Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оңтүстік жарты шар метеригі табиғаты


Оңтүстік жарты шар метеригі табиғаты

Оңтүстік жарты шар метеригі табиғатының ортак белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушылардың алған білімдерінің тиянақты, нақтылы, сапалы болуымен пысықтай түсіндіре отыра ынтасын арттыру.

2.Дамытушылық Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін өздігінен ізденісін дамыту.

3. Тәрбиелік Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Географиялық орны. Оңтүстік жарты шар материктері  деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Автсралия және Антартика узақ уақыт бойы ежелгі Годвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан Австралия-Антартика плиталарына ажырады. Сонымен мқатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүмтік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материгінің қазіргі пішіні қалыптасты.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің Солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геологиялық даму тарихымен табиған жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына киреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылқтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерінің көпшілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады. Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде жатыр. Тек Оңтүстік Американың жіңішке оңтістік бөлігі ғана қоңыржай белдеуге енеді. Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерін оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді.

Жер бедері. Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінде жазықтар басым болады. Олар материктердің негізгі бөліктерін алып жатқан ежелгі гондваналық платформаларға сәйкес келеді. Платформаларда фундаментті құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан қалқанда мен өте қатты майысқан ойыстар алма-кезек ауысып орналасқан. Қазіргі жер бедерінде қалқандар күшті мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған. Ал ойыстарда шөгінді жыныстардың қалың қабаты жиналып, үлкен алқапты алып жатқан тегіс жазықтар қалыптасқан.

Материктердегі ірі тау жүйелері олардың жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Гоендваналық плиталар мен мұхиттық плиталар мен литосфералық плиталардың түйіскен аймақтарында болған қатпарлану әсерінен түзілген бұл жас тауларға Оңтүстік Американың батысындағы Анд таулары, Африканық солтустік-батысындағы Атлас тауы, Аустралияның шығысындағы Үлкен Су Айырық жоталары жатады. Жарықтар арқылы базальтты жыныстардың сыртқа лықсуы нәтижесінде жанартаулық белдеулер қалыптасты. Оған біртұтас Африка-Аравия гондваналық плитасынығ Еуразия плитасы мен ығысуы нәтижесінде Арабияның Африкадан бөлінуі, Қызыл теңіз табанының ашылуы далел болады.

Материктердің экватор мен тропиктер аралығындағы орнына байланысты бірдей климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі. Бірақ материктердің ауданы мен жер бедереінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белдеулер мен зоналардың орналасуы және аудандару түрліше болады. Қазіргі кезде оңтүстік жарты шар материктері бір-біріне оқшау орналасқанымен олардың ертеректе табиғатының біртұтас дамығанын делелдейтін өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түрлері кездеседі.

Жеке табиғат компаненнтерінің ұқсатығы мен айырмашылықтары туралы толық мәліменттерді әр материк табиғатымен жеке танысу барысында алатын боласындар.

Материк жағалауындағы мұхиттар ашылуы және зерттелу тарихы. Географиялық орны. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк жағалауларына жақын маңда аралдан аз, тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Аралдардың ең ірісі Магелан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты-жер аралы.

Ашылу және зарттелу тарихы. Оңтүстік Американың ашылуы және зарттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып өздеріңе белгілі саяхатшы Хрестофор Колумб келген. Х. Колумб Америкаға төрт рет саяхат жасады Колумб алғашқы екі саяхатында орталық Амариканың аралдарын Соргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын батыс жолды таптым деп есептеген. Соның нәтижесінде Американың байырғы залқын үндістер деп атап кетті.

Х. Колумбтан кейін материккке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды. Ол 1499 жылғы бірінші саяхытнда Гвияна және Венесуэла жағалаулары мен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейн барып, кері қайтқан. Қайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқөсатып, оған «Кіші Венеция» деген ат берген. Веспуччи өзінің екінші саяхаты барысында 1501 жылы Бразилия жағалауларына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп өздері қаңьтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар» өзені деген (испанша Рио де Жанейро) деген ат берді. Веспуччи өзі жүріп өткен жерлердің табиғаты мен халқының тұрмыс тіршілігін суреттеп жазған. Колумб үндістанға баратын жолды аштым деп есептегендіктен жаңа дүние бөлігін ашу құрметіне А. Веспуччи ие болды.

ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс географ ғалымы Алексендр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бмрге Оңтістік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған; батыс жағалауындағы мұхит ағыстаны сипаттап, олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген. А. Гуибольдт Анд таулары зерттеу нәтижесінде биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған. Атақты орыс климат зерттеушісі А.И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.

1932-1933 жылдар аралығында экспедициясы кезінде орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанықтың отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Физикалық карта мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнындағы, табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңдар.
  2. Оңтүстік Американың географиялық орнын анықтаңдар.
  3. «Америка» атауы қалай пайда болғанын түсіндіріңдер, неге оның байырғы тұрғындары үндістер деп аталады?
  4. Материк табиғатын кімдер зерттеген?

Қорытынды: Оңтүстік Америка әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген, құпияға толы ауданда жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ормандары, Анд тауларының асқар шыңдары, бай жануарлар дүниесі әлі де өз зерттеушілерін күтеді.

Үйге тапсырма: §37-оқу. Кескін картаға Оңтүстік Америка жерін салып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Америкаға саяхат
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы
Оңтүстік Америка материгі
Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
: Оңтүстік Американың географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.
Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 10726 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык