Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері


Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері

Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері

Сыныбы: 8

Мұғалім: Найзагулова Б. М

Тақырыбы: Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы

Білімділігі:  Сабақтың мақсаты:

оқушылырдың “Жануарлаp” бөлімінен омыртқалы жануарлардың тірек-қимыл жүйесінің құрылысы туралы алған білімдерін өзектеу.

Дамытушылығы: тірек қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі:Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.

Құрал-жабдықтар: оқулықтағы суреттер,кестелер, “Адам қаңқасы”, “Бас сүйегі “, “Адамның қаңқасы мен бұлшық еттері” тақырыбы бойынша жасанды үлгілер.

 Сабақ типі: жаңа білім беру.

 Әдістемелік шешім: жалпы сұхбат,өздік жұмыс,көрнекіліктер көрсетіп сұхбаттасу, дәріс.

Қаңқаның қандай ерекшеліктері адамды сүтқоректі жануарлардан ажыратады?

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

II.Жаңа тақырыпты оқыту.

 1.Білімді өзектеу.

Сүтқоректі жануарлардың тірек-қимыл жүйесі. (Кестелерді қолдана отырып, қаңқаның құрылысы мен оның бөлімдері туралы сұхбаттасу.)

 (Сұрақтар: Сүтқоректі жануарлардың тірек-қимыл жүйесінің қандай маңызы бар? Жануарлар қаңқасының негізгі бөлімдерін,сүйектерін,олардың құрамдас бөліктерін атаңдар.)

2.Жаңа материалды оқыту.

 Мұғалім: “Қимыл-қозғалыс – бұл өміp” деп Вольтер айтып кеткен. Шынында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім,табиғат солай шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз,жүгіреміз,секіреміз,жүземіз,күнде мыңдаған әртүрлі қимыл жасап,еңкейіп,тік тұрамыз. Мұның барлығын сүйек-бұлшық ет жүуйесі немесе тірек-қимыл аппараты қамтамасыз етеді.

 А. Адамның тірек-қимыл жүйесінің маңызы.Қаңқаның маңызы, оның құрамы. (“Адам қаңқасы” кестесін пайдалана отырып сүхбат жүргізу: жануарлар қаңқасы туралы білім беру.)

Ә. Адам қаңқасына жалпы шолу жасау. Адам қаңқасы,оның бөлімдері және олардың құрылысы. (Сұхбаттасу, оқулықтағы мәтінмен өздік жұмыс, “Адам қаңқасы” кестесін толтыру.)

               Қаңқа бөлімдері

          Оларды құрайтын сүйектер

Б. Омыртқа жотасы,оның құрылысындағы ерекшеліктер. Омыртқалардың құрылысы. (Мұғалімнің баяндауы мен сұхбаттасуы; практикалық жұмыс – омыртқалардың құрылысын зерттеу).

В. Бас сүйегі. (Оқулық мәтінімен өздік жұмыс, “Адамның бас сұйегі” кестесін толтыру. Адамның бас сүйегін зерттеу нәтижелері бойынша сұхбат жүргізу.)

       Бет бөлімін құрайтын сүйектер

       Ми бөлімін құрайтын сүйектер

Г. Тік жүруге еңбек әрекетіне және мидың дамуына байланысты омыртқа жотасының және қаңқаның басқа да бөлімдерінің құрылысындығы ерекшеліктер.

Ғ. Кеуде қуысының, иық-жамбас белдеулерінің және аяқ-қол сүйектерінің құрылысы. Тік жүруге байланысты олардың құрылымдық ерекшеліктері.

                  Қаңқа  бөлімдері

       Оларды құрайтын сүйектер

III. Оқытылған тақырып бойынша білімді қорыту және жүйелеу.

Қаңқаның құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс туралы сұхбат. Тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.

 IV. Бағалау

V. Үй тапсырмасы. 21-параграф материалын оқып-білу, сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларын орындау. “Дәнекер ұлпалары” тақырыбын қайталау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сүйектің типтері және олардың байланысуы
Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Қаңқа бөлімдері
Қаңқа бөлімдері Сабақ типі
Қаңқа бөлімдері
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Тірек – қимыл аппараты
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 5229 | Қосты: Бахтыгуль | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык