Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау


Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау

Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру. Оқушыларды жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру. Алған білімдерінің негізінде оқушыларда табиғат байлықтарына ұқыпты қатынас қалыптастыру.

Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.

Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: мұхиттар мен ттеңіздер, тау жыныстарының әр түрлілігі

Сабақтың кезеңдері:  

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

3

 

 

 

 

 

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1)  Құрлықтағы таулардың пайда болуына қандай күштер әсер етті? 2) Құрлықтағы жазықтар қалай пайда болады? 3) Мұхит түбінде таулар мен жазықтар бар ма? Бар болса, неліктен? Мұхит түбін және оның тереңдігін зерттеу неліктен қажет болды? Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:

1. Мұхит түбін зерттеу.

2. Мұхит түбіндегі таулар.

3. Мұхит түбіндегі жазықтар.

         4. Жер беті – табиғаттың ең басты байлығы. Адам өз іс-әрекетінде жердің табиғат байлықтарын қалай пайдаланады?

  1. Қазба байлықтар – жер қойнауының негізгі қоры.
  2. Жер бетін ұтымды пайдалану.
  3. «Елің бай болсын десең, жеріңнің бабын тап»
  4. Табиғатты қорғау – мемлекеттік іс.

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Картадан мұхит түбіндегі таулар мен жазықтарды көрсету

Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.

Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің ішкі күштерінің әсерінен әр түрлі жыныстардан тұратын қабаттары майысып, қатпарларға бүктеледі. 2) 3 түрлі жолы бар: 1. Бұрынғы теңіз түбі; 2. Өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болады; 3. таулардың ұзық бұзылу үрдісінің нәтижесінде п.б.; 4. лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, тегістелуінің нәтижесінде п.б.   3) Мұхит түбінде жер бетіндегі сияқты үрдістер жүріп жатады. Сондықтан онда таулар да жазықтар да болады.

1. Мұхит түбін зерттеу әдістерін мәтіннен анықтайды, нәтижесінде мына түрлерін жазып алады: 1) Бұрынғы кезде мұхит тереңдігі арқанға байланған ауыр заттың көмегімен өлшенетін; 2) эхолот құралымен; 3) Кеменің жүзу барысында мұхит түбінің кескінін түсіру құралымен; 4) фототелекамералармен; 5) жердің жасанды серіктері мен ғарыш кемелеріне орнатылған аппараттар арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілген.  

2. Мұхит түбі жер бедерінің қалыптасуына жер қыртысының қалыптасуына жер қыртысының жарықтары, тау түзілу үрдістері, баяу көлбеу қозғалыстар, жанартау әрекеттері, жер сілкіну күштері әсер ететіндігі естеріне түсіріледі. Оқулықтағы немесе тақтадағы Д.ж. мұхит түбінің кесіндісі суретін талдай отырып «материктік қайраң», «материктік беткей», «мұхит жазығы – қазаншұңқырлар», «мұхит түбіндегі таулар» ұғымдарын иегереді. Су бетіне шығып тұрған таулардың шыңдары – аралдар болатындығын анықтайды.

3. Мұхит түбіндегі ірі  жазықтары – қазаншұңқырлар екендігін анықтайды. Материктік қайраң, материктік беткей, шұңғымалардың анықтамасын тауып жазады.

4. «Жер беті – табиғаттың ең басты байлығы» деген ұғымды талқылап, өз ойларын ортаға салады: егін егеді, мал бағады, жеміс-жидек, ағаш отырғызады, түрлі құрылыстар салып, қалалар тұрғызады, жол тартады, нәтижесінде тамақ өнімдерінің 88%-ын жер бетінен алады, сол сияқты жер бетінің 10%-ын мал шаруашылығына қажетті жайылымдар алады.

5. «Қазба байлықтар – жер қойнауының негізгі қоры» деген сөздердің мән-мағынасын ашып айтады: жер қойнауы – байлықтың көзі. Түрлі

Пайдалы қазбалар жерден өндіріледі. Олар халық шаруашылығында пайдаланып, ел экономикасы дамуының көзі болып табылады. Сонымен қатар жер бетінде өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардың шаруашылықтағы маңызы зор. Барлық тіршілікке қажетті суқоймалары да, бұлақ көздері де осы жер беті мен оның қойнауында.

6. Жер бетін ұтымды пайдалану деген не, оны жүргізу жолдарын анықтайды. өз өлкелерінде қандай жер бетін қорғау шаралары жүргізіліп жатқаын айтады.

 

 

7. Қазақ халқында ертеден сақталған табиғатты қорғау дәстүрі туралы өз білгендерін айтады.

8. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында қандай мәселелер қозғалғандығын айтып өтеді.

 

4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) екі нұсқаға тапсырмалар беріледі: І нұсқа – экваторды бойлай Оңтүстік Америка жағалауынан Африка жағалауына дейінгі Атлант мұхитының тереңдігі қалай өзгеретініне назар аударып сипаттаңдар; ІІ нұсқа - 30˚ с.е. бойынша Африка мен Аустралия жағалауларының арасындағы тереңдіктерді анықтаңдар; 2) сендер тұратын аймақта қандай қазба байлықтары өндіріледі? Қазба байлықтарды өндіру қандай экологиялық проблемаларды тудырады? Егін және мал шаруашылығының пайдасы қандай? Қазақ халқының жер бетін қорғауға арналған қандай салт-дәстүрлерін айта аласыңдар? Жер бетін қорғауға арналған қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1) Экваторды бойлай Атлант мұхитының тереңдігі Оңтүстік Америка жағалауында  Африка жағалауына дейінгі

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§25-26. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Литосфера
Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар
Тірек – сызбаларын сабақта пайдалану
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі
Литосфера Қайталау сабағы
Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым
Мұхит ағыстары
Мұхиттар мен теңіздердің адамға қызмет етуі. Мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 7025 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык