Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көңілді достар


Көңілді достар

Көңілді достар

Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты КММ «Көңілді достар»

(8 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Өткізген: Киялбеков Нариман Маликович

Тараз-2014

Күні: 20.10.2014ж

Тақырыбы: Көңілді достар

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілетін және ой ұшқырлығын сынау. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, іскерлігін дамыту. Оқушыларды өзін өзі басқаруға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын Көрнекілік: слайд Сабақтың жоспары: Бәйге Көкпар Байқағыштық

Қызықты сұрақтар Сиқырлы фигура

Сабақтың барысы: Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы, Математика ғылымы жайында «Көңілді достар» сайысын Бастаймыз!

Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! Бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді.

Ортаға «8 мқ», «8 гқ» топтарын шақырамыз. Сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алсақ.

Ойынымыздың шартымен таныстырайын: Бәйге Көкпар Байқағыштық Қызықты сұрақтар Сиқырлы фигура Капитандар сайысы

Топтардың ұрандары

1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым, Арайлап ата берсін әрбір таңын. Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған, От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.

2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе, Әрқашан да үміткерміз жеңіске.

І. Ал енді біз «Бәйге» сайысын бастайық. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі таңбалы ең үлкен сан (99) Сағаттың 3/4 бөлігі қанша? (45 минут) Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15) Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10, 100) Сиқырлы қаптағы сұрақ: Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12) Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жындана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14) √2 қандай сан (иррационал сан) Өздерің оқып жатқан мектептің оқу сыныптары неше қабаттан тұрады? (Екі) ІІ. Көкпар кезеңі. Бұл кезеңде қай ғалымның сөзі немесе енгізген жаңалығы екенін табу керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізуші ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин) «Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам»?(Парсы математигі аль-Хорезми) (787–850) Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0) Жай сандар ұғымын енгізген ғалым кім? (Пифагор) Жай бөлшектер туралы толық мәліметтерді арифметика кітаптарына енгізген Орта Азия математигі кім? (әл-Хорезми) Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған қазақ ғалымы кім? (Әл-Фараби)

ІІІ. Байқағыштық кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар суретте неше үшбұрыш немесе неше квадрат бар екенін анықтайды. Дұрыс тапқан топқа 10 ұпай беріледі. Ж: 14 Ж: 13

IҮ-кезең «Қызықты сұрақ». Бұл кезеңде қатысушылардың есте сақтау қабілетімен ауызша есептеп шығару жүйріктігі байқалады. Жауапбын үш тілде айтады. 1.Бес алған Асанға «бес алма» Төрт алған Досанға « төрт алма» Үш алған Хасанға « үш алма» Екі алған Башанға « екі алма» Барлығы болады неше алма? Ж: 14 (Четырнадцать, forteen ) 2.Сары көлде бар екен алпыс қазы Сол қаздардың екі жүз балапаны Сегіз үйрек, дәл елу қасқалдағы Барлық құстың болады қанша саны? Ж: 318(триста восемнадцать, fhree hundred eighteen ) 3.Бақшаға жақсы аға Көп көп ойыншық келді алып Бір балық, екі есек, Үш үйрек, төрт түлкі, Бес бүркіт, алты арғымақ, Жеті жарғанат, сегіз саусақ, Тоғыз тауық, он торпақ. Болма есепке сен шорқақ, Ауызша, жазбаша қосып шық. Қаншама, жақсы аға Әкелді ойыншық? Ж:55 (пятьдесят, fifty eight) 4.Барлығы қанша қарға Келеді ұшып екі қарға Болады елу әлгі жиын Санағанда демей қиын Болмаңыздар әбігер Табылар ебі бәрібір Айтар есеп шартын кім Теңдеу құру тәртібін Ж:48(сорок восемь, forty eight) 5.Кетті бірге нешеу? Кездесіп бір топ аңменен, Болды отыз бас малменен. Олар кетті һәм достасып, Үш түлкімен қоштасып. Әуре болып құмар босқа, Күлкі болма зерек досқа. Теңдеуді ойлап құрыңыз Сан қанша, айта тұрыңыз. Ж:27 (двадцать семь, twenty seven) 6. Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі Төрт қозылы екі қой Бәрін санап қой Ж: 15(пятнадцать, fifteen)

V-кезең. Сиқырлы фигура. 1-9 дейінгі сандарды пайдаланып, олардың қосындысынан 15 деп алуымыз керек. Ескерте кетейік, бір сан екінші рет қайталанбайды.

VI кезең. Капитандар сайысы.Топ басшылары жарысады.1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек.

1-топ басшысы: 1.Тік төртбұрыш дегеніміз не? (Қарама - қарсы қабырғалары бір-біріне тең төртбұрыш). 2.1 метірде неше дициметр бар? (10дм) 3.Үстелдің 4 бұрышы бар. Екі бұрышын кесіп алсақ,неше бұрыш болады? (6 бұрыш) 4. Шаршының қасиеті қандай? (Барлық қабырға тең) 5.1 т неше кг бар? 1000 кг 6. √27 не шығады? (3√3) 7. Көлемнің неше өлшем бірлігі бар? ұзындығы,ені,биіктігі 8.Алыстан қарағанда жайлауда сиырдың 8 мүиізі көрінді.Сонда жайлауда неше сиыр жайылып жүр? 4 сиыр 9. 5 кг 10. 50 саусақ көріну үшін неше адам керек? 5 адам керек

2-топ басшысы: 1.Шаршы дегеніміз не? Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш 2.1 кг мақта ауыр ма,1 кг тұз ауыр ма? Тең 3.3 қойдың неше аяғы бар? 12 аяғы бар 4. √8 не шығады? (2√2 ) 5. Кесінді дегеніміз не? Екі шеті тұйықталған түзу сызық 6. 1 булка нанның бағасы? 45 теңге 7. 1 метірде қанша сантиметр бар? 100 см 8. Минутпен өрнекте 7 сағ 10 минут? 430 минут 9. 3 кубы нешеге тең? 27 10.680/2 бөліндісі нешеге тең? 240

Ал , осымен ойынымыз да аяқталуға таяп қалды.

Сөз кезегі әділқазылар алқасында.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Қызықты физика
Ондықтарды қосу және азайту. Сайыс сабагы.
Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерге қайталау есептер шығару
Жүзден жүйрік
Математика көшбасшысы
«Математика алғыры»
«Ғажайып математика»
Математика көшбасшысы
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3168 | Қосты: Киялбеков Нариман Маликович | Ілмек сөздер:
avatar
• 2 ноября 2014 07:07
как скачать
avatar
• 2 ноября 2014 12:54
Сәлеметсізбе. Сайтта жөндеу жұмыстары кезінде қателіктер салдарынан кейбір материалдар жүктелмей қалды. Біздің програмистер бұл мәселемен айналысуда 
Келтірілген қиындықтар үшін кешірім сұраймыз.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык