Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Литосфера тақырыбын қайталау


Литосфера тақырыбын қайталау

Литосфера тақырыбын қайталау

Мақсаты: Литосфера тарауы бойынша оқушылардың білім-біліктілерінің меңгерілу және мүмкіндік деңгейін анықтау. Оқушылардың жер картасы үнемі даму үстінде екендігі жайлы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, олардың білімдерін жүйелеу

Тәрбиелігі: Отанын, туған жерін, табиғат байлықтарын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жарты шарлар картасы, жер картасының әртүрлі формасы

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. "Ата жұрт" этнографиялық білім сайысы түрінде сабақ өтемін.

№сыныпты тең етіп екіге бөлемін.

І топ "Алтай" тобы

ІІ топ "Саян"  тобы

І бөлім. "Өткел"  Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады

Топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады.

"Алтай" тобының басшысына қойылатын сұрақтар.

1.  Экватордың ұзындығы

2. Жер бетінің қатты қабаты

3. Дүние жүзіндегі ең биік шың

4. 200м-ден аспайтын жазық

5. Бағытты анықтайтын құрал

"Саян" тобының басшысына қойылатын сұрақтар

1. Ең ұзын параллель

2. Жердің ішкі құрылысы

3. Биіктігі 200-500м-ге дейінгі жазық

4. Масштабтың түрлері

5. Төбенің биіктігін өлшейтін құрал

ІІ бөлім "Белес".

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі

 "Алтай" тобының басшысына қойылатын сұрақтар.

1.  Жер картасының құрылысы

2. Неліктен жер сілкінеді?

3. Жанартау дегеніміз не, сипаттап бер

4. Таудың басы

5. Неліктен жер бетін табиғи байлық көзі дейді?

"Саян" тобының басшысына қойылатын сұрақтар

1. Жер картасын құрайтын жыныстар?

2. Жанартаудың қандай түрлерін білесіңдер

3. Жер қойнпуының шаруашылыққа тигізетін пайдасы

4. Мұхит түбін зерттеудің қандай маңызы бар?

5. Мұхит тереңдіктерін қандай құрамен анықтайды?

ІІІ бөлім "Бекет"

Бұл бөлімде команда жанашырларына 2 сұрақтан беріледі

"Алтай" тобының жанашырларына

1. Таулар қалай пайда болады?

2. Жазықтықтардың бұзылуы

"Саян" тобының жанашырларына

1. Жазық қалай пайда болады?

2. Таулардың бұзылуын айт

Жанашырлардың көпшілігі сабаққа қатыстыру мақсатында "футбол" ойыны. Екі топтың жанашырлары бір-біріне 10 сұрақтар беру арқылы дұрыс жауап бергендігі гол салған болып саналады. Ұпайы өз топтарына қосылады.

"Алтай" тобына

1. Жазық дегеніміз не?

2. Ішкі күшті ата

3. Шағыл деген не?

4. Құрылықтан жазықтар қалай пайда болады?

5. Мұхиттарды ата

6. Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында

7. Қай жұлдызға қарап бағытты білеміз?

8. Ендік дегеніміз не?

9. Жердің діл үлгісі

10. Қазақстанның астанасы

11. Ескі тау

12. Сөнген жанартау

"Саян" тобына

1. Жазықтардың қандай түрлері бар

2. Жазықтардың биіктігіне қарай қалай аталады?

3. Сыртқы күшке не жатады?

4. Барқан деген не?

5. Теңіздерді ата

6. Ең кіші материк

7. Жер сілкінуде білдіретін құрал

8.Бойлық дегеніміз не?

9. Жорамал осьтің шығып тұрған жері

10. Республиканың мемлекеттік рәміздері

11. Жас тау

12. Сөнбеген жанартау

Қорытындылап бағалап тапсырма беремін.

"Елім бай болсын, жеріңнің бабын тап"

Күнім үшін онда барамын

Балам үшін қайта келемін

Соры бар жігітке сортаң жер

Тап болар айналасы ойпаң жер тап болар.

ІҮ бөлім. "Асу"

"Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар

Бәрінен де мал бағып,

Білім қуған озар" демекші 15 терезе артында 15 сұрақ бар.

1. Сөнген жанартау

2. Тау шыңы

3. Жер сілкінісін алдын ала қандай жануарлар сезеді?

4. Күн жүйеісне қанша планета жатады? (9)

5. Ең үлкен материк

6. Метаморфоздық жынысты ата

7. Ең үлкен мұхит

8. Марина қазан шұңқыры қай мұхитта

9. "Тынық мұхит" деп неге аталған, кім атаған?

10. Ескі тау

11. Жұмбақ. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қонады?

12. Бір түкті кілем, бір түскіз кілем? (жер мен аспан)

13. Бар ма жоқпа оны анық білмейсін, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсін? (ауа)

14. Әуеден күбі түсті, күбінің түбі пісті? (күннің күркіреуі)

15. Масштаб

Ү. "Жерұйық"

Бұған жеңген топ қалады

Сұрақ. "Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер" мақалының мәнін түсіндіру. Жерді ұтымды пайдалану үшін қорғауға арналған қандай шараларды білесіңдер?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ана деп ән салам" Еспенбетова Ақзираның авторлық әнінің мәтіні мен минусовкасы
Қос сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Түстер
Білім биржасы презентация
Дарындылар додасы
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2369 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык