Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қанның артериялық қысымы


Қанның артериялық қысымы

Cабақ тақырыбы Қанның артериялық қысымы

Қанның тамырлармен қозғалысы.
Сабақ мақсаты: Қан айналым жүйесі бойынша білімдерін толықтыру. 
Білімділік: Қанның артериялық қысымын, қанның тамырлармен қозғалуын түсіндіру. Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеуді үйрету.
Дамытушылық: Жүрек қантамырлар жүйесі бойынша білімдерін дамыта, тамырдың соғуы туралы зертханалық-ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық-денсаулық екендігі туралы терең түсінік беру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ:
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-зертханалық.
Көрнекіліктер: суреттер, тонометр, секундомер. Компьтерлік слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин.
-Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасы І Қызығушылықты ояту. 7 мин.
• Венн диаграммасы: « Кіші және үлкен қанайналым шеңберлерін салыстыру»
Кіші қанайналым шеңбері Үлкен қанайналым шеңбері
Айыр машы
лығы Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып , сол  жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады. Сол жақ қарыншадан қолқа тамырынан артерия арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды. Артерияда артерия қаны, венада вена қаны болады. Тасымалдау қызметін атқарады.
Ұқсас
тығы Тұйық қанайналым шеңберін түзеді, газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, артериола, капилляр, венула, вена қан тамырлары тән. Жүректен шығып жүрекке келеді.
ІІІ Жаңа тақырып: 25 мин.
Қан айналады жүректің әмірімен, 
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып, 
Адамға күш береді пәрменімен. 
- дей отырып біз жаңа тақырыпқа көшейік.
Жоспар: 
• Қанның артериялық қысымы:
• Қанның тамырлармен қозғалуы.
• Зертханалық жұмыс № 9 «Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін қан тамырдың соғуын есептеу».
ІІ « Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып, кластер құрады. 10 мин оқу. Кесте толтыру 15 мин
 
ІІІ «Ой толғаныс» кезеңі өздері зерттеу нәтижесін дәптерлеріне жазады.
№9 зертханалық  жұмыс.
Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу.
 
Керекті құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер.
Жұмыс мақсаты: 
1. Тамырдың соғуын есептеуге үйрену.
2. Тамырдың соғуын есептеу арқылы жүрек жиырылуының жиілігін анықтауды үйрену. Оның әр түрлі жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері туралы қорытынды жасау.
Жұмыс реті: 
1. Оқулықтағы §39- ды оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырдың соғуы дегеніміз не? Оны қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатыны түсіндіріңдер.
2. Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үреніңдер. 
3. 1 минуттағы: а) отырып, ә) тұрып, б) 10 рет отырып, тұрғаннан кейінгі тамырдың соққысын санаңдар.
Есеп беру тапсырмасы.
1. Дәптерлеріңе тамырдың соғуы, тамыр соғу жиілігі туралы жазыңдар.
2. Дәптеріңе кестені толтырыңдар.
Әр түрлі бұлшық ет жүктемесі кезіндегі тамырдың соғуының өзгеруі.
1 минуттағы тамыр соққысының саны:
 
Отырғанда Тұрғанда 10 рет отырып, тұрғаннан кейін
 
 
3. Алған нәтижелерді салыстырыңдар. Өз жүректеріңнің тыныштық және жүктеме түскен кездегі жұмысы туралы қорытынды жасаңдар.
ІV Қорытынды: Блум таксономиясы:
1. Соғады күні-түні алмай тыным.
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің. 
                                    (Жүрек)
2. Қан айналым мүшелерін ата. ( Жүрек, қантамырлар)
3. Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қан айналымның қай шеңбері?(Үлкен)
4. Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге, одан сол жақ жұрекшеге қозғалуы қанайналымның қай шеңбері?(Кіші)
5. Капилляр тамырларының қосылған жерлерін қалай атаймыз? (Артериола, Венула)
6. Артериялық қысым қай кезде ең көп болады? (қарынша жиырылғанда)
7. Қан қысым неде жоғары? (артериада)
8. Қан ағысының жылдамдығы неде жоғары?(қолқада)
9. Тамырдың соғуы дегеніміз не? (артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.)
10. Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы (0,5 мм/с)
«Ақша жоғалтсаң – ешеңеде жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін жоғалтқаның» - демекші оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайды қарамауын, бірінші байлық - денсаулық екендігі туралы терең түсінік берілді.
Қосымша деректер: а) Қан топтары. Қан мен мінез. Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтау.
Бірінші топ—қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл –сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
Екінші топ-сезімтал, сәл нәрседен көңлң қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады.
Үшінші топ- секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.
Төртінші топ-көздеген мақсатына жетуге жан- тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.
б) Қан туралы ертедегі түсінік. 
Адамдар көптеген уақыттар бойы қанды құдыретті, қасиетті күш ретінде таныды. Қанмен бір-біріне адал анттарын берісті. Қазақта «қан жылап тұрып айтты» деген сөз бар, бұл да қанның құдыретіне байланысты айтылған сөз қолданысты. Ежелгі гректерде құдайларына құрбандыққа қан апаратын дәстүр болған. Гректер қанды «жан» тасымалдаушы ретінде таныды. Гиппократ жүйке ауруына шалдыққандарға дені сау адамдардың қанын ем ретінде ішуді ұсынған. Ол дені сау адамдардың қаны таза болады деп есептеген.
Қанды ертеректе дәрілік сусындар қатарына жатқызып келді. Ержүрек және ақкөңіл адамдардың қандарын құю адамдарды ұлы батыр қылады деген теріс пікірде болған. Мысалы, Рим папасы Иннокентий VIII қартайған кезінде үш жас өспірімнің қанын өзіне құюды бұйырған, соң өкінішке ұрындырып, Рим папасы да, жас өспірімдер де өлген. Ал Франция ханшайымы Мария Медичи (XVII ғ.) кәрілікке қарсы қан ішіп отырған, бірақ одан оған ешқандай ем қонбаған.
Адамдар қан айналым және жүрек қағысы туралы білсе де, оның себебін түсіндіре алмады. Аристотельдің бұдан 2300 жыл бұрын «Қан мен жылу жүректе түзіледі» деген оғаш пікірі ғылымда XX ғасырдай дұрыс делініп келді.
Мигулэю Сервет Везалий еңбектерінің негізінде кіші қанайналым жолын  1553 жылы ашты. Уильям Гарвей 1628 жылы «Жануарлар қаны мен жүрек қозғалысына анатомиялық зерттеу» еңбегінде қанайналымды толық түсіндіріп берді. 
V Үйге тапсырма: §39 «Гипертония», «Гипотония» туралы мәлімет жинақтау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қанның артериялық қысымы.
Отан деп соғады жүрегіміз.
Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары
Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу
Қанның артериялық қысымы
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Иммунитет, иммунитет түрлері ЖИТС
Қан тамырлары. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3553 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык