Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері


Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері

Сабақтың тақырыбы: Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері

Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі, тамырдың дамуы, 
                    тамыр жүйелерінің типтері,олардың құрылысының ерекшеліктері,тамыр қызметі
                    туралы түсінік беру; 
Тәрбиелілігі:Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы  маңызын тамыр күтімін зерттеп,
                      талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өзара 
                      ынтымақтастыққа тәрбиелеу 
Дамытушылығы:  Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту  туралы білімнің
                              маңызын ашу; зертханалық жұмысты сауатты орындау  дағдыларын 
                              қалыптастыруды жалғастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың типі: аралас
Оқыту әдістері:  индуктивті, дедуктивті,  иллюстративтік
Пәнаралық байланыс: сурет,органикалық химия
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, бейне слайдтар, кеппешөптер, 
                                          тәжірбиелік ыдыстар
Сабақтың  жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру      а) Нөмір ойыны
                                                     ә) Сызықтық диктант
3. Жаңа білім беру 
4. Зертханалық жұмыс 
5. Бекіту                                     а) Сандар сыры
                                                     ә) Жеребе 
                б) Жағдаят 
                                                     в) Құпияхат                                        
7. Бағалау.
 8. Үйге тапсырма беру.
9. Қорытындылау.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру                             
   Сәлемдесу, қатысым тексеру, дайындықтарын бақылау, төрт топқа бөлу; 
2. Үй тапсырмасын тексеру: интерактивті тақта арқылы  бағалау  парағына  ұпай жинау;
                     Бағалау парағы
№ Оқушының
аты – жөні
 
Үй тапсырмасын
тексеру   Жаңа сабақты бекіту Оқушы ұпайы Бағалары 
Нөмір Сызықты
диктант Көрсет-кіш сан Жеребе Жағдаят Құпияхат
 
 
Ойын  шарты : Сынып төрт топқа бөлінеді, әр топта 4 -5 оқушыдан бейдж  нөміріне сәйкес 
                          тапсырмаларды таңдап, дайындалып жауап береді.    
I топ 
1. Тұқым неден тұрады?   
2. Өсімдіктер неліктен дара және қос боп бөлінеді?
3. Ұрық неден тұрады?       
4. Эндосперм деген не?       
II топ.
1. Тұқымның өнуін бақылау үшін қандай тәжірибелер қойылды?
2.Бір аптадан соң төртінші дыста қандай өзгеріс болды?
3. 1, 2 және 3 ыдыста қандай өзгеріс болды?                            
III топ. 
1.Тұқымның тыныс алуы үшін  міндетті түрде не керек?        
2.Тыныс алуды дәлелдеу үшін  қандай тәжірибе жасалды ?        
3.Бөрткен дәндері бар стакан- дағы шырпы неге сөніп қалды?             
4. Бос стакандағы шырпы неге жана береді?           
IV топ.
1.Тұқымның құрылысы
2.Тұқымның өнуі
3.Өскіннің өсуі  құбылыстарын сурет арқылы әңгімелеу
Тұқымның өнуі және өсікінің өсуі
                 
 
Сызықтық диктант. 
Тақтадағы тапсырмалардың ішінен дұрыс жауаптарын тауып «иә»бағанына, қате жауапқа «жоқ» бағанына белгілеңіз.
1. Барлық өсімдіктердің тұқымдары, негізінен, органикалық заттардан
тұрады.
2. Бидай, жүгері, күріш дәндері майларға бай.
3. Асбұршақ , үрмебұршақ тұқымдарында көп мөлшелерде нәруыз болады.
4. Күнбағыс, зығыр,майкене ( келщевина)- майлы дақылдар.
5. Балуыз(клейковина)- өсімдік крахмалының ерекше түрі.
6. Балуыз - өсімдік нәруызы.
7. Ұрығы мен эндоспермі зақымданған тұқым тезірек өседі.
8. Қоректік заттар қоры тұқымның өнуінің маңызды шарты болып табылады.
9. Егу үшін едәуір ірі тұқымды іріктеп алады, себебі одан жақсы өскін өсіп шығады
                                       Эталон арқылы тексеру
 
 
Сұхбаттасу кезеңі: Жаңа тақырыпты оқып – білуБүгін біз тамыр  туралы айтамыз 
1.Тамыр қандай мүше болып табылады? 
2.Тамырдың негізгі қызметі қандай? 
3.Тұқымда қандай мүше  ең бірінші пайда болатынын еске түсіріңдер
4.Бақбақты тамырымен бірге жұлып көрдіңдер ме? Қиын ба?  Неліктен?        
Тамыр қызметі. Тірек , Қорек
 
 
Бекіту кезеңі
Көрсеткіштер сан тапсырмасы
 
                                  Жебе тапсырмасы 
                               Зертханалық  жұмыс № 5              
 Әртүрлі өсімдіктердің тамыр жүйелерінің құрылысын қарастырып көрейік. 
 1. Кішкентай банкадағы әртүрлі арамшөптердің   тамыр жүйелерін анықтайық. 
 2.Кіндік тамыр жүйесі айқын білінетін кіндік және жанама тамыр түріндегі негізгі тамырдан  тұрады.
 3.Шашақ тамыр жүйесі қосалқы тамырлардан тұрады. Қосалқы тамырлардың арасынан негізгі тамыр білінбейді. 
 4.Жапырақтар мен сабақтардан әрқашан қосалқы тамыр өсіп шығады.
 
 
                         Жағдаят кезеңінің тапсырмалары
                                             І топ.  
“Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс” мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.
 
                                              ІІ топ. 
Халық  даналығы  Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?
                                             ІІІ топ.
Орамжапырақ көшеттерін ашық жерге отырғызу кезінде кейбір өсімдіктердің негізгі тамырларының ұшын шырпиды, ал кейбіреулерін сол күйінде қалдырады. Қай өсімдіктер көбірек өнім береді? Сіздер неліктен олай деп есептейсіздер? 
                                          IV топ.
Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар?
Жағдаят тапсырмаларының жауабы
1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі. 
2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.
3. Ұшы шырпылған өсімдік тамырында жақсы түптенеді де, мол өнім береді.
4. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі.  
Құпияхат тапсырмалары
І топ. Үш сөзден құрылған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.
3 6 9 5 1
10 15 1 13 8
3 13 4 2
9 14 11
7 12
 
1-Р, 2-У, 3-Т, 4-Н, 5-Ы, 6-А, 7-С, 8-К, 9-М,
10-Қ, 11-Ш, 12-І, 13-Е, 14-Ү, 15-О
 5 ұпай.
 
ІІ топ. Үш сөзден құрылған тамыр қызметі туралы сөйлем шығады.
3 12 9 11 5
1 4 2 9 6 2 7
3 2 5 8 10 2
 
   1-Ө, 2-І, 3-Т, 4-С, 5-Р, 6-Д, 7-К, 8-Е, 9-М, 
      10-Г, 11-А, 12-А . 5 ұпай.
 
ІІІ топ. Сөзөрім. «Шашақ» тамыр жүйесінің типі.
 
т а м ы р ш а
қ а р ғ а к ө з
ү р м е б ұ р ш а қ
 
ж а н а м а
қ о с а л қ ы
 
1. Өнген ұрықтан алғаш пайда болатын мүше.
2. Тамыр жүйесі кіндік тамыр болып келетін дара жарнақты өсімдік. 
3. Қос жарнақты өсімдік.
4. Негізгі тамырдан шығатын тамыр.
5. Сабақ пен жапырақтан пайда болатын тамыр
 
 
 
IV топ.   Сөзөрім. «Кіндік» тамыр жүйесінің типі.
  ө с і м д і к
н е г і з г і
ж о л ж е л к е н
б и д а й
ө с к і н
т і р е к
 
1. Тамыр арқылы қоректенетін организм.
2. Қос жарнақты өсімдіктердің ұрығынан дамитын тамыр.
3. Тамыр жүйесі шашақ тамыр болатын қос жарнақты өсімдік.
4. Дара жарнақты өсімдік.
5. Тұқымнан жер бетіне шыққан кішкене өсімдік.
6. Тамырдың қосалқы қызметі. 
Құпияхат тапсырмаларының жауабы
1. Тамыр қоректену мүшесі
2. Тамыр өсімдік тірегі
3. Шашақ
4. Кіндік
 
 
 
 Тамыр- өсімдіктің  вегетативті мүшесі 
 Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.
                                Өсімдік   тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады, 
Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.
                               Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады, 
 Тамырға қандай жүктеме түсетінін  елестету үшін, күшті жел кезінде 
                                қолшатырды ашып, ұстап тұру керек. 
Бүкіл тіршілік бойы өсімдіктерде жаңа тамырлары түзіліп, ескілері өсіп
                              отырады. Өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын тамыр жүйесі
                             деп атайды. 
 
Оқушыларды бағалау
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру
                          Үйге тапсырма беру
1. § 12 оқу.    55-беттегі кестені толтыру.
2. № 6 зертханалық жұмысты қорытындылау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өсімдік мүшелері. Тамыр.
Ең үздік топ
Тамыр бөлімдері
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр-өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Тамыр . Тамыр жүйесі.
Жапырақ
Жапырақ
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6543 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык