Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 7471 |
|
|
|
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау .«Кім жүйрік?» (сұрақ – жауап)
(флипчарт 1)
1.Г. Мендельдің 1865 жылы шыққан еңбегі қалай аталады?
2.Генетика ғылымы нені зерттейді?
3. Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым?
4.Моногибридті будандастыруға анықтама
5. Генетика ғылымының жарыққа шыққан жылы?
6. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
7. Гомозигота ұғымын қалай түсінеміз?
8. Толымсыз доминанттылық мәні неде?
9. Полигибридті будандастыру мәні.
10.Мендельдің бірінші заңы
11.Дигибридті будандастырудың тәуелсіз ажырау заңдылығын түсіндір.
ІІІ.Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау.
IV.Жаңа материалды түсіндіру:
1. Морган жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жеміс шыбыны-дрозофилаға тәжірибе жүргізді.Олбір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен ажырап кетпей ,көбіне бірге тұқым қуалайтынын анықтады.
2. Жетілген қанатты сұр шыбын BBVV мен жетілмеген қанатты қара шыбынды bbvv алып будандастырды. F ұрпақтағы будандық даралардың барлығы біркелкілік заңына сәйкес генотипі BbVv дигетерозиготалы,фенотипі бойынша жетілген қанатты сұр денелі шыбындар болып шықты.Екінші ұрпақта төрт түрлі фенотиптері бардаралар алынған.41,5 %жетілген қанатты сұр денелі , 41,5% жетілмеген қанатты қара денелі шыбындар , ал 8,5% жетілмеген қанатты сұр денелі және 8,5% жетілген қанатты қара денелі шыбындар болған.
Кроссинговер. Дрозофиладағы кроссинговер.
3.Жұп хромосомалардың айқасып,нәтижесінде Х тәрізді фигуралардың –хиазмалардың пайда пайда болуы хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп аталады.Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі,ал ұшырамаған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды.
V.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:
1.Ядроның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаудағы ролін зерттеуде қандай ғалымдар еңбек сіңірді?
2.Т.Морган не себептен ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі объектісі ретінде дрозофила шыбынын алды?
3.Кроссинговердің мәні неде?
VI.Жаңа сабақты бекіту:
Қызықты генетикалық есептер шығару
1.Қара көзділік гені доминантты,көк көзділік гені рецессивті.Әкесі де шешесі де гетерозиготалы қара көзді жұбайлардан көк көзді баланың дүниеге келуі мүмкін бе?
А -доминантты қой көзді
а– рецессивті көк көзді
Р Аа х Аа
Г А а А а
Ғ АА Аа Аа аа генотип :1 АА : 2 Аа :1аа
Фенотип : 3 қой көзді , 1 көк көзді
2.Адамда қой көзді белгі көк көздіге қарағанда басым , ал оңқайлық солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды.Бұл аталған жұп гендер әртүрлі генде орналасқан.Көк көзді оңқай қыз көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шықты .Олардың төрт баласы болған , екеуі көк көзді оңқай ,екеуі көк көзді солақай .Шешесінің генотипі қандай?
А-қой көз В-оңқай
а-көк көз в-солақай
Р ааВв х аавв
Г аВ ав ав ав
Ғ ааВв ааВв аавв аавв
Генотип: 2 ааВв : 2 аавв
Фенотип : көк көзді оңқай ,көк көзді солақай .
3. Мылқаулықтың тұқым қуалайтын бір формасын анықтайтын ген дұрыс есту геніне қарағанда рецессивті. Ата-аналарының екеуі де сау отбасында мылқау бала дүниеге келген.Осы аталған отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар.
А –доминантты дені сау
а- рецессивті мылқау
Р Аа х Аа
Г А а А а
Ғ АА Аа Аа аа
Генотип : 1АА : 2Аа :1аа
Фенотип : 3 бала дені сау ,1 бала мылқау
4.Егер ұрпағында ажырау 1ААВВ:2АаВв:1аавв көрсетсе ,ата-енелерінің генотипі қандай болғаны?
А.ААВВ х ааВВ Р АаВв х АаВв
Ә.АаВв х АаВв Г АВ ав АВ ав
Б.ААВв х АаВв Ғ ААВВ АаВв АаВв аавв
Генотип: 1 ААВВ :2 АаВв : 1аавв
VII.Оқушылардың білімдерін бағалау.
VIII.Үйге тапсырма: 41, 182-183 беттердегі есептер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |