Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сарыарқа



Тақырыбы: Сарыарқа

Сабақтың мақсаты: 

Танымдық-білімділік міндет: Сарыарқаның географиялық орны,жер бедері мен климаты,пайдалы қазбалары мен өзен торы,табиғат зоналары мен экологиясы туралы нақты білім бере отырып, географиялық байланысты аша білуге дағдыландыру.

Коммуникативті-дамытушы міндет: Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастары мен дүниетанымын кеңейту, өзара қарым-қатынастарын қалыптастыра отырып ынтымақты түрде ортамен ,топпен жұмыс жүргізуді үйрету.

Әлеуметтік –бағдар беру міндеті: Азаматтық қасиеттерді тәрбиелей отырып, оқыту арқылы қоғамға пайдалы, білімді,сұлулықты сезінетін, патриот, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.  

Сабақтың түрі: баяндау, әңгімелесу, шығармашылық сабақ.

Сабақтың тегі: жаңа сабақ

Сабақтың тәсілі: топпен , жеке оқушымен

Сабақтың әдісі:. Интерактивті оқыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас – 8 класс. Слайдтар, оқулық, тақта,бор т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка,биология

Сабақтың барысы:                      

  І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасына шолу:   «Таным таразысы»

  1. Қазақстан жазықтарын ата ? (Сотүстік Қазақ, Тұран, Шығыс Европа)  
  2. Қазақстан аумағы қанша физикалық-географиялық аймаққа бөлінген? (9)
  3. Ертіс –Құлынды даласы қай жазықтың құрамына кіреді? (солтүстік қазақ)
  4. Соколв-Сарыбай кен орнынан не өндіріледі? (темір)
  5. Солтүстік қазақ жазығында орналасқан қорық? (Наурызым)
  6. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл? (Бетпақдала)
  7. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы? (Мұғалжар)
  8. Мұғалжар тауының биік нүктесі? (Үлкен Боқтыбай)
  9. Қазақстан жеріндегі аласа таулы өлкелер? (Мұғалжар, Сарыарқа,Маңғыстау )
  10. Батыс Мұғалжардың ерекшелігі неде? (Солтүстіктен оңтүстікке қарай биіктейді)
  11. Мұғалжардан бастау алатын өзендер? (Жем,Ырғыз,Тобыл)
  12. Мұғалжардың пайдалы қазбаларын ата?(Хром,никель,құм т.б)
  13. Мұғалжар тауы қай кезеңде пайда болған?(герцин қатпарлығында)   
  14. Қазақстанға Орал тауының қай бөлігі енеді?(оңтүстік)
  15. Мұғалжар тауы қай бағытта орналасқан,ұзындығы?(солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы – 450 км)
  16. Мұғалжар тауы неше жотаға  бөлінеді? (2 батыс шығыс)
  17. Мұғалжардың батыс бөлігінің өсімдіктері? (боз,бетеге,селеу)
  18. Жануарлар дүниесі қай зонаға тән аң – құстардан тұрады? (дала,шөлейт.шөл)
  19. Мұғалжардағы жылдық жауын – шашын мөлшері? (300 мм)
  20.  Мұғалжар қай таудың жалғасы? (Орал)

21   Мұғалжар тауынан соғатын тұрақты жел? (Суық Мұғалжар желі )

ІІІ. Жаңа сабақ. «САРЫАРҚА»  (Тақтада жазып көрсету)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Сарыарқа –қазақстанның ірі физикалық-географиялық, табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа сөзі – халықтық атау, оның топонимикасы «сарғайып жатқан кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, адырлы қырқа» деген мағына береді. Сарыарқа қазақтың байлығының көзі, өнер мен мәдениеттің, тарихтың кеніші. Бұл өлкенің асыл тумалары Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, жазушы С.Сейфуллин мен ақын Қ.Аманжолов композиторлар Тәттімбет пен Мәди , Ұлы Отан соғысының батыры Н.Әбдіров, тұңғыш ғарышкер Т,Әубәкіров. Заманымыздың ұлы ойшылы Абай Шыңғыстауының бауырында дүниеге келген . Әрине Бұл туралы айта берсек өте көп сондықтан өзіміздің географиялық тұрғыдан берер бағамызға келсек сарыарқа сотүстігінде – Солтүстік қазақ жазығымен

Оңтүстігінде – Тұран ойпатымен

Батысында – Торғай үстіртімен

Шығысында – Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектесетін орталық бөлікте орналасқан кең өлке. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы -  1200 км  , ені – 400-900 км шамасында. Сарыарқаға Қарағанды,Ақмола облыстарының жері толық, солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының біраз бөлігі кіреді.

Негізгі бөлім: Топпен жұмыс:

 (Класты 4 топқа бөліп, әр топтың нақты тапсырмаларын беру.  Тапсырма нақты түрде беріледі. Уақыты – 15 минут.)  (Топтар жұмыс жасап жатқанда «Сарыарқа» күйін ойнату керек) 

Әрбір топ өзінің баяндамашысын, хатшысын тағайындайды. 

Топ тапсырмалары: 

№ 1 топ.  Жер бедері және геологиялық құрылысы

  1. Сарыарқа өлкесі неден тұрады, нелер кездеседі, қалай жіктеледі, қандай аймақ?
  2. Сарыарқадағы тау жоталары, биік нүктелері
  3. Жер бедеріндегі ірі ойыс. Көкшетау, Ұлытау тауларына сипаттама бер
  4. Неліктен Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталған?

№2 топ. Пайдалы қазбалары мен климаты

  1. Пайдалы қазбаларды кен орындарымен қоса кесте түрінде көрсет
  2. Климатына талдау жаса
  3. Ірі кен орындарын картадан көрсет.
  4. Әлемдік сұранысқа ие қандай пайдалы қазбаларға бай деп ойлайсыңдар?

№3 топ. Өзендері мен көлдері

  1. Сарыарқаның басты өзен жүйелері мен көлдері
  2. Өзендердің қоректенуі
  3. Өзендері мен көлдерін картадан көрсет
  4. Су проблемасының туындауын немен түсіндіресіңдер, оны шешу жолдары қандай?

№4 топ  Өсімдіктері мен жануарлары

  1. Табиғат зоналарын анықта, әр зонаның топырағы мен өсімдік жамылғысын талда.
  2. Жануарлар дүниесі мен құстары 
  3. Қорықтары мен ұлттық саябақтары
  4. Неліктен «Қазақстан Швейцариясы» атанған?       

Әрбір топ өз тапсырмаларын қорғайды.(презентациялау)

 Қарсы топтар бір сұрақ пен бір пікір қосуға болады.

Сабақты бекіту: Нені оқыдық ?

Негізгі мәселе не?

Нені білдік?

Сабақты қорытындылау:  Рефлексия: (ауызша немесе жазбаша түрде)

-  Сарыарқаны әлемдік туризм орталығына айналдыруға менің көзқарасым...........   

-  Сабақты бағалау.

Үйге тапсырма: Сарыарқаның орографиялық сызбасын түсіру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сарыарқа
Солтүстік Қазақ жазығы
Алтай тауы
Орал физикалық-географиялық аймағы
Аласа таулы өлкелер
Білгір географ - XXI
Сауыр - Тарбағатай таулары
Алтай таулары
Алтай таулары
Aласа таулы өлкелер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5574 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык