Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гүлдің құрылысы


Гүлдің құрылысы

Гүлдің құрылысы

Сабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне  толық сипттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді:

1.«Қызғалдақ»                    2. «Раушан»

I. Жаңа сабақ

Мұғалім гүл бөлімдерін, олардың маңызын түсіндіреді

II. Жарыс сабақ түрінде екі топ арасында өрбиді

1.Кітаппен жұмыс

35, 36, 37, 38, 39 – суреттерімен танысады

2.Зертханалық жұмыс “Гүлдің құрылысымен танысу”

Нағыз гүлден, жасанды гүлден бөлімдерін табу

3.Оқушылардың  теориялық алған білімдерін пысықтап, сабақты бекіту үшін биологиялық ойындар, тестік сұрақтар қойылады.

1.”Кім шапшаң” ойыны

Мақсаты: Оқушылардың гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін бекіту

Ойынның шартты: Екі топқа  гүлдің мүшелерін жазылған қиық қағаздар таратылады, осы қағаздарды магнитті тақтаға жазып, тұстарына сәйкес сандарын жазады, және өздеріне берілген гүл бөлімдерін таблицадан көрсетеді

2. ”Ым білмеген, дым білмейді” ойыны

Тақтаға шыққан  оқушының өзіне көрсетілмей гүлдің мүшесінің суретті маңдай тұсына қолмен ұсталып тұрады. Қарама – қарсы топ мүшесінің бірі тұрып суреттегі гулдің бөлігін ыммен түсіндіреді. Оқушы гүл бөлігінің атын табуы керек

3. ”Тапқыр болсаң тауып көр” ойыны

Ойын шарты:

Еденге бормен екі дөңгелек сызылады. Бірінші шеңбердің ішіне  ”Жайгүлсерік”, екінші шеңберге ”Қос гүлсерікті” деп жазылған. Оқушыларға өсімдіктің аты жазылған қағаз таратылады. Мұғалім белгі берген кезде әр оқушы өсімдікке тиісті шеңберге тез кіруі тиіс.

4. ”Сиқырлы сандық” ойыны

Оқушылар сандық ішіндегі тестік сұрақтарға жауап береді. Қарсы топ мүшелері 70 – беттегі ”біліміңді сына” сұрақтарынан сұрақ қойып,оқушының өткен тараулардан алған білімдерін сынайды.

”Оқушылардың білімін бағалау” парақшасына топ жетекшілері баға қойып отырады.

5.  ”Жас ғалымдар” ойыны

Ұлғайтқыш әйнекті пайдалана отырып бүршіктің, пияздың ішкі құрылыстарын айтып шығады.

6.  ”Біліміңді тексер” ойны 74 – бет

7. Гүл туралы мақалдардан сайыс

8. Жұмбақтар

9. ”Гүл сыйлай білеміз бе? ” ойыны

10. Голландия. Гүл саудасы. Бизнес қызғалдақ

”Қайың сауған, қозықұйрық жеген” Жоңғар шапқыншылығы

Ән

Күлтенің маңызы←                 ,     ,

Оқушы білімін бағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу арқылы «Өсімдіктің вегетативті мүшелері» тақырыбында білімдері текеріледі

 

 

ІV. Бекіту

Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін әр топқа тапсырма беріледі.

1-топқа – Аталықтың құрылысы

2-топқа – Аналықтың құрылысы

3-топқа – Гүлдің құрылысы

№12-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар:нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі:1) Гүлдің құрылысын жаз:

2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.

11. Мойны бар.

3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?

Қорытынды:

Үй тапсырмасы.  §22 оқып, гүл бөліктерін түрлі қағаздан әзірлеп, қатты қағазға жапсырып әкелу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері
Гүлдің құрылысы
Жасуша ядросы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Тұқым. Тұқым құрылысы
Гүлдің құрылысы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 11310 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 15 ноября 2015 14:45
belay мне надо про дурысгул и бурысгул
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык