Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жасуша тарауын жұмбақпен қорытындылау


Жасуша тарауын жұмбақпен қорытындылау

Жасуша тарауын жұмбақпен қорытындылау

Қазіргі таңда оқ үрдісінде бала  өз білімі мен тәрбиесін қоршаған ортаны зерттеу әрекеттері арқылы қалыптастырады. Мысалы тақырып бойынша түрлі сызбалар ,үлгілер құрастыру, сарамандық жұмыс жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге жауап іздеу т,б. Бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, жекеден жалпыға өтуге және педагогикалық концепция ретінде инструменталдық педагогика саласына енгізіледі. Осы тұрғыда  6-сыныпта жасуша тарауын талдай, әрі тереңдетіп оқыту мақсатында қолданылған кестені әріптестеріме ұсынып отырмын.

1.Жұмбақ

Жасушаның ішіндегі

 Қоймалжыңдау сұйықпын.

Әрқашан космос қысымын

 Тұрақты етіп тұрыппын

  • Цитоплазма

Ашқан ғалым;1841жылы Я Пуркинье Өсімдік жасушасынан тапқан

Атқаратын негізгі қызметі; Жасуша арасындағы байланыстарды және органоидтардың жұмысын реттейді

Бір бөлігі жасушаның,

Дөп дөңгелек мен болам

Тұқым қуалау қасиетін

Ұрпақтарға жолдағам

Жауабы; Ядро

Ашқан ғалым; 1831 жылы Р Браун өсімдік жасушасынан ядроны тапқан

Атқаратын қызметі; Көбеюге қатысады. Жасушада жүретін зат алмасу үрдісін реттеп отырады

Денем тарақ пішінді

Екі қабат ірімін

Цитоплпзма ішінде

Органоидтың бірімін

  • ; Митохондрия

Ашқан ғалым; 1850жылы Р А Келликер жәндіктердің  бұлшықет ұлпасы жасушасынан тапқан

Атқаратын қызметі; Жасушаның тыныс алуын қамтамасыз етеді. Энергия көзі АТФ-ті синтездейді

Атақты ғалым есімді

Гольджи деген атым бар

Жеделдетер өсімді

Гормон деген затым бар

  • Гольджи

Ашқан ғалым; 1898 жылы К Гольджи жүйке жасушасынан тапқан

Атқаратын қызметі; Майлар мен көмірсу қызметін жинақтайды және синтездейді

Жүрмеңдер мені бөтен деп

Қажеті жоқ екен деп

Синтездеймін ақуызды

Жасушаны мекен деп

  • ; Рибосома

Ашқан ғалым; 1955 жылы ДЖ; Палладе жануар жасушасынан тапқан

Атқартын қызметі; Жасушадағы ақуызды синтездеуге қатысады

Тек жануарлар жасушасында кездесемін

Көрмейсіңдер өсімдіктен іздесең

Қоректерді қорыту үшін сөл бөлер

Жасушада еріткіштер мен боламын

  • Лизосома

Ашқан ғалым; 1955 жылы Де Дюв жануар жасушасынан тапқан

Атқартын қызметі; Жасуша ішілік қоректік заттардың қорытылуын қамтамасыз етеді. Тіршілік қабілетін жойған жасушаларды ыдыратады

Мен сырымды ашып айтам дәл бүгін

Ештеңе етпес қамал сынды тарлығым

Кедір бұдыр және тегіс бетті екенмін

Өткеретін реакцияның барлығын

  • Эндоплазмалық тор

Ашқан ғалым; 1945 жылы К Портер тауық балапанының ұлпасынан тапқан

Атқартын қызметі; Жасушадағы әр түрлі заттардың тасымалдануына қатысады

Фотосинтез мен арқылы жүреді

Сондықтан мен жасушаның жүрегі

Тек қана өсімдікте кездестін

Жасыл түсті жұрттың бәрі біледі

Жауабы; Пластид

Ашқан ғалым; 1676 жылы А Левенгук өсімдік жасушасынан тапқан

Атқаратын қызметі; Фотосинтезге қатысады, түрлі түсті береді

9. Жұмбақ

Бұлардың  бәрі білсеңменде өседі

Бірімен бірі әркез теңеседі

Болмасам мен осындай күрделі

Дүние тіршілігін бермес еді

Жауабы; Жасуша

Ашқан ғалым; 1665ж жылы Р Гук өсімдік ұлпасынан тапқан

Атқаратын қызметі; Көбеюге қатысады. Жасушалар жиналып ұлпаны түзеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Жасушаның құрылысы
Жасуша органоидтері: жасушалық мембрана, эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, лизосомалар, жасуша орталығы.
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Цитология және оның органоидтары
Бақытты сәт
Жасуша құрылысы және атқаратын қызметтері тарауына қорытынды
Биология 9-сынып
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Жасуша ядросы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 13301 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 22 декабря 2014 17:20
рахмет
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык