Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 2990 |
|
|
|
Генетика
Генетика
Тіршіліктану пәнінде генетика тарауын халықтың даналық сөздерімен, тектілік туралы ұлағатты ұғымдарымен байланыстыру халық педагогикасының ғылыми негізі бар екенін түсіндірудің бірден-бір жолы. Оқушыларды нақыл сөздердін мазмұнын талдап, өз ойымен қорытынды жасауға үйрету мақсатында «Генетика» тарауы бойынша, қайталау сабағын сайыс түрінде өткізуді жөн көрдім. Сыныпты екі топқа бөліп, әр топтың аты, ұраны, мақсаты белгіленді.
1-топтың аты - Алғырлар.
Ұраны: Білімнен асар байлык, жоқ
Максаты. Ей, білімдар, түзу ұста жібіңді.
Кетпе ұмытып, ойлан тек пен түбіңді.
2-топтың аты - Зерделілер.
Ұраны: Білім - таусылмас кен.
Мақсаты.
Теріңді өзгерте алсаң да, тегіңді өзгерте алмассың!
Жұртыңды ауыстыра алсаң да, ұлтыңды ауыстыра алмассың!
Салтыңды ауыстыра алсаң да, халқыңды ауыстыра алмассың!
Сайыс бес бөлімде өткізілді.
1. Құралайды көзге атқан (нысана көздеу). Өлең мазмұнына қарай мақал табу.
2. Тапқыш болсаң, тауып көр. (Пікірің кандай? Қара сөз талдау).
3. Ал, қанекей, кім жүйрік? Бәйге (парақшалармен (карточкалармен) жұмыс).
4. Жекпе-жек (команда басшыларының сайысы). Мақалдар талдату, есеп шығарту.
5. Арқан тарту (команданың әр мүшесіне жеке сұрақ).
1-сайыс. НЫСАНА КӨЗДЕУ.
1-топқа. Ак, сүтпенен бірге сіңген жақсылық,
Айнымайды еш алғанша ажал қапсырып,
Ет-сүйекпен бірге сіңген қылығың
Өзгермейді салғанша ажал құрыгын.
2-топқа. Бала әкенің бел күшінен жаралып,
Құрсақта айлап жатады екен нәр алып.
Әке еңбегі ұл бойына сіңіскен
Көрінеді кейін атқа міністен.
I -топқа. Өзімде болмаса да затымда бар,
Жақсыменен ата-тегім араласқан.
2-топқа. Тумысы ізгі тек ізгілік төгеді,
Одан халқы тек шапағат көреді.
Тумысынан ессіз қанат қақтырмас
Жаһанға да, жұртқа да опа таптырмас.
1-топқа. Қаншама тентек болса да, көпшілікке тоқтайды,
Әділдікке бас иіп, намысыңды жоқтайды.
2-топқа. Жақсы туған баланың атасы жаман болса да,
Төрде отырып сый табар.
Баласы жаман туғанның атасы жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар.
Сайыс бойынша топтың қорытындысы шығарылды.
2-сайыс. ТАПҚЫШ БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР!
Өмірден мысал келтіріп, қорытындысын мақалмен түйіндеген жөн.
1-топқа: «Жаман боп жаралған адамға тәрбиеден пайда жоқ.» (сайф сарай). Мысал: Негізі қара ағармас, негізі кисық түзелмес.
2-топқа: «Егер мен закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» (37 қара сөз. Абай). Мы¬сал: Қисық ағаш тез қасында жатпайды.
3-сайыс. БӘЙГЕ (Есептер карточкамен берілді.)
1-топқа №1 карточка.
Тер бездерінін жетілмеуі жынысқа байланысты рецессивті белгі (х2), ал альбиностык. (пигменттің болмауы) рецессивті ген хромосомада . Ата-аналары екі белгісі бойынша сау болса да, ұлдары альбинос және тер бездері жетілмеген болып туған. Ата-аналардың генотипі кандай?
2-топқа № 2 карточка.
Дальтонизм "а" рецессивті ген жынысқа байланысты (Xя), ал талассе-мия (анемияның бір түрі) гені (Т) аутосомда орналасқан. Адам ТТ генімен туса өледі. Ал гетерезиготалы (Ті) болса, бұл ауру жеңіл түрде болады. Енді дальтоник әйел (х° х°) Ті талассемиямен ауырады. Ол көзі дұрыс, бірақ ТІ талассемиямен ауыратын ер адамға қосылған. Енді осы адамдардың балаларының генотипі мен фенотипі кандай?
Есептер тақтаға орындалды. Шығарылуы:
1-топ.
Ох2 6.x2 Ох их
оу ОВх2ү Шх2у ОБху Осіху.
йу Бсіх2у сІс!х2у Вйхү сісіху
2-топ
Тх іх. Ту <У
Тха ТТхха өледі Тіхха 2 ауру да бар ТТхау өледі Тіхау 2 ауру да бар
1ха Тіхха Ауру, тасымалдаушы Пхах
Сау,
тасымалдаушы Тіхау ауру Мхау Сау, ауру
1-топқа № 2 карточка.
Түн аруы гүлінің қызыл түсі ақ түске толымсыз доминантты. Осы өсімдіктерді өзара будандастырғанда қызғылт гүл алынды. Ғ! және Ғгұ ұрпактар алудың сызба нұсқасын жаз. Ғ2 - де белгілер ажырауы қалай жүреді? (сандық қатынас бойынша)
2-топқа № 2 карточка.
Қара нәсілділер (негр) терісінің қара түсі ААВВ {толымсыз екі ген-мен анықталған), ал ақ адамда аавв рецесссивті, осылардан туған мулаттардың терісі қандай? Мулат пен мулаттың балаларында (Ғ2) белгілер қалай ажыратылады?
1-топқа № 3 карточка.
Қан топтарының кездесуі жер шарында шешек және оба ауруларының таралуына әсер етеді. I топтың (О) қаны оба қоздырғышына тұрақты. II топ (А) шешек коздырғышына тұрақсыз, яғни қауіпті. Оба Индия, Монго¬лия, Египет, Қытайда көп кездеседі. Шешек эпидемиясы Алжир, Аравия, тропиктік Африкада басым. Жаппай эпидемиядан кейін бұл территорияда қандай кан тобы басым болады? Қандай әдіспен зерттеледі?
Жауабы. Популяциялық әдіспен зерттеледі. I, III топ басым бола¬ды.
2-топқа № 3 карточка.
АҚШ-тың Пенсильвания иипатының Ланкастер деген жерінде менониттер сектасы өмір сүреді. 1700 жылдары осы жерге келіп коныстанған үш отбасы өз балаларына өзара некеге тұрып, ұрпақ жалғастыруын өсиет еткен. Қазір осылардң ұрпағы 8000-ға жеткен. Ата-аналарының дені сау болғанына қарамастан, ұрпақтарының 13%-ы көпсаусақтылық (полидак¬тилия) пен ергежейлі болып туылған. Дені сау адамдардың ұрпактарында мүндай патологиялык ауытқулар қалай пайда болған?
Жауабы. Бастапкы ата-аналардың біреуінде рецессивті ергежейлі, біреуінде рецессивті көпсаусақтылык гені болған.
1-топқа № 1 суретті дидактикалық тапсырма.
1-жағдайда екеуі де гүлінің түсі бойынша гетерезиготалы, ал екіншісінде, біреуі ғана гетерезиготалы. Будандастыру сызбанұсқасын жүргізіп, гибридтердің 1-ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтаңыздар.
1-топқа № 2 суретті дидактикалық тапсырма.
Асқабақта тұқым қуалаудың қандай формасы көрсетілғен? Сопақ формасының генотипін анықтаңыз. Қандай аллельдер (доми¬нантты, рецессивті) дискі және ұзынша пішінде кездеседі?
2-топқа № 3 суретті дидактикалық тапсырма.
Тышқанда қай түс доминантты? Ак па, сұр ма? Егер ата-аналары берілген белгілері бойынша гомозиготалы болса, онда ата-ана мен ҒІ гибридтердің генотипін атаңыздар. Ғ, х ҒІ=Ғ2 гибридтің генотипі мен фенотипін анықтаңыздар.
2-топқа №4 суретті дидактикалық тапсырма.
Тыщкан жүнінің қара, ақ, сұр түстерін көрсететін аллельдерді айтыңыздар. Генотипі ААВЬ, АаВВ, ааВВ болатын тышқанның түсін анықтаңыздар.
4-САЙЫС. ЖЕКПЕ-ЖЕК.
Оқушылар карточкалармен жұмыс жасап жатқанда топ жетекшілері жеке сайысқа шықты. Жауапты мысалмен дәлелдеу керек.
1-топ жетекшісіне: «Тектіден текті туар сараланып».
2-топ жетекшісіне: «Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді».
1-топ жетекшісіне: «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» (цитоплазмалы тұқымқуалау).
2-топ жетекшісіне: «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер».
1-топ жетекшісіне есеп.
Генотиптері £ Аа ВЬ және сГ ааЬЬ, сондай-ақ $ АаВЪ және сГ ААВВ бұршақтарды өзара будандастырған а) АаВЬ х ааЪЪ; ә)ААВВ х АаВЪ. Ұрпақтарының фенотипі мен генотипін салыстырыңыз.
2-топ жетекшісіне есеп.
Теңіз шошқасының сабалақ жүнділігі тегіс жүнділікке домнантты, сабалақ жүнді мен тегіс жүнді шошқаны шағылыстырғанда 18 сабалақ жүнді, 20 тегіс жүнді ұрпақ, алынған. Ұрпақтарының генотиптерін анықтаңыз.
Топ жетекшілері есеп шығарып болғанша, топқа берілген карточкалар тексерілді.
5-САЙЫС. АРҚАН ТАРТУ.
Сайыстың бұл бөлімінде топтың мұғалім әрбір мүшесіне 2 тест дайындайды. Командалық есептеу жүргізу үшін екі оқушыдан сарапшы тағайындалды. Ол әрбір оқушының жауабын әрі әрбір сайыс сайын командалық ұпайды есептеді.
Жалпы топтық есеп бойьшша озған топқа «күш атасын танымас», ал жеңілген топқа «жығылсақ жер көтереді» деген көтерме сый тапсырылады. Карточкалармен тез әрі дұрыс жұмыс жасаған оқушыларға бәйге тағайындалып, сол бойынша баға қойылды.
Халықтық педагогика мен ғылымды байланыстыруға негізделген мұндай сабақтар оқушыларды аталарымыздың әрбір ырымы мен тыйымы, даналық сөздері тегін айтылмағанын, олардың астарында терең мән жатқанын және оны қажет кезінде ескеруге баулиды. Оқушылар бойында ұлтына деген сүйіспеншілік қалыптастыруға көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тіршіліктану 10-11 сынып «Рауан» 1997ж
2. Биология және салауаттылық негізі журналы №2 2008, №2 2010ж
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |