Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тамыр-өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар


Тамыр-өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Тамыр-өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:  өсімдіктердің қоректенуі, топырақтан алатын заттар  мен  олардың тіршілігі үшін қажеттілігі туралы мәлімет беру
Дамытушылық: оқушылардың  табиғатың  арасындағы  айырмашылығымен,  ойлау, ой-өрісін дамыту, сабаққа қызығушылығын  арттыру.
Тәрбиелік оқушыларды табиғатты  сүюге,  қорғауға  баулу, адамгершілікке, патриотыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың  типі:  жаңа материалды меңгерту сабақ
Сабақтың  түрі:  аралас
Сабақтың  әдісі:  сұрақ-жауап,  әңгіме
Сабақтың  көрнекілігі: сурет.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.  Үй тапсырмасын  сұрау:
• Тамыр бөлімдерін ата?
• Тамыр оймақшасы  тамыр бөліміне кірмейтінін не себептен атап бер?
• Бөліну аймағы неше бөліктен тұрады?
• Тамыр оймақшасының  қызметі?
• Тамыр бөлімдерінің сызбанүсқа  арқылы кщрсетіп атап  бер?
• Жас  жасушалар  бөлінбейтін аймақты ата,  себебі  неде?
• Бөліну  аймағы  неше қабаттан  тұрады?
Ия және жоқ арқылы жауап беру
Тезистер жауаптар
1. тамыр – генеративті мүше.
2. пияздың тамыры – кіндік тамыр.
3. сору аймағында – тамыр түкшелері бар.
4. жанама тамырлар – сабақтан өседі.
5. өсу аймағында – жасушалар өсіп, созылады.
6. тамыр  оймақшасы  – тамыр аймағына жатады.
7. тамырдың қызметі – қоректік заттар түзілуі.
8. сабақтан – негізгі тамыр өседі.
9. кіндік тамыр – негізгі және жанама тамырдан тұрады.
10. тамырда  4 аймақ бар.
ІІІ. Жаңа сабақ.  
Өсімдіктердің  топырақтан қоректенуін  минералды  қоректену  дейді.  Минералды  қоректену - өсімдіктің  тамыр  арқылы керекті  элементтерді  топырақтан сіңіруі. 
Өсімдіктің қоректенуі – өсімдіктердің қоршаған ортадан бейорганикалық қосылыстарды қабылдап, бойына сіңіруі және олардың өсімдік бөліктерінің қалыптасуы мен жаңаруына, функцияларының энергиямен қамтамасыз етілуіне қолданылатын органик. заттарға айналуы. Фотосинтез және өсімдіктің минералдық қоректенуі ашылған соң өсімдіктердің екі негізгі: ауамен және топырақ арқылы қоректену көзі анықталды. Топырақ арқылы өсімдіктің қоректенуі минералдық қосылыстар мен топырақтағы органик. заттар арқылы жүзеге асады. Дегенмен өсімдіктің қоректенуі үшін көміртек (С),  оттек (О),  сутек (Н), азот (N), фосфор (P), күкірт (S),  калий (K), кальций (Ca),  магний (Mg), темір (Fe), т.б. қажет. Қоректік заттарды өсімдік көмірқышқыл газ (СО2) түрінде ауадан, су (Н2О) және минералдық тұздар иондары түрінде топырақтан алады; азотты тамыры арқылы сіңіргенде , оларды нитратты немесе аммоний тұздары түрінде қабылдайды. Ал ауадағы молекулярлы азоттың еркін қозғалыстағы түрін өсімдіктер жеңіл қабылдайды немесе азотжинаушы микроорганизмдердің көмегі арқылы сіңіреді. Ал қалған элементтер ион алмасу процесінде катиондар түрінде тамыр клеткалары арқылы сіңіріледі. Ол үшін топырақта ауа алмасып, тамыр оттекпен белсенді демалуы қажет. Жоғарыда аталған макроэлементтермен қатар өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтер: мыс (Cu), бор (B),марганец (Mn), мырыш (Zn), молибден (Mo), кобальт (Co), т.б. қажет. Өсімдік ағзаларына енген қоректік элементтер зат алмасу процесіне қосылады. Олар кейде өсімдік клеткаларында клетканың физ.-хим. қасиеттерімен анықталатын иондар түрінде де кездеседі. Көптеген өсімдіктердің қоректенуі микроорганизмдердің тіршілігімен тығыз байланысты. Кейбір өсімдіктер гетеротрофты (дайын органик. заттармен қоректенеді) тіршілікке бейім келеді. Ал паразитті және жартылай паразитті өсімдіктер толық гетеротрофты қоректенуге көшеді. Өлі органикалық қалдықтармен қоректенуді сапрофиттік, ал мұндай өсімдіктерді сапрофиттер деп атайды. Өсімдіктің көпшілігі көмірқышқыл газын сіңіріп , оны органикалық  қосылыстарға айналдырады. Қоректенудің бұл түрін автотрофты деп атайды. Мұндай қоректену барлық жоғары  сатыдағы өсімдіктерге , балдырларға және кейбір бактерияларға тән.  Гетеротрофты өсімдіктер өлі органик. қалдықтарды алғашқы минералдық заттарға дейін ыдыратады. Өсімдік шаруашылығында Өсімдіктің қоректенуін реттеп отыру органик. және минералды тыңайтқыштарды қолдануға негізделген. Ол үшін топырақтың құнарлылығы , дақылдың физиологиялық ерекшеліктері мен элементтерді шығаруы, қолайлы су режимі, т.б. есепке алынады. Өсімдіктің қоректенуі арқасында органдардың өсуі, артық заттың қорға жиналуы, ақырында жемісі мен тұқымының жетілуіне қажетті қорек және энергия түзіледі. Өсімдіктің қоректенуі дұрыс жүруі үшін тұзды топырақтарды мелиорациялау, топырақты өңдеу және арам шөппен күрес , т.б. агротех. шаралар қолданылады. Өсімдіктің қоректенуіне байланысты табиғатта заттардың үлкен биогеохимия айналымы жүреді.
Тыңайтқыштар органикалық  және  минералды  болып екіге  бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштарға – қи, шымтезек, қарашірік,ьқұс саңғырығы  жатады. Минералды тыңайтқыштарға – фосфор, азот, калий (күл)  жатады.
Гидропоника  -  өсімдіктерді  топырақсыз өсіру әдісі. 
ҮІ. Сабақты  бекіту.
1. кестені  толтыр: 
Өсімдік аты Тыңайтқыш Қай мүшесіне қажет Шашу мерзімі Қандай  күйде
Қырыққабат Азот Жапырағы мен сабағы Жаздың алғашқы  айы Сүйық ертінді
Қызанақ Фосфор, калий Жемісіне Жаздың екінші жартсы Құрғақ және ерітінді
Картоп Фосфор, калий Түйнегіне   Жаздың екінші жартсы Ертінді және құрғақ
Күздік дақылдар Калий Барлық мүшесін суыққа төзімді етуге Күзде, тұқым себер алдында Құрғақ 
 
Ү. Қорытынды: сөзжұмбақ
1. Қандай элемент жетіспесе жапырақтар бозара бастайды
 2. Қарашірік қандай тыңайтқыш
3. Шашақ тамырлы өсімдік түрі
4. Фосфор элементі жетіспесе өсімдікте кемиді
5. Тамыр қоректік заттарды қандай күйде сорады
6. Өсімдіктің топырақтан қоректенуі
7. Қорек жасушаның қай бөлігі арқылы өтеді
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өсімдік мүшелері. Тамыр.
Ең үздік топ
Тамырдың түрөзгерістері
Тамыр бөлімдері
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр . Тамыр жүйесі.
Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері
Білгір биолог
Жапырақ
Тамыр бөлімдері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 9830 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык