Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қыз Жібек» жыры


«Қыз Жібек» жыры

«Қыз Жібек» жыры

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры

Сабақтың мақсаты:

1) Жырдың тақырыбын, идеясын,тартысын нақтылай отырып,кейіпкерлер сипатын сан қырын жан-жақты ашу, теориялық білімдерінің негізінде шығармадан үзінділер талдату.

2) Оқушылардың сөйлеу мәнерін жетілдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.

3) Адамгершілікке, адалдыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорбола білуге, қастандыққа бармай, тек жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ауызша журнал, талдау жұмыстары.

Сабақтың әдісі: Салыстыру, топтастыру, сұрақ –жауап, ой толғау, Венн диаграммасы, кейіпкер атынан интервью,

Сабақтың көрнекілігі: Ауызша журналдың беттері, суреттер, жырдың мәтіні, оқулық, мультимедиалық тақта.

 Сабақтың барысы:

Амандасып, сабақтың тақырыбымен, мақсатын атап өту.

  1. Қызығушылықты ояту. 5-7 мин.

Оқушылармен танысу

Допты лақтыру арқылы өз есімін атап, оған сол әріптен басталатын сын есім қосып айту. Мысалы; Жанар-жайдарлы.

Күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтесіз?

  1. Мағынаны ажырату

Кіріспе: 3 мин

Әр адамның өмірінде махаббатсезімі үлкен, маңызды орын алмақ.

Махаббат тақырыбы ежелден  қозғалып келе жатқан мәңгілік тақырып. « Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі,»- деген екен орыс ақыны А. С. Пушкин.

Махаббат жайлы сөз қозғағанда осынау ұлы сезімнің құрбаны болған Жібек пен ТөлегендіҚозы мен БаяндыҚалқаман мен МамырдыЕңілік пен Кебекті айтпай кетуге болмайды. Ендеше махабатты қазіргі сіздер қалай түсінесіңдер? Махаббат қандай болу керек?

Халық ауыз әдебиетінде «Қыз Жібек» жыры осы тақырыптағы шығармалардың бірі.

Бүгінгі сабақта біз жырдың мазмұнына үңіліп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, түрлі талдау жұмыстарын жүргіземіз.

Ендеше, бір-бірімізге сәт-сапар тіліп, ауызша журналымыздың беттерін ашайық.

«Қазақ халқының інжу –маржаны» атты журналымыздың мазмұны былай болмақ:

  1. «Жадымда – жыр мазмұны»
  2. «Теориядан тереңбіз»
  3. Кейіпкерлер әлемі
  4. Егер мен...

Тапсырмаларды орындамас бұрын сіздер тобыңыздың ішінен сарапшы-бағалаушыны таңдап алыңыз, оның мақсаты әр топ мүшесінің тапсырмаларды орындағанда қандай жұмыстар атқарды, қандай пікірлер айтты соңы белгілеп отыру, сабақтың соңында топ мүшелеріне талқылауға салып, топ қорытынды баға қояды. 

1-ші беті «Жадымда- жыр мазмұны»

Екі топ 10 адамнан бөлініп отыр.

1-тапсырма 3мин.

Дәлелде:

1-топ  Бұл лиро-эпостық жыр екенін

2-топ  Жырда  әдет-ғұрыптары көп кездесті.

2-тапсырма   3 мин

1-топ: Екеуінің қосылуына бөгет болған төрт нәрсені атаңыздар.

1-топ: Керісінше кім көмектесті?

3-тапсырма 5мин

Салыстыр

1-топ Бекежан мен Хорен

2-топ Қаршыға мен Шегені

4-тапсырма Көнәз стратегиясы бойынша 6 мин

1-топ Қолдаймын

2-топ Қарсымын

Жібектің Сансызбайға қосылуына қалай қарайсыздар? Оның түпкі тамыры неде?

2 –беті «Теориядан тереңбіз» 5 мин

Үзінділер берілген, соны қандай көркемдегіш тәсілдер қолданылғаннын анықтаймыз.

1) Белі нәзік талып тұр

Тартқан сымнан жіңішке

Үзіліп кетпей нағып тұр? (портрет, риторикалық сұрау)

2) Қыз Жібектің ақтығы –

Наурыздың ақша қарындай,

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай... (портрет, теңеу)

3) Екі жорға мен алдым,

Төлегенге дос болып.

Нан, қарағым, сөзіме,

Көңілін маған қош болып.

Жолына сенің басымды,

Бәйгіге тігіп мен келдім... (инверсия)

4) Қайдан екліп кез болдың

Қаңғырып келген бір қу бас?

Кесірім ұрып кетпесін,

Қасыма келмей аулақ қаш! (риторикалық сұрақ, аллитерация)

3-ші беті Кейіпкерлер әлемі  10мин.

Негізгі кейіпкерлерді атап шығу

Жібек, Төлеген, Бекежан, Шеге, Қаршыға, Хорен, Сансызбай

Кейіпкерлердің рөлін бөліп алып, сиқырлы орындыққа отыру

Орындыққа отырған кейіпкерге тек қана жақсы мінездеме беру.

Кейіпкерден интервью алу. Жібек пен Төлегеннен.

Сергіту сәті 3 мин.

Соңғы беті «Егер мен...»

Бұлжерде сіздер 5миннуттік эссе

«Егер мен Бекежан болсам...» деген тақырыпта

Үйге тапсырма: «Әлемді тербететін ұлы сезім» атты шығарма жазу.

Рефлексия:

Күту ағашына жазғандарын оқып талдау, мақсатымызға жеттік пе? 2 мин

Бағалау. 2 мин

Қорытындылау сөз: 1 мин

Міне, осындай нәтижемен біз бүгін Қыз Жібек жыры тақырыбын аяқтадық. 

Сонымен, «Жібек» оқиғасы шын оқиғадан туған, бірақ қай кезде туып жасалғанын кесіп айтуға болмайды. Жеті буынды жырмен жырланған. Ұйқасы 2-3 жол аралап, еркін келіп, ерікті ұйқас болып отыр.  

«Қыз Жібек» жыры идеялық мазмұны, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі ең айшықты да үздігі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Халық әні және опера
«Қыз Жібек»: жыр-опера-кино
«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.
«Қыз Жібек» жыры Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі
«Қыз Жібек» жыры
«Қыз Жібек» жырындағы ұлттық салт – дәстүр көрінісі
Лиро - эпостық жырлар Қыз Жібек жыры
Лиро-эпостық жырлар туралы
«Қыз Жібек» жырынан үзінді
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 19121 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык