Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атмосфералық жауын-шашын. Жел


Атмосфералық жауын-шашын. Жел

Атмосфералық жауын-шашын. Жел

Мақсаты:

Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру, желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Жнл өрнегін салу, атмосфералық жауын -шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: 

Сабақтың кезеңдері:  

 Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1) Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы дегеніміз не?

2) Су буымен қаныққан ауа деп нені атайды?

3)  Салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?

4) Конденсация дегеніміз не?

5) Бұлт деген не?

6) Тұман деген не?

7) Күннің немесе Айдың қоралануы деген не?

8) Бұлттылық деген не?

 

 

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады.

2) Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққан ауа деп атайды.

3) Салыстырма ылғалдылық –   1 м3ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)

4) Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а.

5) Бұлт – жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.

6) Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі.

7) Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды.

8) Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды. Ол  0-10 бал аралығында белгіленеді.

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1)  Бұлт қалай пайда болады? 2) Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? 3) Жел қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 

1. Жауын-шашынның түрлері.

2. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал.

3. Жауын-шашынды өлшеу.

4. Жауын-шашынды есептеу.

5. Булану және буланушылық

6. Жел қалай пайда болады.

7. Желдің жылдамдығы мен бағыты

8. Жрегілікті желдер

  1. Жел өрнегі
  2. Желді зерттеудің маңызы

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Ауаның құрамындағы су буының биіктіктерде салқындап, су тамшыларына айналуынан пайда болады. 2) жауын-шашынның жаңбыр, қар, бұршақ түрлері болады. 3) Ауаның қозғалуынан пайда болады.

Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:

1. мына анықтамаларды жазып алады: Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық ж-ш немесе ж-ш д.а. Жауын-шаынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау. Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді. Олардың диаметрі әдетте 0,01 мм болады.

2. Мыналарды жазып алады: Шық – түнде салқындаған жер бетіне, өсімдікке және түрлі заттарға жанасқан ауадан бөлініп, тұрып қалатын ылғал. Қылау – қыста аязды түндерде ағаштың бұтақтарына, тартылған сымға, тағы басқа желдің өтіндегі заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте майда мұз кристалдары. Қырау – күзгі желсіз түнде, қыста кейде күндіздің өзінде жер бетіне, шөпке, түрлі заттардың үстіне олардың температурасы ауаның температурасынан гөрі төмендеп кеткен жағдайда тұратын, ақ ұлпа кристалл мұз қабаты.  

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшері мм есебімен есептеледі. Ауа райын бақылайтын стансаларда арнайы ж-ш өлшеуіш қолданылады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады).  Қар жамылғысының қалыңдығы қар өлшеуіш сырықпен анықталады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады).

4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ж-ш-ның тәулік, ай, жыл ішіндегі мөлшері сепетеледі. Ауаның температурсы сияқты ж-ш-ның да көп жылдық орта мөлшері  шығарылады.

Мыналарды анықтап жазып алады: Жыл ішінде бүкіл жер бетінде түсетін ж-ш-ның жартысына жуығы 20°с.е. пен 20°о.е. аралығында түседі. Экватордан тропиктьерге қарай ж-ш мөлшері азаяды да қоңыржай белдеуінде қайтадан көбейеді. Полярлық аймақтарда жер бетіне түсетін ж-ш-ның 4%-ы ғана түседі. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)

5.  Мыналарды анықтап жазып алады: Булану дегеніміз судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі. Буланушылық – су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.

 Мыналарды анықтап еске сақтайды: булнушылық пен нақты булану бір-біріне ашық су бетінде және ж-ш жеткілікті, ауаның температурасы төмен болған жағдайда ғана сәйкес болуы мүмкін басқа көп жағдайда олар бір-бірінен үлкен айырма жасайды.

6. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Желдің пайда болуының неізгі себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы. Ауа райын бақылайтын стансаларда желдің жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал желбағар (флюгер) деп аталады.

Мынаны еске сақтайды: Жер бетінің кез-келген бір бөлігінде қысым жоғарыласа, ол жердегі ауа қысымы төмен жаққа қарай ауыса бастайды, яғни жел соғады. Өз кезегінде қысым айырмасы жер бетінің әркелкі жылынуынан туады. Жел көкжиектің өай тұсынан соқса, сол бағыттың атымен аталады: солтүстік желі, солтүстік-батыс желі, шығыс желі... Желбағардың құрылысын еске сақтап, оның суретін дәптерлеріне салады. 

7. Мыналарды анықтап жазып алады: Жергілікті желдердің негізгілері – бриздер мен муссондар. Бриз  (французша – жеңілнемесе самал жел) – теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан

Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады.  Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі – алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба.

Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел – сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.  

Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

 

 

суға, күндіз судан құрлыққа соғатын желдер.  Муссон (арабша – маусым) – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.

Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады.  Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі – алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба.

Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел – сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.  

Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:

1) Бұршақ қалай пайда болады?

2) Мектеп алаңында жауын-шашынды қалай өлшер едіңдер? 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алыңдар. 4) Жел дегеніміз не? 5) Жергілікті желдерді атап, сипаттаңдар. 5) Жел өрнегін салыңдар.

 

Оқушылардың жауаптары: 1) Жазғы уақытта жаңбыр бұлты ауаның жоғары өрлеген күшті ағындарының әсерінен өте үлкен биіктікке көтеріліп, ондағы су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, үлкейе түседі.  2)  Кәдімгі шелек немесе шелекке ұқсас ыдысты мектеп алаңында қаданың басына биіктігі 2 м-дей етіп орнатамыз. Ж-ш-ды жел ұйытқып алып кетпеу үшін шелектің айналасы қалқанмен қоршалады. Шелекке жиналған судың мөлшерін анықтау үшін өлшеуіш стақанға құямыз. Стақанның қабырғасы өлшем сызықшалармен бөліктерге бөлінген. Оның әрбір 10 бөлігі 1 мм-ге сәйкес. Оны таңертең сағат 8-де және кешкі сағат 19-да өлшейміз. 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алады. 4) Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге қозғалуы жел деп аталады. 4) Жергілікті желдердің негізгілері – бриздер мен муссондар. Бриз  (французша – жеңілнемесе самал жел) – теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан суға, күндіз судан құрлыққа соғатын желдер.  Муссон (арабша – маусым) – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§32, 33. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Атмосфералық жауын-шашын
Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Агроклиматтық қорлар. Павлодар облысының климаты және климат құрушы факторлар
Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Ауаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт
Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Климат. Өздерің тұрған жердің климаты
Ауа райы
Атмосфералық жауын - шашын
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9417 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык