағы ерекшеліктерді атаңдар? Гатерияның өзіне тән қандай белгілері бар? Жорғалаушылардың қосмекенділермен ұқсас және айырмашылық белгілерін сипаттаңдар?

БТЗО кестесін толтыру: Оқушылар мұғаліммен бірге толтырады.

№ Білемін Білгім келеді Мен үшін жаңалық

Рефлексия ( Блум терегі арқылы )
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: «Жорғалаушылар» туралы қызықты мәлімет жинап реферат жазу. Тақырыпты оқу.
- Сабақ аяқталды, сау б
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бауырымен жорғалаушылар.
Жорғалаушылар класы
Омыртқалылар типінің кластары
Кластың жалпы сипаттамасы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Қосмекенділер түрінің сан алуандығы
Қосмекенділер түрінің сан алуандығы
: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан, жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Автор Құрақова Айнұр

БҚО, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы ЖББОм биология пәні мұалімі

Бөлім: Материалы / Биологиядан ашық сабақтар | Көрсетілім: 9769 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар