Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ өлеңінің Қадыры


Қазақ өлеңінің Қадыры

Қазақ өлеңінің Қадыры

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қазақ өлеңінің Қадыры» атты әдеби музыкалық сыныптан тыс шарамыз жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы мен еске алуына арналады.

Слайд- ақын өмірі

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

После музея

Ақын өлеңдерінің тақырыптары әр түрлі, солардың ішінде кішкентай бүлдіршіндерге арналған өлеңдері, жыр шумақтары да бар!

Алан, Ернат,Ақбота, Сәкен, Аслан

Сонымен бірге Қадырдың сөзіне жазылған  бірнеше әндер бар, Ол әндердің барлығы бізге таныс!

Алдарыңызда «Есіңе ал» Орындайтын Мусиева Н,Туркебаева А.

Ақын  өз өмірі туралы былай деп толғанады: «Менің балалық шағым жоқтықпен өтті. Соғыстан кейін аштықтың ауыр азабын бастан кешіп өстім. Үйімізде мал, дүние болған жоқ. Талонмен жүрек жалғар ғана нан береді. Дүкенде фамилияң жазулы тұрады. Таң қарағысынан кезекке тұрып, нанға барамыз. Бір күні нан алып келе жатып, қарным ашқаннан көзім қарауытып құлап қалғанмын»

«Біз үзім нан» - Имамбаева Ания

Балалық шағы сұм соғыс жылдарына тап келген Қадыр балалықтың тәтті балын татып та көрмеді.Соғыс, жоқшылық, қайғы Қадырды есейтті.

«Балалықсыз балалық»- Мендыгулова  А.

Алдарыңда «Өз елім» әні

Енді бойларымызды кішкене сергітіп алайық. Біздің бір оқушымыз Қадыр атамыздың жұмбақтарын,француз тілінен аударған жұмбақтарынын да жинақтап, тауып келген соларды шешіп көрейік

Жұмбақ жасыру- Танатарова А.

Алдарыңызда қазақ биі «Саржайлау» - Аубакирова Ф., Имамбаева А

Бүгінгі сыныптан тыс шарадан алған біліміңдеріңді тексері мақсатында , сендерге сөзжұмбақ ұсынбақпын.

  1. Қадыр атамыз алғашқы еңбек жолын қай журналда бастайды? (балдырған)
  2. 2001  жылы қандай сыйлыққа ие болды? (тарлан)
  3. Қай баспаның редокторы болып қызмет атқарады? (балауса)
  4. Қадыр атамыздың кітаптарының бірі (домбыра)
  5. Қай кітабы үшін 1980 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады? (жерұйық)
  6. Қадыр жұмбақтарының бірі «Қашсам –құтылмадым, ұстасам – қолыма тұрмады» (көлеңке)
  7. Қадырдың ортаншы ұлы (Қазыбек)
  8. Қадыр айтуы бойынша адамның қанаты не? (арман)

Сонымен балаларортада қандай сөз шықты «АТАМЕКЕН», бұл сөздік мағынасы қандай, осы сөзбен осы ұғыммен қадыр атамызды қалай байланыстыруға болады.

Ән : «Атамекен»

Құрметті оқушылар бүгінгі іс шарамызды Әбіш Кекілбаевтың сөзімен аяқтағымыз келеді:

«Қадыр Мырза Әлидей қадау таланқа ғана айтылар бағаны ешбір сөзбен жеткізе алмайсың», ол әрдайым бізбен бірге, оның туындылары, шығармалары, өлеңдері әрқашан жадымызда болады»

Жылдар болса еншіңде, үлесіңде.
Жылайсың ба?
Жарқылдап күлесің де!
Қызықпайтын дүние, мүлігіңе
Не керегін жігітке білесің бе?!

Ең алдымен жар керек күлкі етпейтін,
Ол тұрғанда -арадан түлкі өтпейтін,
Тау қозғалса қозғалсын - ыңқ етпейтін,
Жер қозғалса, қозғалсын - бүлк етпейтін!

Содан кейін қыз керек анасындай
Ақылдасар ағасы баласынбай.
Ашықтығы сүйкімді қаласындай,
Жомарттығы с-үйікті даласындай.

Құрдас керек жайлауың, өрісіңдей,
Өнегеліо даланың серісіндей.
Не десең де шыдайтоын терісі бір
Бегемоттың бес елі терісіндей.

Мен емеспін бақыттан бұзылатын,
Құанышты оөтеді жүзіп атым.
Көрші керек айтпақшы, барлығына
Қарайтын да ішінен қызығатын.

Сол бесеудің сыртында ел тұрады,
Соны ұқпаған ақымақты ант ұрады.
Соларо болса,о болғаны - сорлы емессің!
Өмір өзі-ақ қалғанын толтырады!..


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны »
Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын
Мырза-Әли, Жеті өлеңі
Дулат Исабеков Әпке
Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы
Қ. Мырзалиев «Жеті»
Қадыр мырза-Әлінің өлеңі «Кәрі қыран» өлеңі
Қазақ әнінің Қадыры
Қадыр Мырза Әли “Ана” өлеңі
Өлеңнің тау тұлғасы - Қадыр ақын
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3421 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык