Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Солтүстік, Батыс Еуропа елдері


Солтүстік, Батыс Еуропа елдері

Солтүстік, Батыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды  Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2. Дамытушылық Оқушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдылындару.

3. Тәрбиелік Оқушылырды басқа мемлекеттердің табиғатымен қоса өз елі, жерінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру,   өзіме назар аударту.

Жаңа сабақ:

Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.

Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.

Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар – фьордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар,  норвегтер мен шведтер, шығысында финдтер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден-ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.

Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.

Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндірумен, ағаш өндірумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикссон» байланыс құралдарын жасайтын концеріндері, Финляндияның «Нокия» кәсіпорны әлемге әйгілі. Ал Дания дүниенің түкпір –түкпіріне сүт өнімдерін жөнелтеді. Солтүстік Еуропа елдерінде халықтың тұрмысы өте жоғары дәрежеде. Басқа елдермен салыстырғанда аймақтың табиғаты да біршама жақсы сақталған.

Батыс Еуропа айамғына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланд, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді.  Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден Ла-Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Блритан аралдарының оңтүтігі мен материктеге елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр.

Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады.

Батыс Еуроп елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады.

Ұлыбритания;  Ирландия;  Франция;  Германия;  Швейцария;  Бельгия;  Нидерланды;  Австрия;

Көп нүктенің орнына керектісін жаз:

v  Еуропаның жалпы жер көлемі-............мың км².

v  Еуропа халқының жалпы саны-.............млн адам.

v  Батыс Еуропаның ойпаттарының теңіз деңгейінен биіктігі.............м-ден аспайды.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта Солтүстік және Батыс елдерімен таныстырдым.  Меңгергенін тақырыпқа қатысты қызықты географиялық тапсырмалар арқылы тексердім.

Үйге тапсырма: § 24 – оқу.  Кескін картаға Солтүстік пен Батыс Еуропа елдерін түсіру, тест құрау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Чехия Республикасы
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Шығыс Еуропа елдері
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Шығыс Еуропа елдері
Солтүстік Еуропа елдері
Орталық және Оңтүстік –Шығыс Еуропа елдері
ЕУРОПАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ЖӘНЕ ЕУРОПА ОДАҒЫ
Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 11279 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык