Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есту мүшесі және оның құрылысы


Есту мүшесі және оның құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі және оның құрылысы

Сабақтың мақсаты

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

IV топ

Білім беру

Есту мүшесі құлақтың маңызы, қызметі және құрылысы жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық

Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін, мәнерлі оқу дағдыларын дамыту.

Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін, мәнерлі оқу дағдыларын дамыту.

Зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту, жазуға икемдеу.

Зейінін, танымдық қабілеттерін дамыту, жазуға икемдеу.

Түзетушілік

Жазу, оқу арқылы қол икемдерін, сөйлеу мәнерлерін жетілдіру.

Жазу, оқу арқылы қол икемдерін, сөйлеу мәнерлерін жетілдіру.

Жазу, сурет салу арқылы қол икемдерін жетілдіру.

Жазу, сурет салу арқылы қол икемдерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Өзін-өзі танып білуге, сабақ барысында өздерін дұрыс ұстай білуге, зейін қоя  білуге, бірін-бірі сыйлауға, мәнерлі, толық жауап қайыра білуге үйрету. Эстетикалық талғамын тәрбиелеу. Сабаққа қызығушылығын арттыру.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: деңгей бойынша карточкалар, мультимедиялық жабдық.

Пән аралық байланыс: тарих,  психология.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құрал-жабдықтарын, сынып оқушыларын түгелдеу.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Ал оқушылар біз жақында ғана қандай мерекені тойладық? ҰОС 65 жылдығын. Өте дұрыс, бұл қандай мереке?

Ал онда осы мерекені  басшылыққа ала отырып, бір-бірімізге жақсы лебіздер айтайық. –Аспанымыз ашық болсын! –Еліміз тыныш болсын!- Тату-тәтті өмір сүрейік.

Осылай сәлем бере келе оқушылар бір-біріне бүгінгі сабақтарына сәттілік тілейді.

III. Жаңа сабақ.  Есту мүшесі және оның құрылысы (1 слайд).

Құлақтың құрылысының суреті.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

? Есту мүшесіне не жатады?

Есту мүшесі құлақ арқылы адам нені қабылдайды?(ауызша сұрақ-жауап)

         Жоспар:

  1. Есту мүшесінің маңызы.
  2. Есту мүшесінің құрылысы.

Бізді қоршаған орта түрлі дыбыстарға толы. Құстардың үні, жапырақтың, судың сылдыры, адамдардың дауысы, ән – бұлардың барлығы дыбыс болып саналады. Адам бұлардың барлығын естиді. Есту мүшесі адамға осы дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен айыруға көмектеседі. Есту қабілеті арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі, информация алады, оқиды. Есту еңбек етуде маңызы зор.

Есту мүшесі бұл – құлақ. Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады:

Біріншісі – сыртқы құлақ. Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан, есту жолынан, дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ қалқаны үстіңгі жағы шеміршекті, ал астыңғы жағы майлы сырғимақ деп аталады. Құлақ қалқанының қызметі ауадағы дыбысты қабылдап, есту жолына өткізу. Құлақ қалқанының бұлшықеттері нашар дамығандықтан, адам дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрады. Есту жолы 30 мм, онда бездер болады. Осы бездердің әсерінен құлық түзіледі. Құлық сырттан келген шаң-тозаңдарды ұстап қалады. Есту жолының ең түбінде сопақша дабыл жарғағы орналасқан. Ол сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Екіншісі – ортаңғы құлақ. Ортаңғы құлақта сүйектер (үзеңгі, балғашық, төс) орналасады. Бұл адам денесіндегі ең ұсақ сүйектер болып саналады. Олар сыртқы және ішкі құлақты бір-бірімен жалғастырады.

Үшіншісі – ішкі құлақ. Ішкі құлақта иірім түтігі орналасады. Иірім түтігінде сұйықтық пен нерв талшықтары болады. Ішкі құлақ тікелей мимен байланысты. Дыбыс толқындары құлақ қалқаны арқылы қабылданып есту жолымен жүріп дабыл жарғағына өтіп, оны қозғалысқа келтіреді. Сүйектер арқылы дыбыс толқыны ішкі құлақтағы иірім түтігіндегі сұйықтыққа беріледі. Сұйықтықтың қозғалысы нерв талшықтарын қоздырады. Осы нерв талшықтарындағы қозу миға жетеді. Осылай біз дыбысты естиміз.

         Қазіргі кезде сезім мүшелерінің кемістіктері жиі кездеседі. Бірақта орын басу процесі жүреді. Мысалға: көру қабілеті нашар болатын болса, оның орнына есту, сипап сезу мүшелері қызметін атқарады. Бұл орын басу процесі деп аталады. Сондай адамдардың бірі -  Ольга Ивановна Скороходова (2 слайд).

Ольга Ивановна Скороходова5 жасында менингитпен ауырып, соның салдарынан көзі көрмейді, біртіндеп сол құлағы естуден қалады. Уақыт өте екі құлағынан айрылады. Құлағы естуден қалғаннан кейін сөздік қоры азаяды. Скороходованың өмірінде көз бен құлақ  орнына иіс сезу,  сипап сезу қызмет атқарады.

Ольга Ивановна Скороходова өмірімен тығыз байланысты еңбектер (3 слайд).

Ольга Ивановна Скороходова бірде көрмеге барып, онда А.С.Пушкиннің бейнесін қолымен сипап ұстай отыра оның дұрыс жасалмағандығын айтады (4 слайд).

Сөздік жұмыс.

Сырғимақ – сырғаның орны.

Дабыл жарғағы – ортаңғы құлақты сыртқы құлақтан бөліп тұрады.

Иірім түтігі – ұлу тәрізді дене.

Дәптермен жұмыс.

1-2 топ оқушылары арнайы карточкада берілген есту мүшесінің бөлімдерін қысқаша дәптерге  жазу қажет.

3-4 топ оқушылары карточкадағы құлақ құрылысының әр бөлімін (сыртқы, ортаңғы, ішкі) үш түрлі түспен ажыратып бояу. Әрине мұғалімнің және мултимедиялық экран көмегіне сүйене отырып.

Сергіту сәті.

Орнымызда отырып:

  • Екі қолымызбен сырғимақты уқалаймыз (10 рет);
  • Екі қолымызбен құлағымызды айналдыра уқалау (10 рет).

Оқушылар біз бұл жаттығуды біріншіден біздің тақырыбымызға, ал екіншіден адам  денесіндегі барлық мүшелерге тиісті нүктелердің құлақта орналасуына, сол нүктелерге массаж жасай отырып сол мүшелердің қызметін арттыруымызға болатынына байланысты жаттығуды алып отырмыз. Мысалға құлақты тесудің де белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіні жайлы айта кетуге де болады. Яғни, сырғимақта орналасқан құлақ нүктесін белгілеп, анықтап алу қажет .

 Егерде басқа нүктеге түсетін болса,  онда ағзада орналасқан басқа мүшелердің қызметіне әсерін  тигіуі мүмкін .

Кітаппен жұмыс. Тізбектей оқу.

Әр оқушы өзінің оқыған жолдарына түсінік беріп, мағынасын ашу.

? Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс.

  1. Адам өміріндегі естудің қандай маңызы бар?
  2. Есту мүшесі қандай бөлімдерден тұрады?
  3. Иірім түтігі неден тұрады?
  4. Біз қалай дыбысты қабылдаймыз?

V. Бекіту.

Арнайы схема  тәрізді  есту мүшесінің әрбір бөлімі жазылған қиынды қағаздар беріледі. Осы қиындыларды мұғалімнің сұрағына байланысты оқушылар тақтаға жапсырып дұрыс орналастыру қажет.

Есту мүшесі

 

Сыртқы құлақ

 

Ортаңғы құлақ

 

Ішкі құлақ

 

VI. Үй тапсырмасы.

VII. Сабақты қорытындылау.

VІІІ.Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұрын-иіс сезу мүшесі. Тіл- дәм сезу мүшесі
Биология сабағынан құзыреттілік тапсырмалар үлгісі
Есту мүшесі және есту анализаторы
Адамның сезім мүшелері. Құлақ-есту мүшесі. Мұрын-иіс сезу мүшесі
Есту мүшесі және есту анализаторы
Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі
Сүйекті балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Сезім мүшелері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 16043 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык