Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Германияның экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы


Германияның экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Германияның экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат  жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Мақсаты:

А)Білімділік:  Оқушыларға Германияның экономикалық-географиялық жағдайының   басты  ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат  ресурстарының  түрлері, табиғи  ортаны   қорғау  шаралары   туралы  білік- дағдыны   қалыптастыру.

Ә)Тәрбиелік: қосымша ақпарат  көздерінің   көмегімен   Германияның ірі  қалаларымен, неміс  халқының   тұрмысымен,   әдет-ғұрыптарымен    таныстыру.

Б)Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.

Сабақтың   түрі: дәстүрлі  емес сабақ

Сабақтың    әдісі: конференция  сабақ, рольдік  ойын, картамен  жұмыс.

Сабақтың   көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси   картасы, атлас, слайд, видеоролик.

Барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушылардың   сабаққа   қатысын   түгендеу және  бағалау критерийлерімен   таныстыру.

ІІ. Зерделілік  блогы:  «Еуропаның  шаруашылығы».  « Ең,  ең.......»  сұрақтарын  қою.

  1. Қазіргі  кездегі Еуропа  экономикасының   ең  басты  ерекшелігі? (шаруашылықтың   батыс  пен  орталықта  басым  шоғырланып, біртұтас  Еуропалық  экономикалық  орталықтың   құрылуы)
  2. Еуропадағы  өнеркәсіптің    ең  жетекші  саласы?  (машина  жасау)
  3. Бүкіл  дүние  жүзіндегі  ең «химияландырылған»  ел?   (ГФР)
  4. Еуропаның  негізгі  энергетикалық   ресурсы? (көмір)
  5. Еуропадағы  энергия  өндіруде АЭС   ең   көп  елі? (Франция  40)
  6. Аймақ  бойынша   энергия  өндіруде СЭС  негізделген  елі? (Скандинавия   елдері)
  7. «Мұз  бен  от  елі»   немесе   геотермалдық   энергияға бай   елі?  (Исландия)
  8. Еуропа  бойынша   қара  металлургияның ең  ірі  комбинаты қай  елде? (Италия)
  9. Түсті  металлургияның    аса   маңызды  саласы?  ( алюминий   және   мыс  өнеркәсібі)
  10. Еуропаның  «орман   цехы»  немесе   ағаш  өнеркәсібі  ең  дамыған   елдері? (Швеция, Финляндия)
  11. Ең    алғашқы жеңіл   өнеркәсіп орталықтары  қандай  елдерде дамыды? ( Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Италия, Польша, Ресей)
  12.  «Еуропаның  сүт  фабрикасы»  атанған   елі? (Дания)
  13. Еуропаның   ең  ірі   порты? (Роттердам)
  14. Жүк   тасымалында ең   маңызды өзені? (Рейн   өзені)
  15. Ғылыми-зерттеу   орталығының   ең  ірісі? (Ұлыбритания – Кембридж)
  16.  Аса   ірі   қаржы   орталығы немесе  «банкир  елі»? (Швейцария, Цюрих   қаласы)
  17. Дүние   жүзіндегі    туристер  ең  көп  баратын  елі? (Франция, жыл сайын  77 млн  жуық)
  18.  Еуропаның    ең   ірі  бұғазы? (Ла-Манш)

ІІІ. Ақпарат   блогы.  Германияның әнұраны   орындалады. Оқушылар рөлге  еніп, берілген    тапсырмаларын  қорғайды.

Жоспары:

 1. Экономикалық-географиялық және  геосаяси  жағдайы, аумағының   құрамы –

      Германия  Сыртқы   істер   министрі

2.Табиғат  ресурстары – Энергетика   министрі, Спорт  және   туризм   министрі

3.Табиғат  қорғау -  Қоршаған ортаны  қорғау   министрі

4.Халқы – Демограф

5.Сыртқы экономикалық  байланыстары – ҚР  баспасөз  хатшысы

 

 

Халық саны

Халқы 82,4 млн адам (2004ж.)  Батыс Еуропада 1-ші орында.

Ұлттық құрамы

92%-ы немістер, 2,5%-түріктер, 1%-ы югославтар т.б.

Тығыздығы

1 км2-ге 229 адамнан келеді. Діні христиан діні басым, басқаларынан ислам тараған.

Қала халқы

Халқының 86%-қалада тұрады.

ІҮ. Жаттығу блогы.

1) Картамен  жұмыс. Германияның  географиялық  орнына жоспар  бойынша   сипаттама  беру.

А)Физикалық – географиялық  орны

Ә)Көршілес   елдері

Б)Құрлық  және  теңіз  көлік жолдарына  қатысы

В)ЭГО –ның ел  шаруашылығының   дамуы   мен  орналасуына   әсері

2)Оқулық  және   дәптермен  жұмыс. Пайдалы  қазба кестесін толтыру.

Пайдалы  қазба  аты

Шартты  белгісі

Таралған аймағы

Тас   көмір

 

 

Қоңыр  көмір

 

 

Газ

 

 

Калий  тұзы

 

 

Құрылыс материалы

 

 

  1. «Автор   орындығы»     «Егер де  мен... »  - Германия  халқы

А) Экономикасы жоғары  дамыған, халқының  әлеуметтік  тұрмысы өте  жақсы, бірақ  өлім  көрсеткіші  жоғары. Қандай  пікір  айтасыз?

Ә)Қазіргі  кезде еңбек  ресурсының 30%-ы өнеркәсіп пен   құрылыс  саласында, 50% қызмет  көрсету сферасында  жұмыс  жасайды. Жалдамалы  жұмысшылар арасында  шетел  жұмысшыларының  саны  артуда. Берліген  мәлімет  негізінде   сіздің  көзқарасыңыз?

Ү. Білімді  есепке   алу  блогы:   «Кубизм»  стратегиясы.

1. Суретте: Германия   қандай  елдермен   шектеседі?

2.Елестет: Туристік  саяхатқа   Германияны  таңдадыңыз? Неліктен?

3.Анықтама: репатриант, агломерация ұғымына түсінік бер.

4.Талда: 92%,   2,5%,   1%

5.Салыстыр: Германия  аумағындағы халықтың орналасу тығыздығына қандай  факторлар  әсер етеді?

6.Әңгімеле: Германия  қандай   табиғат   ресурстарына бай?

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Үйге  тапсырма: §4 Германияның  көлік  маркалары туралы мәлімет алып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары
Шығыс Еуропа елдері
Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Италия Экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат жағдайлары мен ресурстары Халқы Шаруашылығы
Германия мен Италия, Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
ИСЛАНДИЯ
Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдері бойынша
Азияның жетекші елі-Жапония
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 12089 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык