Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан облыстары


Қазақстан облыстары

Қазақстан облыстары

Дүниетану пәні.  4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстары

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан облыстары туралы мағлұмат беру, әр облыстың өзіне тән ерекшеліктерін әңгімелеу. Дүниетанымдарын кеңейту. Ой-өрістерін арттыру. Пәнге қызығушылықтарын дамыта түсу.

Өз Отанын сүйетін, елін, жерін қорғайтын патриот болуға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, сызба, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: әңгімелеу, пікір алмасу., топтық, ұжымдық

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар Қазақстан облыстары туралы түсінік алады, өз беттерімен ізденіп оқиды.

2. Облыстардың ерекшеліктерін біледі.

3. Қазақстан жері туралы мағлұмат алып, түсініктері артады.

Неарқылы бағаланады:

1. Оқушылардың мемлекетіміз жайында білімдері есептеледі.

2. Жуан-жіңішке сұрақтар.

3. Қазақстан облыстары туралы әңгімелеуі.

Сабақтың барысы: І.Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық.

Жоғарыға қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға , солға қарадым

Егеменді ел көрдім.

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

Ой шақыру сұрақтары.

  • Мектеп бізді неге үйретеді?
  • Мектептің әрбір оқушы үшін маңызы қандай?
  • Мектеп бітірген соң қандай құжат беріледі?
  • Кім болғың келеді?
  • Қандай мамандық иесі болсам дейсің? Неліктен?
  • Сен қайда жұмыс істегің келер еді? Неліктен?

Сөзжұмбақты шешіп көрелік.( Облыстар)

1. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі(глобус)

2. Неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы.     (отбасы)

3. 24 сағат - ?; (тәулік)

4. Көкшіл сұр түсті металл.(мырыш)

5. Биіктігі 10-15 см, көпжылдық шөптесін өсімдікp;    (әсел)

 6. Жер бедерінің күмбез пішінді көтеріңкі бөлігі(төбе)

7. Жіңішке, жартасты терең сай; (шатқал)

8.Жердің бетінен кен қазу мақсатында қазылатын үлкен шұңқыр; (карьер)

 

 

 

 о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

л

 

 

 

 

 

 

ы

 

 

 

 

с

 

 

 

 

т

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

р

 

 

 

 

Не білемін?

      Облыстар-? Өзің білетін Қазақстандағы облыстарды ата.

- Олардың ерекшеліктері туралы не білесіңдер?

 І сұрақ (Батыс)&p;  - Біз Қазақстанның қай бөлігінде тұрамыз?  Облыс орталығы қай қала? (Батыс  Қазақстан,    Орал)

ІІ сұрақ      (Шығыс)  - Біздің мемлекетіміз қай материкте орналасқан?(Еуразия)

ІІІ сұрақ       (Оңтүстік) – Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша, дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында? (2млн 724 мың км2)

ІV сұрақ      (Солтүстік) – Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?(Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан)

V сұрақ     (Орталық) – Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма?(Болады, егер туған күні 29 – ақпанда болса.)

(Оқушылар осы рет бойынша топқа бөлініп отырғызылады.)

ІІІ.Мағынаны тану. Не білгім келеді?

Қазақстанның Батыс бөлігіне  кіретін облыстар

 Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары

 Қазақстанның  Солтүстік бөлігіне кіретін облыстар

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары

 Қазақстанның  Орталық  бөлігіне  кіретін облыстар

Қарағанды облысы

 Қазақстанның  Оңтүстік  бөлігіне кіретін облыстар

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары

Қазақстанның  Шығыс бөлігіне  кіретін облыстар

 Шығыс Қазақстан облыстары

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындату.

- Қазақстанда неше облыс бар?

- Қазақстан қалаларын ата.

Қазақстан кең-байтақ аумағымен, өте бай табиғи ресурсымен, табиғи-экономикалық түрлілігімен ерекшеленеді. 14 облыс, 86 қала, респ. маңызы бар 41 қала, 169 аудан, 39 кент, 7178 ауылдар бар.

 Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Қостанай, Павлодар, Ақтау, Семей, Көкшетау, Жамбыл, Өскемен, Қызылорда, Атырау, Тараз, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Петропавл және бұлардан басқа кішігірім қалалар да бар. Мысалы: БҚО – Ақсай қаласы.

- Қазақстанның облыстары белгіленген карта қалай аталады? ( әкімшілік карта)

- Әр облыстың географиялық орны мен шаруашылық ерекшелігін айт.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінен ауланатын бағалы балық түрлері Маңғыстау облысы 1973 жылы 20 наурызда құрылды. Алғашында «Маңғышлақ» кейін 1990 жылдың 17-тамызынан бастап «Маңғыстау» деп аталды. Орталығы – Ақтау қаласы. Халқы мал шаруашылығымен айналысады. Оның құрамына Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Мұнайлы аудандары Жаңаөзен қаласы бар.Жерінің жалпы аумағы -16,67 млн.га.Маңғыстау Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан.Теңіз қақпасы Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дүниежүзілік теңдесі жоқ стратегиялық маңызға ие.Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан, Ресейге шығуға мүмкіндік бар.Маңғыстау – мұнайлы мекен. Маңғыстау – мәдени ескерткішімен бай өлке, ол 362 әулие жатқан киелі топырақ. 1982 жылы Үстірт қорығы құрылды.Оның көлемі 223 мың га.

Батыс Қазақстан облысы мұнай мен газ қорына бай, тарихи оқиғаларға бай.1932 жылы құрылды. Жер аумағы – 151 мың шаршы км. Облыс орталығы – Орал қаласы.Жайық өзені арқылы өтетін көпір Еуропа мен Азияның арасын қосып жатыр.

Ақтөбе облысы фосфорит, хром, никель сияқты пайдалы қазбаларға бай. Ақтөбе облысы 1932жылы құрылды.Жер аумағы 300 мың шаршы км.Халқының саны -675,6 мың адам.Облыс орталығы –Ақтөбе  қаласы.респ. солт. батыс бөлігі.Облыста өнеркәсіптің кен өндіру, химиялық сала, тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары астықты алқап

Ақмола – ірі астық өндіруші аймақ. машина олардың құрал-жабдықтарын көп өндіреді: шариктер, дөңгелек мойынтрек, сақтандырулық, бақылаулық қалпақшалар жасайды.Ақмоланың тарихы 1830ж.Қараөткелде Ақмола қамалының салынуынан бастау алады. 1830ж.қазіргі Астананың іргетасы қаланды.1960ж.Ақмола қаласы Тың өлкесінің орталығы болып бекіді. 1961ж. аты Целиноград болып өзгертілді.Жер аумағы – 300 мың шаршы км. 1992ж.қайтадан Ақмола болып өзгертілді. Облыс орталығы – Көкшетау қаласы.

Астана 1997ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР астанасы болып жарияланды, ресми тұсаукесері 1998ж. 10 маусымында болды. 1998ж.Ақмола атауы Астана болып өзгертілді, еліміздің бас қаласына айналды.

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке, бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған

Жайнай бер, жаңа Астанам!

Қостанай -1936ж.құрылды.Жер аумағы -196 мың шаршы км.Облыс орталығы –Қостанай қаласы.

Солт.Қазақстан 1932ж.құрылды. Жер аумағы -98,0 мың шаршы км.Облыс орталығы –Петропавл қаласы. Трактор және ауылшаруашылық машина жасау, химия, мұнай өңдеу.

Қарағанды, Павлодар облыстары таскөмірдің ірі кен орындары бар.

Қарағанды 1932 жылы құрылды. Жер аумағы -428 мың шаршы км.Облыс орталығы –Қарағанды қаласы.

Павлодар 1938ж.құрылды. Жер аумағы -124,8 мың шаршы км.Облыс орталығы –Павлодар қаласы.Түсті металл өндіру, химия, тоқыма, тігін өнеркәсібі.

Алматы облысы Жетісу деп те аталады. Балқаш көлінің бір бөлігі – Қарағанды, бір бөлігі-Алматы облысы аумағында. Таулар бар. Алматы 1807ж  Верный, 1921 жылдан бастап Алматы атанған.Аумағы 286 мың шаршы км. Алматы Тянь –Шанның Қиыр Солтүстік жағындағы Іле Алатау бөктеріне орналасқан. Қала арқылы Үлкен және Кіші Алматы , Есентай, Ремизовка, Казачка өзендері ағады.Алматы қорығы 1931ж.құрылды. Респ. оңт.шығысы. ауылшаруашылық, қант, жеміс-жидек көкөніс шырынын өндіреді.

Жамбыл облысы ежелгі тарихи ескерткіштерге бай. Құрылған мерзімі – 1939ж. Жер аумағы – 144 мың шаршы км.Облыс орталығы –Тараз қаласы.

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Мақта, жеміс-жидек өсіріледі. 1932 жылы құрылған. Жер аумағы -117, 3 мың шаршы км.Облыс орталығы –Шымкент қаласы.Тоқыма, тігін, тері, тамақ өнімдер.

Қызылорда облысы- ақ күріштің өлкесі.Қызылқұм шөлі, Арал теңізі, Байқоңыр ғарыш айлағы да осында.Құрылған уақыты -1938ж.Жер аумағы -226 мың шаршы км. Облыс орталығы - Қызылорда қаласы.

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. 1932 ж.құрылды. Жер аумағы -283 мың шаршы км. Облыс орталығы –Өскемен қаласы.Тау-кен түсті металл өнеркәс. аймақ.

Атырау облысы - мұнай ордасы. Респ. батысында орн. ауданы -118,6 мың км2.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып таныс.  Әр топқа мәтіннің бөліктері бөлініп беріледі.      

Жұптас, ойлан,  талқыла.

Не туралы жазылған?    (Әр топ өздері туралы әңгімелейді.)

Дәптермен жұмыс. Бақылау күнделігімен жұмыс. , +14º, +4º

Сөздік жұмысы.

Траулер ағылш. зат, кәсіптік. Трал балық аулауға арналған кәсіпшілік кеме. Кәсіпшілік сұлбасының типі бойынша –траулер  борттық және артқы бөліктік, су сыйымдылығына байланысты аз тоннажды, ( 350т) орта,  (350-2500т) ірі (2500т)

Танкер –зат. техн.сұйық заттарды тасымалдайтын кеме. (Мұнай өнімдері, сұйытылған газ, тамақ өнімдері) 1978ж. 17 наурыз «Амекс Кодис» атты аса ірі танкер жарылып суға батуынан 220 мың тонна жанармай су айдынына жайылды.

Мәртебе – дәреже, деңгей.

 

Пікіріңді айт. Еліміздегі облыс шаруашылықтарының әртүрлі болу себептерін айтып көр.

 

Толғаныс.  Үйге тапсырма: түсініп оқу, зерттеу жұмысы.

Қазақстан облыстарының экономикалық дамуы жөнінде энциклопедиялардан, ғаламтордан, газет-журналдардан оқып біл.

 

Не үйрендім, не білдім? Кесте толтыру.

 

Р/с

Ерекшелігі

Қазақстанның Батыс бөлігі

Қазақстанның Шығыс

бөлігі

Қазақстанның Оңтүстік

бөлігі

Қазақстанның Солтүстік

бөлігі

Қазақстанның Орталық

бөлігі

 

Несімен әйгілі?

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзен-көлдері

 

 

 

 

 

 

 

Осы аймақтарға кіретін қалалардың атауы

 

 

 

 

 

 

(Мысалы: оқушылар төмендегідей етіп толтырып берді, үлгі:)

 

Р/с

Ерекшелігі

Қазақстанның Батыс бөлігі

Қазақстанның Шығыс

бөлігі

Қазақстанның Оңтүстік

бөлігі

Қазақстанның Солтүстік

бөлігі

Қазақстанның Орталық

бөлігі

 

Несімен әйгілі?

Мұнай, газ, тарихи оқиға

Пайдалы қазба, жануар, өзен-көл, құс

Ұлы Жібек жолы, мақта, жеміс-жидек, Байқоңыр ғарыш айлағы

Астық өсіру, шипажай,

Таскөмір өндіру

 

 

Өзен-көлдері

Жайық

Ертіс

Сырдария

Есіл

ірі көл-Балқаштың бір бөлігі

 

Осы аймақтарға кіретін қалалардың атауы

Атырау, Ақтөбе, Ақтау,

Орал

Өскемен,

Семей

Шымкент,

Алматы,

Тараз,

Қызылорда

Петропавл, Павлодар, Астана, Көкшетау, Қостанай

Қарағанды

 

Оқушыларды бағалау.    Жуан, жіңішке сұрақтар.  «Мен футболшы боламын» ойыны.

- Қазақстанда қанша облыс бар?

-; Облыстар белгіленген карта қалай аталады?

- Әр облыс несімен ерекшеленеді?

-Қазақстанда қанша қалалар бар?

- Қалалар туралы өлеңдер айтып көр.  Ән: Астана.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Қазақстан мәдениеті
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Ақпаратты – логикалық саяхат сабағы
Менің Отаным – Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 21845 | Қосты: Бейбітова Тулпан Маратқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык