Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қыз Жібек» жырындағы ұлттық салт – дәстүр көрінісі


«Қыз Жібек» жырындағы ұлттық салт – дәстүр көрінісі

«Қыз Жібек» жырындағы ұлттық салт – дәстүр көрінісі

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырындағы ұлттық салт – дәстүр көрінісі

Мақсаты: Жырдағы кейіпкерлердің әрекетіндегі ұлттық мәдениеттің қолданылуы.

Міндеттері:

Білімділігі Жырдағы салт-дәстүрдің қолданылуы және оның жырдағы кейіпкерлер бейнесін ашудағы қызметі

Дамытушылығы Жырдағы салт- дәстүрлердің қолданылуын басқа ауыз әдебиетіндегі шығармалармен салыстыру

Тәрбиелілігі Халықтық салт-дәстүрлерді қолдану нәтижесінде адамгершілікке  тәрбиелеу.

Оқытудың әдістері: Сөз, практикалық

Типі: Білік  мен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1) Жыр кейіпкерлері кімдер? Төлеген, Жібек  Шеге, Қаршыға бейнелерін жырдағы іс-әрекеттері арқылы талдап, баға беру.

2) Фильмдегі рольдерді кімдер сомдады?  Фильм  мен жырдың арасында қандай айырмашылық бар?

ІІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі

Оқушылардың пән бойынша бұрынғы білімдерін еске түсіру үшін төмендегі үлгіде сұрақтар қойылады.

1. Бекежан сияқты жастардың қосылуына қарсы болып ,олардың өліміне себеп болған қандай шығарма кейіпкерлерін білесіздер?

2. Ш. Құдайбердіұлының  «Қалқаман- Мамыр» поэмасындағы Мамырды Көкенай неге өлтірді?

3 Жырдың басты кейіпкері Төлегеннің  есімін неге «Төлеген» қойған?

ІV. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі

Ат қою

Азан шақырып ат қою. Бала өміріне мән беру«Төлеген деп қойыпты ұлдың атын Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды.» Ат қою тарихынан айтуҚазақ халқының ат қоюға аса үлкен мән бергендігі. Қазір  балаға ат таңдауда шеттілдік аттарға үйірсектік.

Ү. Жаңа сабақ

Дәстүр

Салт- дәстүр мағынасы

Жырда

Оқиғада Қосымша айтылатын деректер
Қалың мал Күйеу жағының қалыңдық үшін беретін малы «Бұл малды бекер жиып керегі не?

Бермепті ұлының қалың біреуіне «ХХІ ғасырда ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс»

Сүйінші Қуанышты жеткізген адамға берілетін сый-сияпат, жоралғы «Қыз жақпай өз еліңнен жүрсе саған Төлеген сүйінші бар енді маған» Саудагер сұлу қыз туралы  хабар айтады. Бата Игі тілек, алғыс

1. Төлегенге анасы ның бата беруі

2 Сансызбайға Базарбай мен Шегенің бата беруіБатаның түрлері: Ақ бата, сертті бата, теріс бата

Теріс бата Қолды теріс қаратып айтылатын қарғыс түрі. «Егер де біреуің қошемет қылып ерсең мен тұзыма салып, теріс батамды беремін» (69-бет)

 Төлегеннің Жібек еліне кетуіне риза болмауыӘмірге ара түскен Абайға әкесі Құнанбайдың теріс бата бергені

Бата аяқ Екі жақ  уәделескен соң, жігіт тің әкесінің беретін  сыйы«Осының бәрін бата аяққа берсем де құда болармын»Қыз Жібек сөйлеспеген кездегі Төлегеннің ойы

Қалыңдық ойнау Күйеу жігіттің қалыңдығымен жасырын кездесіп жүруі«Төлеген үш ай қалыңдық ойнап, бір күні еліне қайтпақ болып ...»  

Түс көру Ұйқы кезінде елестеген әр түрлі көрініс бейне «Мен бүгін бір түс көрдім, түсімде жаман іс көрдім» «Түсімде бір топ қарға көрдім,- дейді Соңынан бір тұйғының ердім «дейді.» Жібек түс көр генін айтып же ңгесін Төле ген ге жіберген тұсыСансызбай Қоренге қарсы шығар сәті Жеңгесін Жібектіңа тын ата мауы аттер геу салты Қазақ тілінде табу екені еске түсіріледі.

Арыздасу Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған –туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса кешу сұрайды. Аманатын кейінгілерге айтып кетедіЕш жаманға  қор қыл май. Өзің бір алып сүйгейсің Әуелеп ұшқан алты қаз

Етің шекер, сорпаң бал. Төлегеннің өлер кезіндегі соңғы сөзі.

Естірту Біреудің дүние салғанын жақындарына естірту «Жол тосып Қосабада жатып алдым Біреуді мергендікпен атып алдым» Бекежан  арада 8 жыл өткен соң  Жібекке естіртеді Қарашаштың өлімін Жирен шеге, Шоқан ның  өлімін Шыңғысқа естірткен естіртулермен байланыстырылады.

Жұбату Қайғылы адамға күш беру үшін айтылатын сөз «Айналайын, Сансызбай көлге  біткен құрағым» Шегенің Сан сызбайға ағасының өліміне қинал ғанда айтқан жұбаныш сөзі.

Жоқтау Қазаға ұшыраған адамның артында қалған жақындарының қайғылы сарынмен айтатын зары, мұң сөзі

«Жайықтың суы ылай –ай

Көр болды көзім жылай –ай

Төлеген сынды мырзадан

Айырдың өзің, құдай-ай» А. Байтұрсынұлының «23 жоқтау» жинағы  және тарихтағы жоқтаулар туралы айтылды.

Әмеңгерлік Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі “ерден кетсе де, елден кетпек жоқ”, “аға өлсе, іні мұра” деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Сансызбай аға аманатын орындап, Жібекпен қосылады

Бекіту:«Қыз Жібек» фильмінде  екінші бөлім неге түсірілмеген?

Сансызбай мен Жібектің қосылғаны дұрыс па?

І топ «ХХІ ғасырда ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс»

ІІ топ «ХХІ ғасырда ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау міндет емес.»

Қорыту  Сабақ «Әдеттің озығы да тозығы да бар» деген мақалмен қорытылады . Әмеңгерлік қазіргі кезде де жесірін қаңғытпаған , жетімін жылатпаған қазақ отбасыларында әлі де бар. Оған  өзіміз тұратын аймақтағы  кейбір отбасы тағдырлары куә.

Үйге Жырдың көркем тілі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Халық әні және опера
Халық әні және опера
«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.
«Қыз Жібек» жыры
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындағы кейіпкерлер
Жырдағы Қыз Жібек, Төлеген бейнесі
«Қыз Жібек» жыры
Лиро-эпостық жырлар туралы
«Қыз Жібек» жырынан үзінді
Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 70845 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык