Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы


«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы

«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы

9 класс.

1-кезең.      Өткел.

1-команда.

1.Қазақстанның алғашқы астанасы. (Орынбор)

2.Қазақстанның жер көлемі.    (2,7млн.км2)

3.Трактор заводы орналасқан қала.(Павлодар)

4.Қазақстанның ең биік нүктесі.  (Хан тәңірі 6945м)

5.Қазқстанмен шекарасы ең ұзын мемлекет.  (Ресей 7591км)

  2-команда.

1.1925-1929ж.ж.Қазақстанның астанасы қай қала болды. ( Қызылорда)

2.Қазір Қазақстанда қанша облыс бар.  (14)

3.Рентген аппараттары    заводы қай қалада. ( Ақтөбе)

4.Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан ойыс ( Қарақия-132м)

5.Қазақстанмен шекарасы ең қысқа мемлекет.  (Түркменстан-390км)

1.Павлодар қаласының оңтүстік-батысында 135 шақырым жерде орналасқан қоңыр көмір бассейні.Геологиялық қоры 12млрд. тонна көмір қабатының қалыңдығы 100-120м.Көмірдің күлі көп./Екібастұз/

 Көмек.Көмір ашық әдіспен өндіріледі.Оны алғаш рет 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан

2.Фосфорит кен орындары орналасқан бұл алап дүние жүзіндегі ең ірілердің бірі және АҚШ,Тунис,Мароккодағы атақты фосфорит кен орындарының қатарына жатады.Кен құрамындағы фосфордың мөлшері 25-30%.Бұл қай алап./Қаратау фосфорит алабы./

   КөмекБұл алап Жамбыл облысында орналасқан.

2-команда.

1.Қазақстанның солтүстігінде орналасқан ірі темір кен орны.Руда жер бетіне жақын орналасқан,және өте сапалы,құрамында 40-45% темір рудасы бар.Мұндағы кен-байыту комбинаты жылына 30-40млн.т.темір кенін өндіреді.Бұл қай кен орны./Соколов-Сарыбай/

Көмек.Қостанай облысында орналасқан.Кен орнын 1949ж ұшқы М.Сургутанов ашқан.

2.Бұл мұнай кен орнының қоры 45,2млн.т. Қазір оны Канаданың Харрикейн компанмясы игеруде.Кен орын Байқоңыр маңында орналасқан.Бұл кен орны қалай аталады./Құмкөл/

     Көмек.Шымкент мұнай өңдеу заводы өңдейтін мұнайдың 10%ін осы кен орнымен алады.

1.Коңырат,Бозшакөл кен орындарының қандай кен алынады./Мыс/

2. Елімізде өндірілетін электр энергиясының қанша %ін СЭС өндіреді./8%/

2-команда

1.Ақбақай,Ақсу,Жолымбет,Бестөбе,Майқайық кен орындарынан қандай кен өндіріледі./Алтын/

2.Облыс құрамында қазір қанша әкімшілік-аумақ бар./12/

4-кезең.  Асу.

Бес экономикалық аудандар бойынша 2 сұрақтан.

Орталық Қазақстан экономикалық ауданы

1.Бұл қаланы “Қазақстан Магниткасы’’деп атайды.

Көмек: Қала 1938ж Кеңгір деген шағын дала өзенінің жағасындағы осы аттас қоныстың орнында пайда болған./Жезқазған/

2.Бұл комбинат өндірген мыс дүние жүзілік рынокта /Лондон биржасы/ халықаралық сапа эталоны деп танылған.Осы комбинат қай қалада орналасқан./Балқаш/

Көмек:Қалада балық заводы жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы.

1.Өскеменнен кейіңгі кен өндіретін аса ірі қорғасын,мырыш және сирек кездесетін металдар қорытатын екінші орталық.Ол Үлбі өзенінің басталуында,шапшаң ағатын тау өзендері Громотуха мен Быструха шоқылары арасынан ирелеңдеп өтетін Иванов жотасының бөктеріне орналасқан.Кенді Алтайдың даңқын әлемге жайған да осы кеніш еді.Осы қала қалай аталады. /Риддер/

Көмек:Қала 1786ж кен орнын ашқан  орыстың кен  құрметіне қойылған.

2.Қала 1720ж Үлбі өзенінің Ертіспен қосылған жерінде бекініс ретінде пайда болған.Оны кезінде “Кенді Алтай қақпасы ”деп те атаған.Қытай мен Монғолияға баратын сауда жолдары осы қаланы басып өтетін.ХХ ғ-ң басында Қазақстандағы алтын өндіруші орталыққа айналды.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында көшірілген кәсіпорындардың негізінде ауыр өнеркәсіп пайда болды.Қазір Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы.Бұл қай қала./Өскемен/

Көмек:Қалада жібек мата комбинаты орналасқан.

Батыс Қазақстан экономикалық ауданы.

1.Республикадағы 1943ж салынған тұңғыш қара металлургия заводы орналасқан қала./Ақтөбе/

     Көмек:Қалада азаматтық авиацияның жоғары ұшқыштар училищесі бар

2.1979жылы ашылған әлемдегі ірі мұнай кен орындарының бірі,болжам бойынша мұнайдың геологмялық қоры 3млрд.133млн.т.шамасында.Кен орынның мұнайын экспорттау мақсатында 2001ж.ұзындығы 1580км.

-Новороссийск мұнай құбыры іске қосылды.Бұл кеніште қазіргі уақытта жылына 12млн.т-ға дейін мұнай өндіріледі.

Бұл қай кеніш және қай облыста орналасқан./Теңіз кен орны.Атырау/

Көмек:Қалада Қазақстандағы тұшғыш мұнай өңдейтін завод орналасқан.

 

 

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы.

1.Бұл станок жасау заводының өнімі дүние жүзінің 40шақты еліне шығарылады.1992ж Канададағы Халықаралық маркетинг институты бұл заводты “Гауһар жұлдыз “құрмет грамотасымен марапаттады,яғни бұл сапалы өнім жасалатынын көрсетеді.Осы  завод қай қалада орналасқан./Шымкент/

Көмек:Қалада химия-фармацевтика заводы жұмыс жасайды.

2.Қала Іле әскери бекінісі ретінде 1854ж пайда болған,алайда қаланың тарихы әріден басталады.Ол 1867 жылдан бастап Жетісу облысының орталығы болды.Қазан төңкерісінен кейін, 1921ж қазіргі аты берілді.Әңгіме қай қала жайлы болып отыр./Алматы/

Көмек:Қазақстандағы темекі өндіретін негізгі кәсіпорын осы қалада                                           орналасқан.

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы.

1.Оттегі-тыныс алу аппаратуралары және таразы шығаратын завод қай қалада орналасқан./Көкшетау/

Көмек:Халық саны ең аз облыс орталығы және ертеде жергілікті халық-                                           Ағашқала деп атаған.

2.Бұл қала әскери бекініс ретінде 1752ж негізі қаланған.1807жылдан бастап қазіргі атымен аталды.Қала аса маңызды екі жолдың-Сібір мен Түркістан жолының түйілісінде орналасқан.1894ж Ұлы Сібір темір жол магистралінің салынуына байланысты маңызды жүк тиеу-түсіру пунктіне айналды.Қазір маңызды өнеркәсіп және мәдени орталығы,ірі темір жол торабы бар.Бұл қай қала./Қызылжар/

Көмек:Қала Есілдің оң жағасында орналасқан және республиканың Солтүстік қақпасы“деп аталады.

Жерұйық.

 Бұл қала 1824ж/1832ж/ әскери бекініс ретінде пайда болған.1868ж қала мәртебесін алған.Орналасқан географиялық орны қолайлы,өте маңызды екі темір жол магистралінің қиылысында орналасқан.Петропавл-Шу,екіншісі Оңтүстік Сібір темір жол магистралі.Бұрын ірі сауда орталығы болған,ал 50-жылдардың ортасында Қазақстанның солтүстігінде тың және тыңайған жерлерді игеруде негізгі ұйымдастырушы орталықтардың бірі болды.Қазір маңызды өнеркәсіп және мәдени орталық,ірі көлік торабы.Мұндағы кәсіпорындар ауыл шаруашылық машиналардың және тұрғын үйлерді газдандыруға қажетті қондырғылар үшін конденсатор сорғыларын шығарады,сонымен қатар мұнда фарфор-фаянс заводы орналасқан.Бұл қай қала./ Астана/


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Қазақстан облыстары
Қазақстанның қалалары
Атажұрт
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Атажұрт
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
СИРИЯ
Шығыс Қазақстан
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6204 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык