|
|
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты Оңтүстік Америка материгіндегі өзен, көлдердің жалпы ерекшеліктерін орналасуын, мұхит алаптарына бөлінуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Өткізу әдісі сұрақ жауап, презентация, түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру
Оңтүстік Американың климаты
- Материк қандай климаттық белдеулердің арасында орналасқан?
- Материктің батысында Анд таулары созылып жатырғандықтан әрбір климаттық белдеу қандай климаттарға ажыратылады?
- Материк климатына қандай ауа массаларының ықпалы басым?
- Материк климатының ылғалдылығы қай мұхиттың әсеріне байланысты?
- Не себептен материктің климатына Тынық мұхитының әсері онша емес?
- Не себептен Атакама шөліне кей жылдары мүлде жауын жаумайды?
- Материкті неше климаттық белдеулер кесіп өтеді? Оларды ата.
- Экваторлық климаттық белдеуге сипаттама бер.
- Субэкваторлық климаттық белдеуге сипаттама бер.
- Тропиктік климаттық белдеуге сипаттама бер.
- Субтропиктік климаттық белдеуге сипаттама бер.
- Қоңыржай климаттық белдеуге сипаттама бер.
- Биік таулық климатқа сипаттама бер.
Жаңа сабақ: Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
- Оңтүстік Америка материгінің өзіне тән ерекшелігі қандай? (ең ылғалды және ең жасыл материк)
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда жауын-шашын 2 есе көп жауады. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағында дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі.
Құрлықтың пішіні, оның климаттық жағдайы, жер бедері мұнда ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұнда өзендердің гидроэнергетикалық маңызы жоғары.
- Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр? (Тынық және Атлант мұхиттары)
Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды.
Картамен жұмыс: Атластан Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне құятын өзендерді анықта (Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Уругвай, Сан-Франсиску т.б.)
Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау аралық үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.
Өзендері Анд тауларынан, таулы үстірттерден құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар қалыптасқан. Мысалы, дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель (ориноко өзенінің саласында) және Игуасу (Парана өзенінде).
Оңтүстік Америка жеріндегі көл қазаншұңқырларының қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық, лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдер. Буэнос-Айрес мұздық көл, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдер, Поопо қалдық көл.
Материктің ірі өзендері мен көлдеріне, сарқырамаларына сипаттама берейік(Презентация).
- Амазонка
- Парана
- Ориноко
- Игуасу сарқырамасы
- Анхель сарқырамасы
- Титикака көлі
Амазонка - Бұл Оңтүстік Америкадағы ең үлкен, ал Жер шарындағы ең мол сулы өзен. Дүние жүзінде ұзындығы жөнінен Нілден кейін екінші орын алады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгімен бірдей – 7000 км3
Төменгі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220 мың м3 су Атлант мұхитына ағып өтеді.
Амазонка суының молдығы жөнінен Конго, Миссисипи, Янцзы, Обь өзендерін қосқандағымен парапар.
Амазонка Анд тауынан басталады. Өзеннің ұзындығы 6280 км. Амазонкаға 500-ден астам салалар келіп қосылады. Оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды.
Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен науыз-сәуір айларында айрықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (пороруку) деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан
Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық – ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапайма тіршілік етеді Мұнда Жер шарындағы ең ұсақ “аквариум” балықтары тіршілік етеді.
Ориноко – Оңтүстік Америкадағы Венесуэла мен Колумбия жеріндегі өзен. Ұзындығы 2730 км. Алабының аумағы 1086 мың км2
Негізгі салалары: Вентуари, Каура, Карони (оң), Гуавьяре, Вичада, Мета, Араука, Апуре (сол)
Мета өзенінің сағасына дейін Ориноко таулы-төбелі жермен ағып, шоңғалдар мен су құламалар түзеді. Орта және төменгі ағысындағы аңғары кең жекелеген жерлерде арнасы тарылады. Барранкас қаласынан төмен атырау жасап, өзен 36 тармаққа бөлінеді. Ориноко алабында көптеген СЭС салынған.
Жұмбақ
Бұл қай өзен ?
1. Ұзындығы жөнінен дүние жүзінде ІІ орын алатын, су жинау алабы жөнінен І орын алатын өзен (Амазонка).
2. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып жатырған, Бразилия таулы үстіртінен су жинайтын, су деңгейі маусым бойынша өзгеріп тұратын өзен (Парана).
3. Оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатырған Гвиана таулы қыратынан және Ориноко ойпатынан су жинайтын өзен (Ориноко).
Үйге тапсырма 1. § 40. Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
2. Өзендерге 239 беттегі жоспар бойынша сипаттама бер. (Жұмбақты қай қатардың оқушысы бірінші шешсе, сол қатар оқушылары сол өзенге сипаттама береді)
Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |