Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзендер



Өзендер

Мақсаты: а) білімділік: оқушыларға өзен, өзен жүйесінің бөліктері, олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы маңызы жайлы білім беру;

ә) дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;

б) тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру

Өткізу формасы: топтық

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат

 Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) сынып тазалығына мән беру;

б) оқушыларды 3 топқа бөлу.Мұхит, Теңіз, Көл.

в) назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Балалар: Теңіздер мен көлдер.  Кескін картаға үлкен теңіз, көл аттарын түсіру.

Мұғалім: Олай болса, 1-кезеңімізді бастайық.

1-кезең. «Бой сергіту» (3 топқа ортақ сұрақтар беру, сұрақ саны – 9)

1. Теңіз дегеніміз не?

2. Көл дегеніміз не?

3. Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз? (ішкі, шеткі, арал аралық)

4. Бұғаз деп нені атайды?

5. Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?

6. Шығанақ дегеніміз не?

7. Дүние жүзіндегі ең терең көл қайсы?

8. Дүние жүзінде жалпы қанша теңіз бар?

9. Адамдар үшін көлдердің қандай пайдасы бар?

2-кезең. « Бейнесіне қарап тап».  Мұнда теңіз, көл, шығанақ, бұғаздардың суреттері беріледі, соған қарап оқушылар табу керек.

«Мұхит» тобына Арал, Чад (Африка), Ла-Манш

«Теңіз» тобына Балқаш, Жерорта, Парсы

«Көл» тобына Каспий, Араб, Мексика

3-кезең «Жұмбақ»

 Тайқазаным күні бойы қайнайды,

Ортайып та, сарқылып та қалмайды (көл)

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

  Жаңа тақырыпты ашу алу мақсатында  оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.                                          

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп жарыпты.    ( Өзен)

ІҮ. Жаңа сабақ

а) Ауызша баяндау;

ә) Картамен жұмыс

б) Оқулықпен жұмыс

Ой қозғау стратегиясы.

Қазақстанда қандай өзендер кездеседі? Өз жерлеріңде қандай өзен бар?

  1. Өзен түсінігі.
  2. Өзен суларының негізгі бөліктері.
  3. Қазақстан өзендері.

Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.

Бастау – өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.

Өзен аңғары - өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.

Өзеннің жайылмасы – өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағына да уақытша жиналатын сулы алап.

Саға - өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады.

Өзеннің екі саласы бар: оң, сол

Мысалы, Шу өзенін Ілияс Жансүгіров былай деп сипаттайды:

Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,

Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.

Асқардың ақтарылған ағы емес пе,

Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.

Өзен жүйесінің бөліктері:

1-    арна; 2-бастау; 3- атырау; 4- сала ;5- саға; 6-суайырық

Адамдар үшін өзендердің шаруашылықтағы маңызы өте зор. Ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы тарихтан белгілі. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды. Өзен суын фабрикалар мен зауыттар көп пайдаланады.

«Ең ерекше»

Ніл – дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (6671 км).Африка материгінде орналасқан.

Амазонка – дүние жүзіндегі ең суы мол өзен.Оңтүстік Америкада орналасқан.

Конго – экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен. Африкада орналасқан

Ертіс – Қазақстандағы ең ірі өзен.

ҮЖаңа сабақты бекіту.

 Кім жылдам?

Өзен дегеніміз не?

Өзендер картада қалай белгіленеді?

Өзеннің құятын жерін не деп атайды?

Дүние жүзінде қанша өзен бар?

Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?

Өзеннің жайылмасы деген не?

Өзеннің неше саласы болады?

Біздің облысымыздан қандай өзен ағып өтеді?

Өзеннің шаруашылықтағы маңызы қандай?

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенді атап, картадан көрсет.

ҮІ. Қорытындылау.

Жеңген топты анықтап, мадақтау.

ҮІІ. Бағалау

Топтағы белсене араласқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру

23-тақырыпты оқу; кескін картаға дүние жүзіндегі ірі өзендерді түсіру;


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өзендер
Қазақстан өзендері
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Құрлық сулары
Өзендер
Өзендер
Гидросфера
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау.
Көлдер. 6- сынып
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2971 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык