Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Сусыз тіршілік жоқ


Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Сусыз тіршілік жоқ

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Сусыз тіршілік жоқ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық: Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.

Тәрбилік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Жаңа технология бойынша, иновациялық әдіс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүние жүзінің физикалық картасы, ұяшықтар, кесте.

Сабақ өткізу әдісі: ІІІ-кезеңнен тұрады.

І- кезең: Дайындық (Оқушыларды топқа бөлу, проблемаларды алдын – ала таныстыру, қажетті материалды жинау).

ІІ – кезең: Ойын кезеңі (қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

ІІІ – кезең: Қортындылау. (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)

Сабақтың барысы:

І.Ұымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды сабаққа дайындау,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Гидросфераның құрамдас бөліктері?
  2. Дүниежүзілік мұхиттың алып жатқан ауданы?
  3. Мұхит бөліктеріне сипаттама беріңдер

Жаңа сабақ.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

 Оны айтуға табиғаттың үні жоқ.

Сусыз тіршілік жоқ»

Қортындылау сабағы

  • Ø І – тур.   Таныстыру
  • Ø ІІ – тур.  Топ басшылар сайысы
  • Ø ІІІ – тур. Дода
  • Ø ІV – тур. Мақал-мәтелдер сайысы
  • Ø V – тур. “Ең ерекше”   сайысы

І – тур. Әр топ өздерін таныстырады.Жоғарғы бал 50 ұпаймен есептелінеді

ІІ-тур.    Топ басшылар сайысы сайысы

Әр капитанға 7 сұрақтан беріледі.

Жауап: “иә” немесе “жоқ” Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі

«Ертіс» тобының топ басшысына 7 сұрақ:

  1. Мариан шұңғымасы Тынық мұхитында орналасқан. (иә)
  2. Мадагаскар аралы Африка жағалауында. (иә)
  3. Дүниежүзінде 6 материк, 6 мұхит бар. (жоқ)
  4. Үнді мұхитының орташа температурасы 17,3° градус. (иә)
  5. Цунамидің биіктігі 1,5 метрге жетеді. (жоқ)
  6. Дүниежүзіндегі ең ұзын ағыс Батыс желдер ағысы. Ұзындығы 30 мың км. (иә)
  7. Атлант мұхиты Солтүстік Мұзды мұхитынан кіші

«Еcіл» тобының топ басшысына 7 сұрақ:

1. Өзендер мұхиттардан бастау алады. (иә)

2. Суэц каналы Жерортамен Қызыл теңізді жалғастырады. (иә)

3. Тынық мұхитының ауданы 180 млн. км кв. (иә)

4. Гидросфераның 97% мұхиттар мен теңіздер. (иә)

5. Үнді мұхитындағы ең терең шұңғыма Мариан шұңғымасы. (жоқ)

6. Ауданы жағынан ең кішісі Солтүстік Мұзды мұхиты. (иә)

7. Солтүстік Мұзды мұхиты тропиктік белдеудің бойында. (жоқ)

«Жайық» тобының топ басшысына 7 сұрақ:

1 Үнді мұхитының ең терең жері Зонд шұңғымаксы. (7729 м) (иә)

2. Өзен басталар жерін бастау дейміз. (иә)

3. Картада жылы ағыстар қызыл сызықпен белгіленеді. (иә)

4. Гренландия үнді мұхитында орналасқан. (жоқ)

5. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. (иә)

6. Мұхиттағы тұздылық киллограммен өлшенеді. (иә)

7. Ең суық мұхит Үнді мұхиты. (жоқ)

ІІІ – тур. Дода. Бұл сайыста тақтада берілген ұяшықтар ішінен өздерінің таңдауы бойынша алады. Таңдаған ұяшықтағы ұпай саны өз үлестеріне тиеді.

20. Мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігін не деп атаймыз? (Шығанақ)

30. Жерорта, Азов, қызыл теңіздер қандай теңіз түріне жатады? (Ішкі)

40. Материк ішіндегі тұйық сулы өлкені не деп атаймыз? (Көл)

20. Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не деп атаймыз? (Өзен алабы)

30. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? Ұзындығы... (Ніл өзені. (6671))

40. 1 тонна бидай өсіру үшін қанша тонна су қажет? (1500 тонна)

20. Ішкі теңізге қарағанда мұхитпен емін – еркін байланысқан теңіздер? (Сыртқы теңіздер)

30. Қазақстандағы ең ірі өзен? (Ертіс)

40. Атлант мұхитының ең терең жері? (Пуэрто-Рико (8742 м)

20. Мұхиттардағы ең ірі сүтқоректі? (Кит)

30.“Гидросфера” – сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағана береді?(“гидро”- су, “сфера”- шар)

40 1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм су болады? (35 грамм).

 IV-тур. Мақал – мәтелдер сайысы. 8 ұяшық беріледі. Әр ұяшықта аяқталмаған су туралы мақал бар. Таңдаған ұяшықтағы мақалды аяқтай алса, 50 ұпай беріледі. Аяқтай алмаған жағдайда тапқан топтың үлесіне тиеді.

1. Сөз атасы — құлақ, Су атасы — ……….( бұлақ)

2. Адамзатты сөз бұзар, (Тау мен тасты су бұзар)

3. Судыңда – .......  (сұрауы бар)

4. Таулы жер бұлақсыз болмас, (Сулы жер құрақсыз болмас)

5. Бір тамшы су-..... (...- жерге пайда)

6. Батыр туса – ел ырысы, (Жаңбыр жауса, жер ырысы)

7. Бұлақ көрсең -..... (...көзін аш.)

8. Қар мол болса, дән көп.... (Су көп болса, ну көп)

V-тур. «Ең ерекше» сайысы. Берілген кестені толтыру. Артынан кестені бір – біріне алмастыра отырып тексеру. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді.

Ең, ең, ең ...

Жауаптары

1

Ең суық  мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

2

Ең таяз  мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

3

Ең жылы  мұхит

Үнді мұхиты

4

Ең терең   мұхит

Тынық мұхиты

5

Ең үлкен  мұхит

Тынық мұхиты

6

Ең кіші  мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

7

Ең енді  мұхит

Тынық  мұхиты

8

Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

9

Ең тұзды мұхит

Үнді

10

Ең тұздылығы аз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

11

Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит

Атлант мұхиты

Қорытынды: Сайыс сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!

Сен – күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің!

Сен – орман!

Сен – бұлақсың!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !

Оқушыларды бағалау кестесі.

Топтың аты

І-тур

ІІ-тур

ІІІ-тур

ІV-тур

V-тур

Қортынды

Ертіс

 

 

 

 

 

 

Еділ

 

 

 

 

 

 

Жайық

 

 

 

 

 

 

Ең, ең, ең ...

Жауаптары

1

Ең суық  мұхит

 

2

Ең таяз  мұхит

 

3

Ең жылы  мұхит

 

4

Ең терең   мұхит

 

5

Ең үлкен  мұхит

 

6

Ең кіші  мұхит

 

7

Ең енді  мұхит

 

8

Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит

 

9

Ең тұзды мұхит

 

10

Ең тұздылығы аз мұхит

 

11

Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит

 

Ең, ең, ең ...

Жауаптары

1

Ең суық  мұхит

 

2

Ең таяз  мұхит

 

3

Ең жылы  мұхит

 

4

Ең терең   мұхит

 

5

Ең үлкен  мұхит

 

6

Ең кіші  мұхит

 

7

Ең енді  мұхит

 

8

Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит

 

9

Ең тұзды мұхит

 

10

Ең тұздылығы аз мұхит

 

11

Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар.
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы
Мұхиттар
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Гидросфера
Мұхиттар
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3564 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык