Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын


Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын

Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын

Аты-жөні:  Бейбитова Тулпан Маратқызы

Санаты:  Бастауыш сыныптың  І санатты мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы

Подстепный ауылы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Жұмыс орны: Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағатының   тақырыбы: Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын

Тәрбие сағатының тақырыбы: Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын

Мақсаты: Оқушыларға жерлес ақынымыз әрі жазушы Қадыр Мырза Әли туралы түсінік беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Өз беттерімен ізденушілікке дағдыландыру. Қадыр ата өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын молайту.Қадыр ата афоризмдерінің мән-мағынасын жетік түсіне алу. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, жалқау болмауға, адалдыққа баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кітаптар көрмесі, портрет, нақыл сөздер.

Түрі: әдеби-сазды сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, ой толғаныс

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка

Барысы:І. Ұйымдастыру

ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы 2012 жылы 12 қыркүйек № 633 бұйрығына сәйкес 2012-2013 ж. «Қадыр Мырза Әлі» жылы болып жарияланды.Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызды Қадыр атамызға арналған « Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты тақырыппен ашуды жоспарладық.

Сұрақтар:

1.Қадыр Мырза Әли туралы не білеміз?

2.Қ.Мырза Әли қай жерде дүниеге келген?

3.Қ.Мырза Әлидің қандай кітаптары бар?

4.Қ.Мырза Әлидің біздің оқулығымызға қандай шығармалары енген?

5.Қадыр атамыздың біз біле бермейтін қандай жақсы қасиеттері бар екенін кім біледі екен?                                                                                             

ІІІ.Негізгі бөлім.              Ән:    «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп,

Жасап жатыр анық той.

Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне,

Танып қой!

Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды – тіл» дейтін.

Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы:

Құда бол деп қинайтын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын.

Қазақ осы:

Дүние мен малыңды

Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

 Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5-қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған «Балдырған» журналында бастаған. 1962-1965 ж.ж. «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары, 1968-1973 ж.ж. «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1993 жылдан бастап біраз уақыт «Балауса» баспасының директоры, 1985-1994 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі дүркін (XI, XII шақырылымдарының) депутаты болды.

                   Шығармалары:

1.Туған жер, Отан, ел, ауыл туралы

2.Адамның жақсы, жаман қасиеттері

3.Балаларға арналған өлеңдері

4. Табиғат, экология жайында

5. Афоризмдер

6.Жұмбақтар т.б.    

Ән: «Асыл әжем »

                        Туған жер, ауыл, ел, Отан туралы өлеңдері

       АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІ

Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,

Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін!

Бақытыңды таба алмасаң сүюден,

Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!

Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,

Отан барда сембеймін де, сөнбеймін.

Туған жерден таба алмасаң қасиет,

Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін!

                  ***

Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа,

Қабағыңды шытпа, жігіт, жасыма!

Біз шегінсек,

Біз жеңілсек,

Біздерді

Байқап тұрып,

Не істемекші жас ұлан?!

От ішінде,

Өрт ішінде күйгенде,

Басыңды име,

Тізе бүкпе,

Именбе!

Ер еңкейсе еңкейеді

Жалғыз-ақ

Туған жердің топырағын сүйгенде!

                  Өз үйің

Өз үйіңде бір сәт тыным таппайсың,

Бірде жуып,

Бірде сырлап,

Ақтайсың.

Өз үйіңе, керек болса, киізсің,

Өз үйіңе, керек болса, тақтайсың.

Үйің үшін түнің адал,

Күн адал.

Өз үйіңде аулақсың сен күнәдан.

Өмір мына түзелмейді,

Оңбайды,

Өз үйіндей көрмей тұрып оны адам.

                            Адамның жақсы, жаман қасиеттері   

         Шындық

 Ақындық шығар айыпты,

            Әлі білмен себебін.

            Өлеңге айтып қойыппын

            Өмірдің айтпа дегенін.

            Өтірік жырдың қайдағы

            Болмайсың жетіп шетіне.

            Ақиқат – сөздің қаймағы,

            Тұрмайды шықпай бетіне.

                    ***

Көңілім – дос соңында ерген құлын.

Құрбымның құшағында – терген гүлім.

Мен үшін барып тұрған ақырзаман –

Біреуден бір қиянат көрген күнім.

Әділдік ауылында түстенгенмін,

Ақиқат азап шексе тістенгенмін.

Мен үшін ең ғажап күн өмірімде –

Біреуге бір жақсылық істеген күн

                   ***

Көкейіне қонсын деп қазағымның,

Бір өлеңді бір емес, жазамын мың.

Жазып-жазып қалжырап,

Келесі күн

Рахатын көремін азабымның.

Болмай бірақ тұрмайды бір ағаттық,

Бірге тойлап қызығын жұрағаттың,

Бөсіп-бөсіп түнімен,

Келесі күн

Тартып жатамын азабын рахаттың!

 ***

Бақыт деген батырдың пырағында,

бұқараның ұранында,

өзіңнің босағаңда

жағылған шырағыңда.

Бақыт деген досыңның табағында,

домбыра шанағында,

жарыңның жанарында,

халықтың қабағында!

                           Домбыра

             Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

            Нағыз қазақ – қазақ емес,

            Нағыз қазақ – Домбыра!

            Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

           Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

           Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын

          Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.

           Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:

          Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

              Балаларға арналған өлеңдері

     Ән:  «Жалқаубек»          Әні: Күнсайын Қуатбаев

Күні бойы далақтап,

Күні бойы салақтап.

Жалқаубегің жүреді,

Жан-жағына алақтап.

    Бақпаса да қойыңды,

    Бағады ол ойынды.

Бой-бой болып бешпеті

Бар уақыты еш кетіп.

Таң біліне кеткеннен

Оралады кештетіп.

        Ұмытса да сабақты,

        Ұмытпайды тамақты.

«Ақыл болса миыңда,

Жалқаулыққа сиынба!»

Деп өзін бір жақсылап,

Салып алдық жиынға.

        Енді тентек болмайды,

        Тентек болса оңбайды!

              ****         Бірінші рет балға ұстаған балаға

Көрмегені болады ғой ердің де,

Сен өмірде шеге қағып көрдің бе?

Оқасы жоқ!

Алсаң қолға балғаны,

Бірте-бірте жөнделеді қалғаны!

Орашолақ, олақпын деп торықпа,

Ал, кәнеки,

Балғаңды ұста,

Қорықпа!

Алғашқыда,

Рас, сасып тұрасың.

Шегеге бір,

Қолыңа бір ұрасың.

Көне қоймас бірден балға дегенге.

Бармақ ісіп,

Майысады шегең де!

Сөйте-сөйте

Өнер сырын ұғасың.

Саусағыңды ұрмайтұғын боласың.

Ал әзірше

Алған беттен таймай тұр.

Бармағыңды дәкеменен байлай тұр!

             *****Қысылу

Қария да,

Бала да

Байқамайды далада.

Жоқ енді деп керегі,

Тастап кете береді:

Темекінің тұқылын,

Қарындаштың мұқылын,

Әлдененің тұқымын,

Қию-қию сынығын,

Қарағайдың жаңқасын,

Қуыршақтың қаңқасын,

Қысылады аналар.

Қысылады ағалар,

Қысылмайтын бір ғана:

Салақ бала, кір бала.

          Ән: «Апам үшін»             Сөзі:Қ.Мырза Әли, Әні: Исмайл Исаев

Апам үшін күнде де

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

         Жоқтатпаймын әпкемді,

         Қоям шайын қайнатып.

         Жылай қалса, бөпемді

         Жұбатамын ойнатып.

Сыпырамын үй-ішін,

Жуам аяқ-табақты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Табиғат, экология туралы өлеңдері

                Мамыр

           Адам үшін жұбаныш

          Мамыр келді шуақты.

          Күннің ішін қуаныш

           Кернеп тұрған сияқты.

           Ақ арманы көктемнің

          Мамыр келді шуақты.

           Іздегенін көктен Күн

           Жерден тапқан сияқты.

           Ала-бөтен сәндігің,

           Мамыр-майым шуақты.

           Табиғаттың дәл бүгін

           Туған күні сияқты.

           Әрі сұлу, әрі игі

            Мамыр-майым шуақты:

           Он бір ұлы бар үйдің

           Жалғыз қызы сияқты!

 ТАБИҒАТ-ЖАРАТЫЛЫС ПЕРНЕСІ

О, далам, менің байтағым,

Далам деп өлең айтамын.

Ұлың боп ойлап барам да,

Құлын боп ойнап қайтамын.

О, далам, менің байтағым,

Далам деп өлең айтамын.

Солған Ай болып барам да,

Толған Ай болып қайтамын.

                         Афоризмдер.

  1. Адамзатты сүю

Ұлтты сүюден басталады.

  1. Халықпен ойнама:

Халық-терең: батырады.

Халық-дауыл: жапырады.

  1. Әке-шешеге ұл бола алған ұл-ұл,

Елге ұл бола алған ұл – ұлы.

  1. О, Жаратқан!

Сөздің жақсысын жеткіз,

Жаманын сыныңнан өткіз!

  1. Сөз үзілген жерде әңгіме де, достық та,

Қарым-қатынас та- бәрі де үзіледі.

  1. Жылы жер – қарды

Жылы сөз- жарды ерітеді.

Жақсы сөз қай ауылдан шықса бағалы.

Түсінушісін де, бағалаушысын да табады.

  1. Сөздің өзінде кінә жоқ. Мәселе айтушыда.

Біреу оны мұзға аунатып,

біреу тұзға аунатып жеткізеді.

Енді біреу жүрегінің жылуына бөлеп жолдайды.

  1. Еңбек – сау адамның шипасы.

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланған. Сонан бергі уақыт ішінде «Көктем», «Данышпан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Күміс қоңырау», «Домбыра», «Кеш», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан», «Саз сиқыры», «Күндер-ай», т.б. ұзын-саны қырықтан аса кітаптары, таңдамалы шығармаларының бес томдығы, 2001 жылы он бес томдығы жарық көрген. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазған. Ақынның бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Қадыр Мырза Әлі жасөспірімдерге арналған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мысалдардан тұратын ондаған жинақ беріп, балалар әдебиетін дамытуға да үлкен үлес қосқан, өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, өзі де Овий, Руми, Гейне, Гюго, Лермонтов, Есенин, Гамзатов, Межелайтис, Петефидің жырларын қазақ тіліне сәтті тәржімалаған көркем сөздің хас шебері еді.

  Ән: «Етікші»  Сөзі: Қ.Мырза Әли          Әні: Дүңгенбай Ботпаев

Көрдің әлде көрмедің,

Етікші атам бар менің.

Қартпын деп ол айтпайды,

Қол қусырып жатпайды.

Тук-тук, Тук-тук!

Қол қусырып жатпайды.

Құрып алып малдасын,

Жалпақ басты балғасын.

пышағы мен бізін ап,

Отырғаны қызық –ақ!

Тук-тук, тук-тук!

Отырғаны қызық-ақ!

Кітаптары:

«Жаңғалақтар» (1960ж); «Ноян-қоян» (1962ж);  «Күміс қоңырау» (1970-1985); «Үкілі үзінділер» (1996);  «Кішкене қожанасырлар» (1961); «Алуан-палуан» (1963); «Данышпан» (1961); «Биік баспалдақ» (1993); «Жазмыш» (2001); «Шырғалаң» (2004ж); «Алаштың арманы» (2001); «Иірім» (2004); т.б.

                                        Жұмбақтар

Алдында бір нәрсе әкеп берсе, тегі

Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.         (Айна)

 

Қайнаған шілдеңіз де оған суық ,

Ыссыға төзбегенді тығам қуып.             (Тоңазытқыш)

 

Көліксіз өмір сүрмейді,

Ғұмыры жаяу жүрмейді.                      (Ер-тоқым)

 

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады.                  (Бұлт)

 

Мың найзалы жалғыз батыр,

Жауларына алғызбай тұр.                     (Кірпі)

 

Жалпақ желке, сопақ бетті,

Орманымды отап кетті.                      (Балта)

Діни көзқарасы – ислам.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы – « Гүлденген, азат, дәулетті, бақытты әрі  рухани бай».

Хоббиі- қалам, бәкі, төсбелгі жинау.

Отбасы жағдайы: Үйленген. Жұбайы – Мырзалиева Салтанат (1939 жылы туған), зейнеткер, полиграфшы болған. Ұлдары- Қуаныш(1961 жылы туған), Қазыбек (1965ж), Ғазиз (1970 ж.).

Қ.Мырза Әли 2011 жылы қаңтар айында қайтыс болған.

Қорытынды. Қазақ әдебиеті мен өнері орны толмас ауыр қазаға душар болды. 22-қаңтарда 76 жасқа толған шағында аса көрнекті қазақ ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлі ауыр науқастан дүние салды. Қазақтың өлең өнерінің ерен тұлғасы бақиға аттанса да, артындағы әдеби-философиялық мұрасы туған халқының төл байлығы болып қала береді.

     Өлеңдері арқылы халқының рухын көтерген Қадыр Мырза Әлі Кеңсай-2 зиратына жерленді. «Артынан өлмейтұғын сөз қалдырған» Қадыр ағаның өлеңге деген адалдығы мен еңбекқорлығы әлі талай ұрпақтың есінде сақталып, өнеге болары сөзсіз.   1 минут үнсіздік

      Көрнекті ақынға 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Ол 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын иеленді.Қадыр Мырза Әлі «I дәрежелі Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері.
     Ақынның озық үлгілі туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан жауһарлар қатарынан орын алып, болашақта да ұлтымыздың рухани қазынасына айнала бермек.Қара орман қазақ жұрты көрнекті ақын, асыл азамат, қабырғалы қайраткер, тұғырлы талант Қадыр Мырза Әлі секілді аяулы перзентінің асыл бейнесін жүрегінде мәңгілікке сақтайды.

Н.Оразалиннің сөзі.

Ән: «Атамекен» Хор. Сөзі: Қ.Мырза Әли        Әні:Е.Хасанғалиев

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ.Мырза Әли  «Афоризмдер»

2. Қ.Мырза Әли І том, ІІ том.

3. Қ.Мырза Әли туралы ойлар. Егемен Қазақстан газеті

4. Қ.Мырза Әли  «Күміс қоңырау»

5. Қ.Мырза Әли «Иірім»

6. Қ.Мырза Әли «Жазмыш»

7. Интернет материалдары: «Қ.Мырза Әли туралы»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сиыр
Қазағым менің. Күләш Ахметова
Қазақ өлеңінің Қадыры
Мырза-Әли, Жеті өлеңі
Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы
Қадыр мырза-Әлінің өлеңі «Кәрі қыран» өлеңі
Қазақ әнінің Қадыры
Қазақтың киелі сандары
Қадыр Мырза Әли “Ана” өлеңі
Өлеңнің тау тұлғасы - Қадыр ақын
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 25391 | Қосты: Бейбитова Тулпан Мараткызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык