Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұхит сунының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы


Мұхит сунының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы

Мұхит сунының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға мұхит суының температурасы мен тұздылығы жайлы білім беру. Тұздылық пен температураның мұхитттың әр түрлі аймақтарында біркелкі болмауының себептерін ашу. Оқушыларда «толқындар», «цунами», «толысу мен қайту құбылыстары» ұғымдарын қалыптастыру. (оқушылар бұл құбылыстардың пайда болу себептерін меңгерулеріне тиіс). Оқушылардың карта және кескін картамен жұмыс істеу біліктерін ары қарай дамыту. 

Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар:  Ауа райы,  күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер

Сабақтың кезеңдері:   

  1. Ұйымдастыру кезеңі                                                                           5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі                                                        6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі                                                      7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақ жоспары

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Ең алдымен оқулықтағы мәтін соңындағы сұрақтар бойынша тексеру жүргізеді. Сұрақтар мен тапсырмалардың жауаптары:

2) Қазақстан аумаңғынан Д.ж мұхитқа шығуға бола ма? 3) Сендер тұратын елді мекен ең жақын теңізден қандай қашықтықта орналасқан? Бұл қашықтықты карта бойынша өлшеңдер. 4) Қара теңізден бастап ойша Жер шарын айналып шығатын «саяхат» жасаңдар. Өздерің сол арқылы жүретін және жақынырақ өтетін мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, каналдарды атаңдар. 5) Еуразия материгінің жағаларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атаңдар. 6) Қандай бұғаз екі теңіз бен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрады? 7) Мәтінд аталған теңіздерді, шығанақтарды және бұғаздарды кескін картаға жазыңдар. 8) Мұхиттар кестесін толтыру.

Соңында 7 тапсырма бойынша кескін карталарын тексереді.

 

Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар жауаптары:

2) Қазақстан аумағынан д.ж. мұхитқа шығуға болады.

3) Павлодар облысына ең жақын Арал теңізі, ол мұннан  1240 км қашықтықта орналасқан.

4) Қара теңізден о-б-қа қарай Босфор бұғазы арқылы Жерорта теңізіне, одан Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шығамын. Осыдан сол бағытта жүзе отырып, Мексика шығанағына, Кариб теңізіне өтіп, Пнама каналы арқылы Тынық мұхитына шығамын. Тынық мұхиты арқылы экватор бойымен жүзе отырып, көптеген аралдар арқылы өтіп, Үлкен Зонд аралдарынан Үнді мұхитына жүзіп шығамын. Содан Аден шығанағына жетіп, ол арқылы Қызыл теңізге жетемін. Одан Суэцк каналы арқылы қайта Жерорта теңізіне өтіп, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізіне қайтып келемін.

5) Ішкі теңіздер: Каспий, Қара, Қызыл, Жерорта, Балтық; шеткі теңіздер: Солтүстік, Норвег, Баренц, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Беринг, Охота, Жапон, Шығыс-Қытай, Сары, Оңтүстік-Қытай, Аравия теңіздері.

6) Беринг бұғазы

8) Тынық мұхиты: 180 млн км2, Еуразия, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Аустралия, Антарктида, Мариан шұңғымасы – 11022 м; Атлант мұхиты: 92 млн км2, Еуразия, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Антарктида, Африка, Пуэрто-Рико – 8440 м, Үнді мұхиты: 75 млн км2, Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида, Үлкен Зонд – 7729 м.

3

Жаңа тақырыпты географиялық диканттан бастайды:

1) материктер, 2) дүние бөліктері, 3) мұхитттар, 4) теңіздер, 5) аралдар, 6) түбектер, 7) шығанақтар, 8) бұғаздар.

Географиялық диктанттан кейін жаңа материалды игеру мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақ қояды: «не себептен мұхит суының температурасы экваторлық, тропиктік және полярлық аймақтарда әр түрлі болып келеді?», «мұнда қандай заңдылық байқалады?

Оқушылардың жауаптарын қорытып, экваторлық аймақты мұхит суының температурасы 28-29°С, полырлық аймақтарды 0°С көрсететінін айтады. Судың жоғарғы қабатында толқындар мен ағыстардың арқасында араласып, 100 м тереңдікке дейін судың температурасы 2-3°С дейін ғана төмендейді. Сонымен қатар оқушыларға мұхит суының температурасының маусымдық өзгерістерге де тәуелділігін айту керек. Кейін мұхит суының тұздылығы туралы айтып өтеді. Тұздылық 1 л судағы еріген тұздардың граммен алынған мқлшері, ол промилле белгісімен белгіленеді. Мұхит суында ас тұзы, темір, хлор, магний, кальций, натрий, күкірт, мыс, күміс, алтын болатындығын айтады. Мұхит суының тұздылығы ж-ш мөлшеріне, судың булануына, айсбергтердің еруіне де байланысты. Сонымен қатар тұщы су мөлшері аз қосылатын және булану күшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері көбейеді.

Мұхит суы әртүрлі күштердің әсерінен үнемі қозғалыста болады. Ең бірінші фактор – жел. Желдің әсерінен толқындар 10-15 м биіктікке көтеріледі. Толқынның элементтері: қыры немесе жалы, биіктігі, биіктігі, табаны, ұзындығы. Толқынның суретін тақтаға салып көрсетеді. Толқынның күштілігін анықтайтын шкала туралы айтып өтеді. Кейін  «соқпа тоқын», «цунами», «тайфун» ұғымына тоқталады. Оның пайда болу себептерін оқушылармен бірігіп анықтайды.

Жағалауға орағыта соғатын соқпа толқын. Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 метрден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп 20-30 м-ге жетеді. Цунами болар алдында су жағадан бірнеше жүзлеген метрге шегінеді, оның толқыны сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жер тайфун деп аталады. Оның әсерінен таудай толқын көтеріледі. Мұхит пен теңіздерде қайталап тұратын құбылыс – толысу мен қайту. Оны меңгеру үшін оның сызбасын пайдалану жөн.    Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалану мәселесі айтылады.

Ең алдымен геогграфиялық диктантқа жауап береді:

1) Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида; 2) Америка, Африка, Еуропа, Азия, Аустралия, Антарктида; 3) Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит; 4) Ішкі теңіздер: Каспий, Қара, Қызыл, Жерорта, Балтық; шеткі теңіздер: Солтүстік, Норвег, Баренц, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Беринг, Охота, Жапон, Шығыс-Қытай, Сары, Оңтүстік-Қытай, Аравия теңіздері; 5) Гренландия, Мадагаскар, Жаңа Зеландия, Үлкен Антиль аралдары, Жаңа Гвинея; 6) Үндістан, Аравия, Үндіқытай, Пиреней, Лабрадор, Сомали; 7) Бенгаль, Мексика, Аден, Гудзон, Аляска; 8) Гидралтар, Гудзонов, Беринг, Мозамбик.

Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді:

«өйткені экватордан полюстерге қарай күн келетін жылудың мөлшері азая береді, мұхит пен құрлық беті күн сәулесінен жылынатындықтан мұхит суы да экватордан полюстерге қарай әркелкі жылынады, яғни мұхит суының температурасы экватордан полюстерге қарай төмендей береді».  Мұхит суының тұздылығын сипаттағанда оқушылар әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болатындығын білуі керек. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз – Қара теңіз, оның тұздылығы 39-40 грамға жететінін біледі.Теңізді сипаттау жоспарын жазып алады:

1) географиялық орны, 2) ішкі немесе шеткі теңіз, 3) көлемі мен жағалау сызықтары, 4) ең үлкен және басым тереңдігі, 5) тұздылығы.

Осы жерде оқушылар толқынның элементтерін мұғалімнің тақтаға салған графикалық суреті арқылы айқындап меңгеру мақсатында дәптерлеріне сызып отырады. Кейін оқушылар оқулық мәтінінен толқынның балдық шкаласы суретін тауып, толқынның күші 9 балдық шкаламен анқыталатынын өздері анықтап біледі.

Цунами (жапонша цунами – қойнауындағы үлкен су) – теңіз түбіндегі жер сілкінулердің әсерінен пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.

Мәтінді оқып, оны берілген суретпен салыстыра отырып, оқушылар өз ойларын сараптайды.

Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл. Жапон, Филиппин аралдарына, Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіне таралады.

4

Тақырыптарды бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді:

1) Мұхиттың тұздылығының таралуын жарты шарлардың кескін картасына түсір;. 2) жоспар бойынша бір теңізге сипаттам беру; 3) толысу мен қайту құбылыстарын шаруашылықта пайдаланудың сызбасын жасау; 4) Толқындардың пайда болу себептері қандай? 5) Жер шарының қандай аймақтарында цунами жиі қайталайды және неліктен? 6) Судың толысуы мен қайтуы ненің әсерінен пайда болады? 7) Соқпа толқын, тайфун деген не?

Тақырыпты бекіту тапсырмалары мен сұрақтарына жауаптары:

1)  Мұхиттың тұздылығының таралуын жарты шарлардың кескін картасына түсіреді; 2) мысалы, Каспий теңізге сипаттама береді: а) Еуразия материгінде орналасқан; ә) ішкі теңіз; б) 396 мың ш.ш; в) 2000 м; 3) Толысу мен қайту: балық аулау, балдырлар дайындау, жануарларға жем дайындау, куат өндіру, кеме қатынасы; 4) мұхит түбіндегі жер сілкінулерінің әсерінен пайда болады; 5) 1960 ж. Анд тауларындағы жер сілкінуден туған цунами Чили жағалауларын,  Американың батыс жағалауын Калифорнияға дейін Жаңа Зеландия жағасын, Аустралияны, Филиппин, Гавай аралдарын, Жапонияны, Куриль аралдарын қамтыды; 6) айдың тартылыс күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуы болады; 7) Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл.

5

Сабақты қоыртындылау үшін оқушыларға сұрақтар қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жаууап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта мұхиттар мен теіздердің тұздылығы туралы, оларды суының қозғалысы туралы білдім. Соқпа толқын, цунами және тайфун туралы көзқарастарымыз кеңейді.

6

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалуына қарай, сабақ үстінде көрсеткен белседіліктеріне қарай бағалайды.  Бағаларын айтып, күнделіктеріне қойып береді.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.

7

Үй тапсырамысна: 40,41. анықтамаларды жаттау. Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Гидросфера» тарауы бойынша қорытынды сабағы.
Мұхиттар
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүілік мұхит және оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы
Мұхиттар
Аралдар мен түбектер
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8533 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык