Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі


Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі

Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы», « жазық» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша  және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.

Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын  одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: таулар,  тегіс және төбелі жазық, ойпат,  қыратты жазықтар, таулы үстірттер, жыра, сай,

Сабақтың кезеңдері:  

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

 

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жанартаулар дегеніміз не, ал таулар дегеніміз не? 2) Тау жотасы, таулы өлке және тау торабы дегеніміз не? 3) Таулар қалай жіктеледі?

Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:

1. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы, қатпарлы-жақпарлы таулар.

2. Ескі және жас таулар

3. Таулардың өзгеруі. Физикалық үгілу, химиялық үгілу, органикалық үгілу

  1. Тегіс және төбелі жазықтар.
  2. Жазықтардың биіктік айырмашылықтары
  3. Жазықтардың пайда болуы
  4. Жазықтардың өзгеруі

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру.

- Картадан таулар мен жазықтарды көрсету

Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.

Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Жанартау – көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас, тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат – лава тасып төгілетін конус пішінді тау. Тау дегеніміз жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктері. 2) Бір-біріне жалғаса ондаған, жүздеген км-ге созылып жатқан таулар; тау жоталарының шоғыры; тау жоталарының түйіскен жері; 3) таулар биіктігіне қарай 3-ке – аласа, орташа биік, биік таулар болып бөлінеді.

1. Мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, дәптерлеріне қатпарлы таулар, қатпарлы-жақпарлы таулар анықтамаларын жазып алады. Оларға мысалдар келтіреді:

Таулар (пайда болуына қарай)

 

                  қатпарлы таулар                             қатпарлы-жақпарлы таулар

Альпі, Кавказ, Кордильер таулары                 Алтай, Тянь-Шань таулары

 

Кейін жанартаулар мен таулардың арасындағы байланысты анықтайды. Тауларды картадан қарап, сипаттайды

2. Ескі және жаңа таулардың анықтамаларын жазып алады. Оларға мысалдар келтіреді: 

Таулар (жасына қарай)

 ескі таулар                            жас таулар

                  Орал, Сарыарқа                Кавказ, Памир, Гималай, Кордильер

 

Таулардың биіктігі мен жасы арасындағы байланысты анықтайды. Картадан көрсетеді.

3. Ең алдымен жалпы үгілу не екенін түсініп алып, угілудің, физикалық, химиялық және органикалық үгілудің анықтамаларын жазып алады. Олардың әрбіреуіне сипаттама береді.

4. Жазықтың анықтамасын жазып алады. Кейін тегіс және төбелі жазық не екенін түсініп алғаннан кейін анықтамаларын жазып алады. Жазықтар түрлерінің ерекшеліктерін анықтап, меңгереді.

5. Жазықтар биіктіктеріне қарай ойпат, қырат жазықтар және таулы

 

 

Жазықтар түрерін картадан адыратып, көрсетеді.

6. Алғашқы жазы ұғымының анықтамасын тауып жазып алады. Жазықтардың пайда болуы тау жыныстары түрлерімен байланыстылығын анықтайды, оларға мысалдар келтіреді: өзендер тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазық – Ұлы Қытай жазығы.

7. Жазықтардың өзгеруіне ықпалын тигізетін ішкі және сыртқы күштерге сипаттама береді. Олардың салдарынан пайда болатын жер бедері пішіндерін анықтайды. Оларға анықтама береді. Жазықтарды топтайды: 1) алғашқы жазық, 2) аллювийлік жазық, 3) денудациялық жазық, 4) жанартаулық жазық. Оларға толық сипаттамалар беріп, шартты белгілерін қарастырады.          

4

Тақрыптарды бекіту сұрақтары: 1) Таулар пайда болуына қарай қалай бөлінеді? 2) жазықтар қалай жіктеледі?

1) қатпарлы және өатпарлы-жақпарлы таулар; 2) жазықтар – тегіс, төбелі жазықтар; биіктігіне қарай – ойпат,  қыратты жазықтар, таулы үстірттер.

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§23-24. Тақтаға жазған кестені толтыру. Кескін картаға жазықтарды түсіру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Биік тауларға саяхат
Таулар
Таулардың пайда болуы
Жазықтар
Тірек – сызбаларын сабақта пайдалану
Аласа таулы өлкелер
Биік таулы өлкелер
Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау
Литосфера Қайталау сабағы
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 12586 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык