Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Материктер мен мұхиттар карталары


Материктер мен мұхиттар карталары

Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Материктер мен мұхиттар туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың әр материкті, мұхитты жете тануға қызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.

Сабақтың түрі: суреттеу-түсіндіру, өзіндік ізденіс

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас  карта, оқулық, глобус

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  сәлемдесіп, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.

Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.

Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады.

Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:

А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?

Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады

Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?

Жауап:  Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.

Сұрақ: Глобус дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.

Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-

Жауап: Көп конусты проекция.

Сұрақ: Жер жары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-

Жауап: Цилиндрлік проекция.

Сұрақ: Азимуттық прекция  қандай мақсатта қолданылады-

Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл       бейнелеу үшін  қолданылады.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын,  шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттар карталары мәтінін оқып, баяндау. Атлас картадан түрлерін анықтап, оларға мысал келтіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу
Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады?
Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу
Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері
Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Глобус – Жердің моделі ашық сабақ
Карталар таным және ақпаратты өңдеуші құрал ретінде
: Оңтүстік Американың географиялық орны.Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8992 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык