Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары


Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары


Сабақтың мақсаттары: 
1. Білімділік: Оқушалардың Оңтүстік Америка материгі бойынша алған білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:  Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Оқыту әдісі: Іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1 топ Оңтүстік Америка
2 топ Африка
3 топ Антрактида
4 топ Аустаралия

Сайыс кезеңдері.
І кезең: Ең....Ең....
ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
ІV кезең: "География тілі - Карта"
V кезең: "Жүзден жүйрік"
VІ кезең: "Эссе"«Менің Оңтүстік Америкадағы күндерім ...»

Команда капитандарын анықтау. 
І кезең: Ең....Ең....
Интерактивтік тақтада кесте шығарылады. Сол кестеге әр топ өзінің көрсетілген ұяшығына ОА ең ең деген ерекшеліктерін бірітіндеп шығып толтырады. Қайталанған ерекшеліктер есепке алынбайды. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Жалпы кезеңнің орындалуына 5 минут беріледі.
ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
Әр топқа ОА-ға қатысты сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдердің ішінен қатесін анықтау қажет. Тапсырманың орындалуына 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. 
І топ: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Христофор Колумб  Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. XIV-XV ғасырларды жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Америго Веспуччи Оңтүстік Американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Магеллан Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. 1799 – 1804 жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Вавилов Н.И. Оңтүстік американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
ІІ топ: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,9 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі-Эль-Абьяд. 1499 жылы Х.Колумб Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр. 
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,3 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі- Кабу Бранку. Оңтүстік Американы Х.Колумб ашты. 1499 жылы Америго Веспуччи Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр.
ІІІ топ: Америго Веспуччи 1501 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция" деген ат берген. Х.Колумб өзінің бесінші саяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар көлі" деген мағынаны білдіреді.

Дұрыс жауабы: Америго Веспуччи 1499 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция"(Венесуэла) деген ат берген. Х.Колумб өзінің үшіншісаяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар өзені" деген мағынаны білдіреді.
ІV топ: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Вороновский 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, күріш, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Магеллан бұғазы бөліп тұр. 
Дұрыс жауабы: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Воейков 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, жүгері, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Дрейк бұғазы бөліп тұр.

ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
Бұл кезеңде әр топқа бір-бір мәтін оқылады, сол мәтінды тыңдай отырып не туралы айтылып жатырғанын табуы керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Егер көмек сұралып, көмек берілген жағдайда дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ: ХVІ ғасырдың басында атақты саяхатшы Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Френсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан бұғазды ашқан. Қай саяхатшы туралы айтылған?(Фернан Магеллан)
Қосымша көмек: Бұғазға сол саяхатшының есімі берілген. 
ІІ топ: Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарды алып жатыр. Бұл белдеуде температура жыл маусымдары бойынша өзегіп отырады, жазда орташа температура +28С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғарғы температура +47С байқалған. Бұл қай климаттық белдеу?(Тропиктік климаттық белдеу.)
Қосымша көмек: Негізгі климаттық белдеуге жатады.
ІІІ топ: Топырақ жамылғысы фералитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.  Көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктері: акация, мимоза, кактус. Жануарлары: пекари, тапир, құмырсқа жегіш және т.б. Бұл қандай табиғат зонасы?(Саванналар және Сирек ормандар)
Қосымша көмек: кампос, льянос.
ІV топ: Бұл ел Инктер мәдениетінің ескерткіштері "ежелгі өркениет елі, ОА-ның археологиялық мұражайы" деп атайды. Мұнда биіктаулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60% ормандар алып жатыр. Елді ата. (Перу)
Қосымша көмек: Анд елдері тобына кіреді.
ІV кезең: "География тілі - Карта"
Бұл кезеңде оқушылар интерактивтік тақтаға шығарылған кескін картмен жұмыс жасайды.І топ: Өзендері, ІІ топ: көлдері, ІІІ топ: Астаналары, ІV топ: елдерін кескін картаға сызып көрсетеді. 1 топтан тек 2 оқушы шығуға ғана рұқсат етіледі. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс белгіленген обьект 2 ұпаймен бағаланады. 
V кезең: "Жүзден жүйрік" Бұл кезеңде топтарға жалпылама сұрақтар қойылады. Әр топ өз жауаптарын алдарындағы ақ параққа жазып бастарына көтеріп көрсетеді. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. 

1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды?(Гондвана)
2. Оңтүстік Америка не арқылыСолтүстікАмерикағажалғасты?(Панама мойнағы)
3. Еңылғалдыжәнееңжасыл материк (Оңтүстік Америка)
4. Солтүстікнүктесі-Гальинасм-12°с.е 72°б.б
5. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд 54°о.е-71°б.б
6. Батыс нүктесі-Париньяс 5°о.е.-82°б.б.
7. Шығыс нүктесі-Кабу-Бранку7°о.е. 34°б.б.
8. Еңсуы мол өзен(Амазонка)
9. Ең биік тау көлі  (Титикака)
10. Еңбиіксарқырама   (Анхель)
11. Еңұзын тау жүйесі   (Анд)
12. Оңт.Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі –Аконкагуаның биіктігі 6960 м
13. материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40м) орналасқан. Вальдес түбегіндегі 


VІ кезең: Қорытынды:Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді Оңтүстік Америкада жүргендей сезінейік. Өз ойымызша, қиялдайық. «Менің Оңтүстік Америкадағы күндерім ...» (эссе)

Бағалау. Әр топқа берілген бағалау қағазы бойынша бағалаймын. 


Үйге тапсырма: Тарауды қорытындылау, қайталау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Америкаға саяхат
Оңтүстік жарты шар метеригі табиғаты
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы
Оңтүстік Америка материгі
Оңтүстік Америкаға саяхат
Оңтүстік Американың климаты
Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8488 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык