Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұхиттар



Мұхиттар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Дүниежүзі  мұхиттары туралы  түсініктерін қалыптастырып, оларды картадан, таба білуге және оларды бір-бірімен салыстыру.

Сабақтың міндеттері: 1Дүниежүзілік мұхит және оның түрлеріне түсінік беру картадан көрсете білуге үйрету.

2. Мұхит ерекшеліктерін анықтау, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

3.Картамен жұмыс істеу қабілетін дамыту және білімдерін тереңдету.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: жарты шарлар картасы,  интерактивті тақта, глобус, атлас кескін карта

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, тірек сызба.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы1  Ұйымдастыру кезеңі

2 Үй тапсырмасын сұрау

3  Жаңа тақырып барысы

4  Бекіту кезеңі

5  Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі:

 Сыныптың тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын  тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ

Жауап

1

 Гидросфера- жердің қандай қабығы?

Гидросфера жердің су қабығы

 

2

 Гидросфераға не жатады?

Гидросфераға   мұхиттар, көлдер жер асты сулары , батпақ сулары  және мұздықтар мен атмосферадағы су булары- жердің су қабығы гидросфераны құрайды . (грек сөзінен аударсақ гидро-су)

 

3

1литр теңіз суының құрамында неше грамм тұз болады ?

(1 литр теңіз суының құрамында 35гр тұз бар, негізінен ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері болады

 

4

Арасан дегеніміз не ?

Емдік сулардың шығып жатқан жерін айтамыз)

 

5

Қазақстанда емдік қасиеті бар қандай жерлерді білеміз?

(Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлық арасан, Жаркент арасан)

 

6

Грек мифологиясында су құдайын кім деп атайды?

(Посейдон)

 

7

Римдіктерде су құдайын кім деп атайды

Нептун

8

Табиғатта су қандай күйде кездеседі ?

(табиғатта су үш күйде кездеседі бу, мұз,қатты).

 

9

Судың қандай қасиеті бар?

(Су түссіз, мөлдір  иісі дәмі жоқ. ұдайы ағып жатады)

 

10

Су адам денесінде,  өсімдіктерде неше пайыздан тұрады

Адам денесінің 65%-ын , ал өсімдіктерде бұдан да көп күнбағыс бір жазда 40 литр су сіңіреді, ал алма ағашы мұнда суды бір күнде сіңіреді

 

11

Суда еритін заттарды ата?

суда еритін заттарды мұз, қант ,құм

 

12

Судың химилық формуласын ата ?  (Н2  О )

 

2  О )

Жаңа сабақ барысы :Үй тапсырмасымен байланыстыру.

Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит деймізМұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен)..Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361, 1 млн шаршы шақырым немесе жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр.  Дүние жүзі мұхиттарын төртке бөлінеді. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит .

Мұхиттардың ішіндегі ауданы және көлемі жағынан ең үлкені , ең тереңі Тынық мұхиты.Екінші Солтүстіктен оңтүстікке қарай  созылып жатқан Атлант мұхиты. Оңтүстікте орналасқан үнді мұхиты. Төртінші ауданы, көлемі жағынан ең кішкентайы , солтүстікте орналасқан Солтүстік мұзды мұхиты.

Ендеше, балалар өлеңімізде айтылғандай, бүгінгі тақырыбымыз гидросфераның бір бөлігі  мүхиттар.

Бүгінгі сабақтың жоспары:

1. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері.

2.Мұхит суының температурасы.

3.Мұхит суының тұздылығы қандай?

4.Мұхиттағы ағыстар.

5. Мұхитта кездесетін пайдалы қазбалар.

6.Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай?

1 бағыт. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері.

1. Тынық мұхиты – ауданы жағынан ең үлкені.

2. Атлант мұхиты – ең созылыңқы және ең ерте игерілген.

3. Үнді мұхиты ең жылы әрі ең тұзды.

4. Солтүстік мұзды мұхит – ең кішісі, ең суығы.

2 бағыт. Мұхиттардың орташа температурасы.

1. Тынық мұхиты 19,4 ºС.

2. Атлант мұхиты 16,5 º С.

3. Үнді мұхиты 17,3 ºС.

4. Солтүстік мұзды мұхиты -1 ºС.

3 бағыт. Мұхит суының тұздылығы.

1. Мұхиттың суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз.

2. Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен өлшенеді.

3. 1 литрде 35 грамм тұз болады

4. Ең жоғарғы тұздылық Үнді мұхитында 36,5‰. Қызыл теңізде 41‰

5. Ең төменгі тұздылық Солтүстік мұзды мұхитта 32‰

6. Судың тұздылығы – еріген тұздардың 1 литр судағы граммен

    алынған мөлшері.

4 бағыт. Мұхиттағы ағыстар.

1. Жылы ағыстар картада қызыл түспен көрсетіледі. (Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты жылы ағыс- Гольфстрим)

2. Суық ағыстар картада көк түспен көрсетіледі. (Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс  -Батыс желдер)

5 бағыт. Мұхиттағы пайдалы қазбалар.

1.Табиғи газ: Маңғыстау түбегінде.

2. Мұнай – парафин, бензин, гудрон, керосин.

3. Тыңайтқыштар – ауыл шаруашылығында пайдаланады.

4. Ас тұзы.

5. Құрылыс заттары – цемент, әктас.

6 бағыт. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай?

1. Мұхитта 150мың жануар түрі мен 10000 балдыр кездеседі.

2. Мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО бақылайды.

3. Балықтар (теңіз мысығы, минтай, кашалот).

4. Өсімдіктері (теңіз капустасы, балдырлар).

Мұхиттағы тіршіліктің таралуы қандай? (Слайд бойынша).

Енді балалар, оқулықтың және атластың көмегімен кестені толтыру. Оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасайды. Глобустан мұхитты табады, оқулықтан тақырыпты оқиды, жұмыс барысында талдауға салып, салыстырады, сараптама береді және олардан қорытынды шығарады.

Слайд жұмысы (кесте мұхиттар)

Мұхиттар 

Мұхиттың аты

Қандай жарты шарда орналасқан

Мұхиттың ең терең жері

Қандай құрлықтардың жағалауын шайып жатыр

Мұхиттың ерекшіліктері

1

Тынық  мұхиты

Батыс жарты шар

11022м

Мариан шұңғымасы

Еуразия, Аустралия,

Солтүстік және Оңтүстік Америка

Ауданы

жағынан

ең үлкені

2

Атлант мұхиты

Батыс ,шығыс жарты шар

8742м

Пуэрто – Рико шұңғымасы

Еуразия, Африка ,

Солтүстік және Оңтүстік Америка

Балыққа

ең бай

мұхит

3

Үнді  мұхиты

Шығыс

Жарты шар

7209м

Зонд аралдары

Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида

Ең жылы

 және тұзы

жоғары мұхит

4

Солтүстік мұзды мұхиты

Солтүстік жарты шар

5527м

Гренландия теңізі

Еуразия мен Солтүстік Америка

Ауданы

жағынан

ең кішісі

және ең

суық мұхит

 

Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбаны қолдану арқылы жауап береді.

Географиялық диктант. 

1. Атлан мұхиты

2. Қызыл теңіз.

3. Солтүстік Мұзды мұхит.

4.Тынық мұхиты

5. Үнді мұхиты

  1. Тұздылығы 42% болатын теңіз.
  2. Көлемі жөнінен 2 –орын алатын мұхит.

     3.7209м Зонд аралдары

     4. 11022м Мариан шұңғымасы

5.Ең суық мұхит.

 

Кім картаны жақсы біледі? (Географиялык объектілерді картадан көрсету.)

  1. Батыс желдер ағысы.
  2. Гольфстрим ағысы.

     3.   Тынық мұхиты.

4. Атлант мұхиты

5. Үнді мұхиты

6. Солтүстік мұзды мұхиты

 

Кескін картамен жұмыс (кескін картаға мұхиттарды белгілеу)

Географиялық орнын тап:

Нүктенің орнына керекті сөзді жазу

1.Дүние жүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің ¾ бөлігі немесе______млн шқ тиеді.

2.____________-жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит.

3. Дүние жүзілк мұхиттың бөліктері бір-бірімен____________

арқылы жалғасады.

4.Мұхит ағыстарының түрлері:

1)--------------

2)------------------

4.Су айналымдары: 1) ________________2)______________

«Бәйге» ойыны. (Кім бірінші жауап береді?)

 «Ең ерекше» 

Өзіндік ерекшелігі

Мұхиттың аты

ең үлкен

ең суық

ең жылы

ең ұзын

ең кіші

ең тұзды

ең оңтүстіктегі

ең солтүстіктегі

ең тереңі

ең ендісі

жануарлар дүниесіне ең байы

ең мұздысы

ең аралы көп

балық аулаудағы ең негізгісі

Төмендегі елді мекендерге ең жақыны

Астанаға

Алматыға

Сенің туған (тұрған) жеріңе

Ең алыста орналасқан

Астанадан

Алматыдан

Сенің туған (тұрған) жеріңнен

Тынық

Солтүстік мұзды

Тынық

Атлант

Үнді

Cолтүстік мұзды

Үнді

Солтүстік мұзды

Тынық

Тынық

Тынық

Солтүстік мұзды

Тынық

Атлант

 

Солтүстік мұзды

Үнді

Атлант

 

Тынық

Тынық

Тынық

Бекіту кезеңі:

1. Мұхит дегеніміз не?

2. Мұхиттар жер бетінің неше пайызын құрайды?71%

3. Көлемі жағынан ең үлкен мұхитты ата?

4. Қай мұхит суының температурасы жылы?

5. Ең балыққа бай мұхитты ата?

6. Көлемі жағынан екінші мұхитты ата?

7. Тұздылығы жоғары теңізді ата?

8. Ең ауданы жағынан кіші мұхитты ата?

9. Ең тұздылығы төмен мұхитты ата?

10. Мұхитта қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

11. Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты жылы ағысты ата? (Гольфстрим)

12. Ағыстар неше түрге бөлінеді?(жылы және суық)

13.Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағысты ата ( Батыс желдер)

14. Ең терең шұңғыманы ата? (Мариан)

Қорытындылау кезеңі:

Мұғалім: Сонымен, балалар бүгінгі тақырыбымызда мұхиттың түрлерімен, олардың тереңдігімен, қандай құрлық жағалауларын шайып жатқанын, мұхиттың түбімен, мұхиттағы кездесетін өсімдіктермен, жануарлармен, мұхиттағы болатын құбылыстармен таныстық.

Үйге тапсырма беру:

Оқуға:  § 21 Мұхиттар 56бет, кескін картаға мұхиттарды түсіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар.
Мұхиттар
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Сусыз тіршілік жоқ
Гидросфера
Мұхиттар
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 7449 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык