Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Климат. Өздерің тұрған жердің климаты


Климат. Өздерің тұрған жердің климаты

Климат. Өздерің тұрған жердің климаты

Мақсаты:

Білімділік: Климат туралы түсінік беру. Климаттың алуан түрлілігіне сипаттама беру.  Жергілікті жерді климатын талдау.

Дамытушылық: Физикалық және климат картасымен жұмыс істеу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Жауын-шашынды өлшеу тәсілдерін қарастыру және диаграмма құрастыру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, климат картасы

Негізгі ұғымдар:

Сабақтың кезеңдері:  

 1. Ұйымдастыру кезеңі                                                                           5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі                                                        6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі                                                      7. Үйге тапсырма беру кезеңі

  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

 Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1) Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?

2) Жел деген не? Қандай жергілікті желдерді білесіңдер?

3) Күзгі күн теңелуі деген не?

4) Тропиктік шеңбер деген не?

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Абсолют ылғалдылық – 1 м3ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық –   1 м3ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)

2) Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Жергілікті желдерге бриз және муссон жатады.

3) 23 қыркүйекте тал түстегі Күн экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жартышарларда жарық пен жылу тең бөлініп бүкіл планетада күн мен түн теңеледеі.

4) Жер шарындағы 23,5°солтүстік және оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер. Жазғы күн тоқырауда сорлтүстік тропикте, қысқы күн тоқырауда оңтүстік тропикте тал түсте күн тас төбеден түседі.

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1)  2)  3)

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 

1. Климат деген не?

2. Климаттың ендікке байланыстылығы. Климатқа мұхит пен теңізінің әсері.

3. Климатқа жер бедерінің әсері. Климатқа адамның әсері.

4. Жердің климаттық белдеулері.

5. Өздерің тұрған жердің климаты.

 

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1)   2)  3)  Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат (грекше клима – еңкіш) – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі. Климат элементтері – атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа да көрсеткіштер.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райы мен климат түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларынан оның ауа райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұр.

2. Мыналарды анықтап жазып алады: Теңіздік климат ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды, жауын-шашынды, бұлтты және тұманды ауа райының басым болуымен ерекшеленеді. Мысалы, Ұлыбритания аралдары. Континенттік климат жағдайында ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы үлкен (қысы суық, жазы ыстық,) болады, жауын-шашын аз түседі. Оған материктердің ішкі бөліктерінің (мысалы, Қазақстанның) климаты.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Түрлі ендіктерде Күннің көкжиектен әр түрлі биіктікке көтерілуі және түсу уақытының өзгеруі одан келетін жылу мөлшерінің әр түрлілігін тудырады. Бұл өзгеріс Жер шарын жылу белдеулеріне (5 жылу белдеуін еске түсіріңдер) бөлуге негіз етіп алынған. Жылу белдеулері бір-бірінен температура мөлшеріне байланысты ерекшеленеді.

3. Мыналарды анықтап жазып алады:

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Биіктеген сайын ауа температурасы да, қысым да азаяды. Яғни климат тау беткейінде биіктік беткейінде биіктік бойынша өзгереді. Таулы өлкенің өзіндік ерекше климаты қалыптасады.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: адамның климатқа әсерлері: орманды кесуден ылғал азаяды, ал су қоймалары ылғалды көбейтеді, отынды көп жағудан атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері артады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат белдеулерінің 4 негізгі 3 өтпелі түрі бар: экваторлық – ауа температурасы жыл бойы тұрақты 24-28°С, жауын-шашын 3000 мм; солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы тропиктік – теңіздік және континенттік болып бөлінеді, қоңыржай  белдеуінің жазы жылы, қысы суық, ол теңіздік және континенттік климат болып екіге бөлінеді. Полярлық. Климат белдеуі 70°с.е-тен солтүстікке және 65° о.е-тен оңтүстікке қарай орын алады, оның жазы салқын, қысы суық, жауын-шашын аз түседі. Негізгі климат белдеулерінің араларын өтпелі белдеулері бөледі: субэкваторлық, субтропиктік және субполярлық (латынша суб – таяу) белдеулер.

5.Мыналарды анықтап еске сақтайды: Өздерің тұрған жердің климатының сипаттамасы 2 бөлімінен тұрады: І. Климатты қалыптастыратын себептер: 1) Географиялық ендік; 2) Жергілікті жердің мұхиттарға алыс-жақындығы; 3) Жер бедерінің жазық немесе таулы болуы; 4) Ауа массаларының әсері. ІІ. Өздерің тұрған жер климатының сипаттамасы: 1) Климаттың жалпы ерекшеліктері. Теңіздік және континенттік климат; 2) Ауаның температурасы; 3) Оташа жылдық жауын-шашын; 4) Жыл ішінде соғатын желдердің басым бағыттары; 4) Ауа райының қайталанатын түрлері; 5) Климаттың шаруашылық маңызы; 5) Климат сипаттамасына қосымшалар.

4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: оқулықтың «Атмосфера» тақырыбын қайталауға арналған сұрақтардың №3, №5, №8, №11, №23 тапсырмаларды орындау.

 

 

Оқушылардың жауаптары:

№3 – 1000 м,

№5 – 5000 м,

№8 – 11%,

№23 – 1,5%. 

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§36, 37. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Агроклиматтық қорлар. Павлодар облысының климаты және климат құрушы факторлар
Ауа массалары, температура
Еуразия материгінің климаты
Климаты
Ауаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт
Атмосфералық жауын-шашын. Жел
Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8824 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык